Оның негізінде құқықтық кадастрда тіркеу жүргізілген жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың түпнұсқасы (куәландырылған көшірме) жоғалған немесе бүлінген жағдайларда құқық белгілейтін құжатты қалпына келтіру тіркеу ісінде (тіркеуші органның) сақталатын көрсетілген құжаттыңкөшірмеден телнұсқа беру арқылы жүзеге асырылады.
Тіркеу ісінде электрондық құжаттың қағаз көшірмесі ғана болса, құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын нотариус береді.
Өтінішке жеке куәлік пен телнұсқа беру үшін мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртекті немесе төлем туралы чекті қоса беру қажет.
Өтініш түскен сәттен бастап мемлекеттік қызмет 3 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.