VІІ шақырылымның Астрахан аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлама

2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Астрахан аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау өтті.

Аудан бойынша тізімге 15976 азамат енгізілді, оның ішінде 12929 адам немесе 80,93   пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.

Дауыс беруге 12671 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 47 сайлаушы, дауыс беруге арналған жайдан тыс жерде 304  сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 4 саяси партия қатысты.

Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны берілді:

Қазақстан Халық партиясы - 1 076 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  8,64   пайызы;

«Nur Otan» партиясы - 9 701 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  77,89  пайызы;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 1 078 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 8,66   пайызы;

 «ADAL» саяси партиясы - 600 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 4,82  пайызы.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттар мынадай бөлып белгіленді:

 «Nur Otan» партиясы- 9 мандат;

Қазақстан Халық партиясы-1 мандат;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы -1 мандат.

Астрахан аудандық аумақтық сайлау  комиссиясы

Дата публикации
12 января 2021