Жылжымайтын мүлікке техникалық паспорт жоғалған жағдайда жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша ХҚКО-ға өтініш беру немесе онлайн-қызмет арқылы өтінім беру қажет, бұл ретте құжаттың телнұсқасын жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша ХҚКО-дан алу қажет.
Өтінішке жеке басын куәландыратын құжатты, техникалық паспорттың телнұсқасын беру үшін төлемді растайтын құжатты қоса беру қажет.
Пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге, жеке тұрғын үйлерге, гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық паспорттың телнұсқасын қалпына келтіру үдерісі 1 жұмыс күнін алады, жалпы ауданы 1000 шаршы метрге дейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне 2-ші жұмыс күні беріледі, жалпы ауданы 1000 шаршы метрден асатын объектілерге 3-ші жұмыс күні беріледі.