Көлікке мемлекеттік нөмір жоғалған кезде не істеу керек

Инструкция

Мемлекеттік нөмір жоғалған ауданда сізге табылған заттар бюросына жүгіну қажет. Бұдан әрі, егер сіздің мемлекеттік нөміріңіз табылмаса, онда сізге жаңа МТНБ алу үшін онлайн-қызмет арқылы сұраныс жіберу немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ мамандандырылған бөлімдеріне мемлекеттік нөмірді жоғалту туралы еркін нысандағы өтінішпен жүгіну қажет.

Бұл жағдайда екі нұсқа бар немесе МТНБ телнұсқасына өтініш беру (МТНБ телнұсқасын дайындау мерзімі Астана және Алматы қалалары үшін 5 жұмыс күнін құрайды, Шымкент қаласы және облыстар үшін 15 жұмыс күнін құрайды) немесе ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 341 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес 90 минут ішінде дайын нәтижені ала отырып, техпаспортты (КҚТК) және мемлекеттік нөмірлерді (МТНБ) ауыстыруды жүргізу.

Телнұсқа алуға онлайн-сұраныс жіберу үшін мына қызметты пайдаланыңыз:

{"id":17068,"source_id":4010,"title":"Көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын беру","service_code":"REG06","service_link":"http://egov.kz/services/REG06/"}

МТНБ телнұсқасына өтініш берген кезде бір МТНБ телнұсқасына беру мүмкіндігі бар, онда төлем бір МТНБ үшін 1,4 АЕК мөлшерінде, екі МТНБ үшін 2,8 АЕК мөлшерінде болады.

МТНБ ауыстыруға өтініш берілген жағдайда, тиісінше техпаспортты ауыстыру жүргізіледі және мемлекеттік баж сомасы МТНБ үшін 2,8 АЕК, КҚТК үшін 1,25 АЕК, мемлекеттік алым 0,25 АЕК құрайды.

Қажетті құжаттар:

  • Жоғалту туралы өтініш;
  • Жеке куәлік (сәйкестендіру үшін);
  • Көлік құралын тіркеу туралы куәлік (техпаспорт);
  • ҚР заңнамасына сәйкес салық төлеуші болып табылмайтын тұлғалар үшін-салық төлеуден босату құқығын растайтын құжаттар.

Уақытты үнемдеу үшін Мамандандырылған ХҚКО-да кезекті брондауды ұсынамыз

{"id":17471,"source_id":3134,"title":"ХҚКО-да кезекті брондау","service_code":"SR.06","service_link":"http://egov.kz/services/SR.06/"}
Дата обновления - 19.09.2022
Справочная информация
"Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы
1872