Ақкөл аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлама

2021 жылдың 10 қаңтарында бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша сайланатын Ақкөл аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

 Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 17484 азамат енгізіліп, оның ішінде 14172 адам сайлау бюллетенін алды немесе 81,06 % .

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жалпы саны 13889 адам, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 23 сайлаушы,  дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 194 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 4 саяси партия қатысты.

Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны берілді:

 «Nur Otan» партиясы – 10663  дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 78,10 пайызы;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы -  1160 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 8,50  пайызы;

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы - 1106 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 8,10 пайызы;

«ADAL» саяси партиясы  - 724 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 5,30  пайызы;

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының жеті және одан көп процентін алған саяси партиялар  арасында депутаттық мандаттарды бөлу келесі түрде белгіленсін :

 «Nur Otan» партиясы – 9 мандат;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 1 мандат;

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 1 мандат.

Ақкөл аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

Дата публикации
12 января 2021