Бурабай аудандық мәслихаттың VII шақырылымы депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлама

Бурабай аудандық мәслихаттың VII шақырылымы депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлама

2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Бурабай аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау өтті.

Аудан бойынша тізімге 52 350 азамат енгізілді, оның ішінде 35 937 адам немесе 68,65 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.

Дауыс беруге 35 239 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 110 сайлаушы, дауыс беруге арналған жайдан тыс жерде 878 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 5 саяси партия қатысты.

Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны берілді:

Қазақстан Халық партиясы - 2 458 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7,12 пайызы;

«Nur Otan» партиясы - 26 597 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 77,02 пайызы;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 2 452 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 7,10 пайызы.

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы - 1 522 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 4,41 пайызы;

«ADAL» саяси партиясы - 1503 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 4,35 пайызы.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттар келесідей бөлып белгіленді:

«Nur Otan» партиясы - 12 мандат;

Қазақстан Халық партиясы - 1 мандат;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 1 мандат.

 

Бурабай аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы