Жер учаскелерін жеке меншікке беру, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылардың жалға беруі кезінде олардың кадастрлық (бағалау) құнын айқындау үшін аймақтардың шекаралары мен түзету коэффициенттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Астана қаласының әкімдігі «Ашық НҚА» интернет-порталында Астана қаласы мәслихатының «Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 185/30-IV «Жер учаскелерін жеке меншікке беру, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылардың жалға беруі кезінде олардың кадастрлық (бағалау) құнын айқындау үшін аймақтардың шекаралары мен түзету коэффициенттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы орналастырылғанын хабарлайды.
Шешім жобасы Астана қаласының аумағындағы жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау кезінде қолданылатын бағалау аймақтарының шекаралары мен тиісті түзету коэффициенттерін өзектендіру мақсатында әзірленді.
Өзгерістер енгізу қажеттілігі елорданың қарқынды дамуымен, жаңа аумақтарды игеру және салумен, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытумен, сондай-ақ экономикалық жағдайлар мен жер нарығындағы ахуалдың өзгеруімен байланысты.
Жобада көрсетілген шешімге қосымшаларды жер учаскелерін жеке меншікке беру, сондай-ақ мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға беру кезінде қолданылатын бағалау аймақтарының өзектендірілген шекаралары мен тиісті түзету коэффициенттерін ескере отырып, жаңа редакцияда жазу көзделеді.
Жобаны іске асыру бағалау аймақтарының шекаралары мен түзету коэффициенттерін қаланың қазіргі даму жағдайларына сәйкестендіруге, жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау кезінде қолданылатын көрсеткіштердің өзектілігін және оларды бірізді қолдануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осыған байланысты Астана қаласының әкімдігі барлық мүдделі тұлғаларды аталған жобаны жария талқылауға қатысуға шақырады. Жобамен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15943824.
13