Паспорт ҚР Ішкі істер министрлігі "Азаматтарға арналған үкімет" (ХҚКО) КЕАҚ филиалдары арқылы беріледі. Куәлікті ресімдеу үшін мемлекеттік баждың құны (36 бет) – 8 АЕК. 16 жасқа дейінгі балаларға (24 бет) төлқұжат беру үшін мемлекеттік баждың құны – 4 АЕК. Ресімдеу мерзімі – 15 жұмыс күні. Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін:
облыстардың аудандары мен қалалары үшін:
|
2024 жылдан бастап кәмелетке толған азаматтар қалауы бойынша 36 немесе 48 беттен тұратын паспортқа ресімдей алады. Туғаннан бастап 16 жасқа дейінгі балаларға 24 беттік паспортпен, бұл ретте 14 жасқа дейінгі балаларға паспорттың қолданылу мерзімі 5 жылды, 14 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға қолданылу мерзімі 10 жылды құрайды.
Паспорт жоғалған немесе ұрланған жағдайда cіз «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ кез келген филиалына (ХҚКО-ға) төмендегі құжаттарды ұсына отырып, жүгіне аласыз:
Егер төлқұжат Қазақстаннан тыс жерде жоғалған болса, азаматтар ҚР консулдық мекемесіне жүгінуі қажет, онда олар ҚР-ға кіру және оның аумағы арқылы тұрақты тұрғылықты жеріне өту үшін жарамды қайтару куәлігін алады.
Келгеннен кейін паспортты қалпына келтіру үшін шұғыл түрде уәкілетті органдарға жүгіну қажет.