Негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқалары және оларға қосымшалар жоғалған немесе жарамсыз болып қалғандардың орнына, сондай-ақ өзінің тегін (атын, әкесінің атын) өзгерткен адамдарға беріледі.
Негізгі орта, жалпы орта білім туралы аттестатты немесе техникалық және кәсіптік білім туралы дипломды қалпына келтіру үшін білім беру ұйымы басшысының атына өтінішті ХҚКО немесе білім беру ұйымының кеңсесі немесе www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жіберу қажет.
Оң шешім қабылданған жағдайда ұйым қызметкерлері құжаттың телнұсқасын курьерлік және пошта байланысы арқылы Мемлекеттік корпорацияға жібереді.