Шортанды аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлама

Шортанды аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлама

2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Шортанды аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау өтті.

Аудан бойынша тізімге 20 544 азамат енгізілді, оның ішінде 17 012 адам немесе 82,8 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.

Дауыс беруге 16 671 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 37 сайлаушы, дауыс беруге арналған жайдан тыс жерде 332 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 4 саяси партия қатысты.

Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны берілді:

Қазақстан Халық партиясы-1 590 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 9,7 пайызы;

«Nur Otan» партиясы-12 468 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 76,05 пайызы;

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы-1 459 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 8,90 пайызы;

«ADAL» саяси партиясы-877 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 5.35 пайызы.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттар мынадай бөлып белгіленді:

 «Nur Otan» партиясы- 9 мандат;

Қазақстан Халық партиясы-1 мандат;

Қазақстанның  «Ақ жол» демократиялық партиясы-1 мандат.

 

Шортанды аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы