Меню

Страницы

Статья

Степногорск қалалық мәслихаты депутаттарының кезектi сайлауының қорытындылары туралы хабарлама

2021 жылғы 10 қаңтарда бiрыңғай сайлау округiнiң аумағы бойынша Степногорск қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау өттi.

Қала бойынша тiзiмге 48 167 азамат енгiзiлдi, оның iшiнде 38 189 адам немесе 79,28 пайызы сайлау бюллетеньдерiн алды.

Дауыс беруге 37 466 адам қатысты, оның iшiнде есептен шығару куәлiктерi бойынша 14 сайлаушы, дауыс беруге арналған жайдан тыс жерде 557 сайлаушы дауыс бердi.

Сайлауға 4 саяси партия қатысты.

Саяси партиялар үшiн дауыс беру кезiнде мынадай дауыс саны берiлдi:

Қазақстан Халық партиясы-3 366 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 9,14 пайызы;

«Nur Otan» партиясы-30 116 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 81,80 пайызы;

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы-3 080 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 8,37 пайызы;

«ADAL» саяси партиясы-254 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,69 пайызы.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жетi және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшiн депутаттық мандаттар мынадай бөлып белгiлендi:

«Nur Otan» партиясы- 10 мандат;

Қазақстан Халық партиясы-1 мандат;

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы-1 мандат.

Степногорск қалалық

аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
12 января 2021
Дата обновления
12 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

10 марта 2026
10 марта 2026
10 марта 2026

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты