Есіл аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлама

Есіл аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлама

2021 жылдың 10 қаңтарында бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер бойынша сайланатын Есіл аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

         Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 17567 азамат енгізіліп, оның ішінде 14345 адам немесе 81,65 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды

 Дауыс беруге 14058 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 32 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерде 369 сайлаушы дауыс берді.

 Сайлауға 4 Саяси партия қатысты.

Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны берілді:

 Қазақстан Халық партиясы-1257 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 9,09 пайызы;

 "Nur Otan" партиясы-10049 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 72,71 пайызы;

 "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы-1257 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 9,09 пайызы;

 "ADAL" саяси партиясы-1258 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 9,10 пайызы;

 Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттар белгіленді:

Қазақстан Халық партиясы-1 мандат

 "Nur Otan" партиясы-8 мандат;

 

 "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 1 мандат;

 

"ADAL" саяси партиясы-1 мандат.

 Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы