Жүргізуші куәлігі жоғалған кезде не істеу керек

Инструкция

Жүргізуші куәлігі «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ мамандандырылған филиалдары (Мамандандырылған ХҚКО) арқылы ҚР Ішкі істер министрлігімен беріледі.

Жүргізуші куәлігін рәсімдеуге мемлекеттік баж құны – 1,25 АЕК.

Рәсімдеу мерзімі – 2 сағат (емтиханға жұмсалған уақытты есептемегенде).

 

Жүргізуші куәлігін жоғалтқан жағдайда сізге келесі құжаттармен Мамандандырылған ХҚКО-ға жүгіну қажет:

  • жеке куәлік;
  • 073/у нысаны бойынша медициналық анықтама (жүргізуші куәлігінің мерзімі өткен жағдайда ғана ұсынылады);
  • мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек (құны – 1,25 АЕК). Кассаға кезекте тұрмау үшін Сіз онлайн-сервис арқылы жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік бажды төлей аласыз немесе өтініш берген кезде QR коды арқылы электрондық төлем жасай аласыз.
{"id":16158,"source_id":3160,"title":"Жүргізуші куәлігін алу және ауыстыру үшін мемлекеттік баж алым","service_code":"P20.47","service_link":"https://egov.kz//services/P20.47/#/declaration/0//"}

Уақытты үнемдеу үшін Мамандандырылған ХҚКО-да кезекті брондауды ұсынамыз

{"id":17471,"source_id":3134,"title":"ХҚКО-да кезекті брондау","service_code":"SR.06","service_link":"http://egov.kz/services/SR.06/"}

Олардың орнына иелеріне басқа жүргізуші куәлігі берілген табылған жүргізуші куәліктері жаңа жүргізуші куәлігі берілген сәттен бастап өзінің заңдық күшін жоғалтады және белгілеген тәртіппен жою үшін міндетті түрде ТЕБ-ке тапсыруға жатады.

Дата обновления - 05.05.2025
Справочная информация
16132