Жиі қойылатын сұрақтар

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және кепілдендірілген тегін медициналық көмек (КТМК) аясында мемлекет белгілі бір пациенттер категориясына — дәрігердің рецепті бойынша тегін дәрі-дәрмек береді.

Дәрі-дәрмекті рецепті бойынша қалай алуға болады:

  • Өз емханаңыздағы дәрігерге барыңыз (участкелік терапевт немесе профильдік маман);
  • Дәрігер сіздің жағдайыңызды бағалап, қажет болған жағдайда рецепт береді:
  • көбінесе электронды рецепт болып, базаға тіркеледі;
  • ерекше жағдайларда қағаз түрінде рецепт берілуі мүмкін.
  • Рецептпен (немесе ЖСН арқылы) МӘМС бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін жақын жердегі дәріханаға барыңыз.

Дәрі-дәрмектер қайда беріледі:

  • Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) келісімшарт жасаған дәріханаларда;
  • Дәріханалардың тізімін емханада немесе fms.kzсайтынан анықтауға болады;
  • Дәрі-дәрмектер электронды рецепт болған жағдайда ЖСН бойынша беріледі, қағаз рецепт қажет емес.

Құқық иелері:

  • МӘМС шеңберінде ем алып жатқан тұлғалар;
  • Мемлекеттік бағдарлама тізіміне енгізілген созылмалы аурулары бар пациенттер;
  • 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, мүгедектер және басқа жеңілдік санатындағы азаматтар.

Маңызды:

  • Тегін дәрі-дәрмектер бекітілген тізім бойынша ғана беріледі;
  • Егер дәрі-дәрмек тізімге кірмесе — оны өзіңіз сатып алуыңыз керек;
  • Рецепттің жарамдылық мерзімі — әдетте 1 ай, ал есірткілік, психотроптық және күшті заттарды қамтитын дәрі-дәрмектерге берілетін рецепт 15 күннен аспайды, нақты мерзімін дәрігерден сұраңыз.