Мобильді қосымшалар
Астана тұрғындарының мәселелерін шешетін мобильді қосымшалар
Толығырақ
102
Полиция103
Жедел жәрдем104
Газ қызметі109
Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығы101
Өрт сөндіру қызметі102
Полиция103
Жедел жәрдем104
Газ қызметі109
Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығы101
Өрт сөндіру қызметі102
Полиция103
Жедел жәрдем104
Газ қызметі
Қазақстанның жаңа астанасын салу идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Нұр-Сұлтан ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі.

Қазіргі уақытта Астананың аумағы 722 шаршы шақырымнан асады, халық саны - 1 млн. адамнан астам. Қала төрт ауданнан - «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл» және «Байқоңыр» ауданынан тұрады.
Астана Қазақстанның орталығында құрғақ далалық өлкеде, құрғақ бозды-бетегелі дала аймағында орналасқан. Қала аумағы аласа терраса – жайылма жер бедері түрінде келеді.
Есіл өзені елорданың басты су көзі саналады. Ауа райы күрт континентальды – қысы суық әрі ұзақ, жаз мезгілі ыстық және бірқалыпты қуаң. Еуразия құрлығының ортасында қолайлы орналасуы Нұр-Сұлтанды экономикалық тұрғыдан тиімді көлік, қатынас және логистика орталығына, Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік транзиттік көпірге айналдырды.

Қала экономикасының қарқынды дамуы көптеген инвесторлар үшін тартымды болып отыр. Астанаға тартылған инвестициялардың республикалық көлеміндегі үлесі - 10%, республика экономикасындағы ЖӨӨ үлесі - 10,2%. Республикалық тартылған инвестициялардың көлеміне Астананың үлесі республика экономикасында қаланың ЖӨӨ үлесі 10,2% құрайды. Елорда экономикасының негізін - өнеркәсіптік өндіріс, көлік, байланыс, сауда және құрылыс құрайды.
Өнеркәсіп өндірісі негізінен құрылыс заттарын, азық-түлік өнімдерін/сусыншығару мен машина жасау ісі төңірегіне шоғырландырылған. Астана Қазақстанда құрылыс металл бұйымдарын, пайдалануға дайын бетон және бетоннан жасалған құрылыс заттарын шығару жөнінен алдыңғы орынды иеленеді.
Қаланың ірі кәсіпорындары қатарында Целиноград вагон жөндеу зауытын, «Цесна-Астық» концернін, «Тұлпар-Тальго» ЖШС жолаушылар вагонын құрастыру зауытын, «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС тікұшақ құрастыру зауытын айтуға болады.
Қала Қазақстандағы ірі бизнес орталығының біріне айналды. Кәсіпкерлік мәдениеті қарыштап дамып келеді – Нұр-Сұлтанда 128 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді. Астана тұрғындарының орташа номинальды айлық жалақысы 154 мың теңге шамасында.
Елорда құрылыс ауқымы жөнінен елде көш бастап тұр. Астана мәртебесін алғалы бері қалада 10 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды. Астана құрылысына жүздеген отандық және шетелдік құрылыс компаниялары қатысты.

«Бәйтерек» кешені жаңа елорданың басты символына, оның өзіндік бойтұмарына айналды. Өзге де бірегей сәулеткерлік ғимараттар қатарында белгілі британдық архитектор Норман Фостердің жобасы бойынша пирамида үлгісінде салынған «Бейбітшілік және келісім» сарайын, әлемдегі ең биік шатыр үлгісіндегі ғимарат – «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығын, теңізден алыс орналасқан океанариум – «Думан» орталығын, «Астана опера» опера және балет театрын, Орталық Азиядағы ірі мешіт – «Әзірет Сұлтан» мешітін, Әулие Үспен Богородица кафедралдық соборын, Әулие Мария Архиепархиясы рим-католиктік кафедралдық соборын, «Бейт Рахель Хабад Любавич» синагогасын, «Қазақстан» орталық концерт залын, «Қазақ Елі» монументін, Қазіргі заманғы өнер музейі мен Президенттік мәдени орталық ғимараттарын атауға болады.

Мұнда отандық білім беру ісінің жетекшілері – Назарбаев Университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Қазақ ұлттық өнер университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалы, Астана медициналық университеті орналасқан.

Елордада тұрақты негізде әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері, Астана экономикалық форумы және басқа да халықаралық маңызды іс-шаралар өтеді. Нұр-Сұлтанда ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті, ШЫҰ мен ИЫҰ-ның мерейтойлық саммиттері болып өтті. 2011 жылдың басында республиканың елордасы VII Қысқы Азия ойындарының қатысушылары мен қонақтарын қабылдады. 2017 жылы Нұр-Сұлтанда «Expo-2017» халықаралық көрмесі өтті.
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды.
Нұрсұлтан Назарбаев Астананың 10-жылдық мерейтойына арналған өзінің бағдарламалық сөзінде жаңа елордалық қаланың даму философиясын өте анық және бейнелі түрде айқындап берді:
«Осында, ежелгі Сарыарқа жерінде тек астана емес, еліміздің болашақ бесігі өмірге келді. Астана тарихы мен қазақстандықтардың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз. Елорда біздің республикамыздың күш-қуатының іске асуының, динамикалық дамуының және тұрақтылығының көрінісі. Астана барша қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай қадам басқан жарқын, қуатты, гүлденген қалаға айналды. Біздің елордамыз Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символы болып табылады. Бүгінде Астанада, Қазақстанның барлық өңіріндегі сияқты, жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Халықтар достығы, өзара түсіністік және ынтымақтастық – Астананы және жаңа Қазақстанды құрудың негізі, міне, осылар».

Осы атаудың шығуының бірнеше нұсқасы бар.
Біріншісі Ақмола қаласы ақ түсті әктен жасалған қырқаның құрметіне аталған.
Екінші нұсқа византиялық автор Прокопиуске тиесілі. Ол өзінің еңбектерінде ғұндар «мола» деп биік қырқаны немесе бекіністі атаған деп жазған.
Және үшінші нұсқа: Ақмола әрқашан ет және сүт өнімдерінің (қымыз, айран, құрт, шұбат және т.б.) молшылығымен және әртүрлілігімен танымал мүйізді мал жәрмеңкесінің басты орталығы болды.
Тиісінше, қаланың атауы «ақ киелі орын» немесе «ақ молшылық» деп аударылады.
Қазақ Кеңес энциклопедиясында «Ақмола - бұл төртбұрышты қабырғаларының үстіне киіз үйдің жоғарғы бөлігіне немесе жарты шарға ұқсас күмбез тұрғызылған ақ тастан жасалған құрылыс» деп жазылған. Күннің көзінде жарқыраған күмбез алыстан көрініп тұрды, бұл Есіл өзенінің жағасына ерекше сұлулық берді. Сондықтан Ақмола атауы осы аймақтың атауы болды.
Ақмоланың даласы көне заманнан бері түрлі мәдениеттер мен өркениеттер кездесетін орын болған. Б.з.д бірінші мыңжылдықтың ортасында тарихшы Геродот дәл осы жерден өткен Ұлы Дала (кейінірек Ұлы Жібек жолы) арқылы өтетін маршрутты атап өткен. Керуен жолдары дәстүрлі түрде мал және ауыл шаруашылығымен айналысқан қалаларда сауданың және қолөнер кәсiпшiлiгінің өркендеуіне ықпал етті.
1992 жылы Целиноград Ақмола деп қайта аталды. 1994 жылдың 6 шілдесінде елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы қабылданды.

Солтүстік провинциялық қалашықтыңтарихындағы ең елеулі кезеңдердің бірі КСРО партиясы мен үкіметінің тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қабылдауымен басталды. Жас энтузиастар Кеңес Одағының барлық қалаларынан КПСС ОК бас хатшысы Н.Хрущевтің идеяларын өмірге келтіруді бастады. 1954 жылғы 2 наурызда Алматыдан еріктілер мінген бірінші эшелон, ал 5 наурызда - мәскеулік тың игерушілер эшелоны келді. Тарихи деректерге сәйкес, тек 1953 жылдан бастап 1958 жылға дейінгі кезеңде Ақмола облысына 270 мың адам келді. Осы уақытқа дейін Қазақстанның жас астанасында сол алғашқы тың игерушілердің балалары мен немерелері тұрады.
Тың жерлерді игеруге орай Ақмола облысы елдің ең басты астықты аймағына және ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың ірі орталығына айналды. 1953-1956 жылдар ішінде облыста 3,5 млн.га тың жер көтерілді. Қала өркендеп дами бастады және 1960 жылы 26 желтоқсанда Астықты өңірді құру туралы жарлық шықты. Ал 1961 жылдан бастап қала Целиноград атала бастады.
Қазақстанда астанасы Целиноград болатын Астықты өңірді құру сияқты Н. Хрущевтің тағы бір идеясын орындау мақсатында КСРО Министрлер кеңесінің қаулысы қабылданып, қаланы дамытудың бас жоспары, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс бағытта ескі құрылысты қайта жарақтау және жаңа құрылысты дамыту жоспары әзірленді. 1963 жылы 6 қарашада Целиноградта телеорталық жұмыс істей бастады. Ол кезде латвиялық сәулетшілер П.Ю. Фогелс, О.Н. Крауклис, Д.К. Даннебергтіңжобасы бойынша салынған Тың игерушілер Сарайы ашылды. Ол 2 355 орынға есептелген. Көлемі мен жабдықтар жүйесі бойынша ол кездегі Кремльдің съездер сарайынан кейінгі КСРО-да екінші саналды.
Бір уақытта КОКП ОК Бас хатшысы Никита Хрущевтің ойы жүзеге аспады - қала тың аймағының ресми астанасы болмады. Бірақ дәл ол болашақта егемен Қазақстанның жаңа астанасы болуға тиіс еді. Бұл ретте, тарихи өлшем бойынша қалаға бұл жоғары мәртебені күту ұзақ уақытқа созылған жоқ.

+7 (7172) 55-64-61, 55-75-04, 55-75-89, 55-72-56, 55-64-86
office_akimat@astana.kz
Астана тұрғындарының мәселелерін шешетін мобильді қосымшалар
Толығырақ
Бұл бөлімде сұрақтарыңызды талқылау және мәселелерді шешу үшін сізге жедел байланысуға мүмкіндік беретін ақпарат пен сервистер жинақталған
Астана тұрғындарының мәселелерін шешетін мобильді қосымшалар
Толығырақ
Бұл бөлімде сұрақтарыңызды талқылау және мәселелерді шешу үшін сізге жедел байланысуға мүмкіндік беретін ақпарат пен сервистер жинақталған



