Медициналық куәландыру

Инструкция

Медициналық куәландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаңдық күйін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Куәландыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген тәртіпке сәйкес мемлекеттік медициналық ұйымдарда медицина қызметкерлері тарапынан жүргізіледі.

Медициналық куәландыруға жіберуге масаңдықтың сыртқы белгілері немесе заңнамада көзделген өзге де мән-жайлар негіз бола алады.

Полиция қызметкерінің заңды талабына сәйкес медициналық куәландырудан өтуден бас тарту Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

Дата обновления - 20.07.2026
Справочная информация
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығы.
9133