ЖКО жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік

Инструкция

Қылмыстық жауаптылық

Егер Жол қозғалысы қағидаларын бұзу адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы немесе ауыр зиян келтіруге не адамның өліміне әкеп соқса, кінәлі тұлға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Туындаған зардаптардың ауырлығына қарай сот мынадай жазаларды тағайындауы мүмкін:

  • айыппұл;
  • түзеу жұмыстары;
  • қоғамдық жұмыстарға тарту;
  • бас бостандығын шектеу;
  • бас бостандығынан айыру;
  • белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан, оның ішінде көлік құралдарын басқару құқығынан айыру.

Жол қозғалысы қағидаларын бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 және 345-1-баптарында көзделген.

Дата обновления - 20.07.2026
Справочная информация
«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V Кодексі
8259