2023 жылғы 16 қарашадан бастап Әскери есепке алу қағидаларына өзгерістер қолданысқа енді, оларға сәйкес бейбіт уақытта тіркеу туралы куәліктер берудің күші жойылды, ал әскери билеттер әскери қызметтің не құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметтің белгіленген мерзімінен өткен; запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлықтың толық курсын әскери кафедраларда аяқтаған; Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша өтеулі негізде әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өткен адамдарға ғана беріледі.
Әскери билеттi қасақана бүлдiру, сол сияқты оны иесiнiң кiнәсiнен жоғалту ескерту жасауға немесе 5 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Әскери билет жоғалған (бүлінген) кезде сіз www.gov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы телнұсқа алу үшін әскери есепке алу құжатын қасақана бүлдіргені немесе жоғалтқаны үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының электрондық көшірмесін не көрсетілетін қызметті алушыға байланысты емес мән-жайлар бойынша жоғалу не бүліну фактісін растайтын уәкілетті мемлекеттік органнан анықтаманы ұсыну арқылы жүгіне аласыз.
Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада әскери билеттің телнұсқасы 7 жұмыс күні ішінде, аудандарда 5 жұмыс күні ішінде беріледі.