Көкшетау қалалық мәслихатының VII шақырылымы, депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлау

Көкшетау қалалық мәслихатының VII шақырылымы, депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлау

2021 жылдың 10 қаңтарында бiрыңғай сайлау округiнiң аумағы бойынша сайланатын Көкшетау қалалық мәслихаты депутаттарының кезектi сайлауы өттi.

Аудан бойынша сайлаушылар тiзiмiне 130927 азамат енгiзiлiп, оның iшiнде 70184 адам дауыс беруге қатысты немесе 53,86 пайызы.

Сайлауға 68775 адам қытысты, оның iшiнде дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 577 сайлаушы дауыс бердi.

Сайлауға 4 саяси партия қатысты.

Саяси партиялар үшiн дауыс беру кезiнде келесi дауыс саны берiлдi:

Қазақстан Халық партиясы — 8410 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 12,42 пайызы;

«Nur Otan» партиясы — 48837 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 72,13 пайызы;

«Aқ жол» демократиялық партиясы — 2240 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 3,31 пайызы;

«ADAL» саяси партиясы  — 8220 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 12,14 пайызы;

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жетi және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшiн депутаттық мандаттарды келесi түрде бөлу белгiлендi:

Қазақстан Халық партиясы — 2 мандат.

«Nur Otan» партиясы — 12 мандаттар;

«ADAL» саяси партиясы  — 2 мандат;

Көкшетау қалалық аумақтық сайлау
комиссия