Сандықтау аудандық мәслихатының VII шақырылымы депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлау

2021 жылдың 10 қаңтарында бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша сайланатын Сандықтау аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

 Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 13284 азамат енгізіліп, оның ішінде 11213 адам дауыс беруге қатысты немесе 84,41 пайызы.

Сайлауға 10989 адам қытысты, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 191 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 4 саяси партия қатысты.

Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде келесі дауыс саны берілді:

Қазақстан Халық партиясы - 1001 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 9,26 пайызы;

«Nur Otan» партиясы - 8552 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 79,11 пайызы;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы -  1065 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 9,85  пайызы;

«ADAL» саяси партиясы  - 192 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,78  пайызы;

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды келесі түрде бөлу белгіленді:

«Nur Otan» партиясы – 9 мандаттар;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 1 мандат;

Қазақстан Халық партиясы – 1 мандат.

 

 

Сандықтау аудандық

аумақтық сайлау

комиссия

Сандықтау аудандық мәслихатының VII шақырылымы депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлау
Дата публикации
12 января 2021