Кезекті VII шақырылған Қорғалжын облыстық мәслихаты депутаттар сайлауының қорытындылары туралы хабарландыру

2021 жылы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округі аумағында Қорғалжын аудандық  мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 5522 азамат енгізілді, оның 4718 адамы немесе 85,55 пайызы бюллетень алды.

Дауыс беруге 4624 адам қатысты, оның ішінде 21 сайлаушы дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері бойынша дауыс беруге қатысты,  79 сайлаушы дауыс беру үй-жайынан тыс жерде дауыс берді.

Сайлауға 3 саяси партия қатысты.

Саяси партияларға дауыс беру кезінде келесі дауыстар берілді:

Қазақстан Халық партиясы - 435 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 9,56 пайызы;

«Nur Otan» партиясы - 3915 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 86,06 пайызы;

«ADAL» саяси партиясы - 199 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 4,37%.

Дауыс беруге қатысқандар санынан сайлаушылар дауысының жеті және одан көп пайызын алған саяси партияларға депутаттық мандаттардың келесі бөлінуі белгіленді:

«Nur Otan»  партиясы - 9 орын;

Қазақстан Халық партиясы - 1 мандат;

 

 Қорғалжын аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
12 января 2021