
Астанада 17-27 қазан күндері Республика күніне орай «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтеді. Акциялар аясында елорда тұрғындары мен қонақтары азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларды арзан бағада сатып ала алады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Мерекелік жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстардың негізгі кезеңі 21-27 қазан аралығында өтеді. Бұл күндері елорданың сауда орталықтары мен дүкендерінде түрлі тауарларға жеңілдіктер мен жаппай сатылымдар ұйымдастырылады.
Акцияларды Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қолға алды.
Акциялардың мақсаты – тұрғындар үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыру, отандық өндірушілерді қолдау және ішкі сауданы дамыту.
Астанада «Republic Day» акциясына 10 сауда-ойын-сауық орталығы, ал «Bereke Fest» акциясына түрлі сауда желілерінің 48 сауда нысаны қатысады.
«Republic Day» акциясына қатысатын сауда нысандарының тізімі:
• «Mega Silk Way» СОСО – Қабанбай батыр даңғылы, 62.
• «Хан Шатыр» СОСО – Тұран даңғылы, 37.
• «Аружан» СОСО – І. Жансүгіров көшесі, 8/1.
• «Сарыарқа» СОСО – Тұран даңғылы, 24.
• «Asia Park» СОСО – Қабанбай батыр даңғылы, 21.
• «Даму мол» СОСО – Ж. Нәжімеденов көшесі, 26.
• «Green Mall» СОСО – Сығанақ көшесі, 17Б.
• «Koktal» СОСО – Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12А.
• «Жібек жолы» СОСО – Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 34.
• «NCITY» СОСО – Тұран даңғылы, 53В.
«Bereke Fest» акциясына қатысатын сауда нысандарының тізімі:
«Magnum» сауда желісі
1. Тұран даңғылы, 55Д.
«Астықжан» сауда желісі
2. Ақжол көшесі, 28.
3. Ж. Нәжімеденов көшесі, 26.
4. Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 15.
«SMALL» сауда желісі
5. Сұбханбердин көшесі, 2/1.
6. Бөгенбай батыр даңғылы, 26.
7. Абай даңғылы, 48, «Жаннұр» сауда үйі.
8. Кенесары көшесі, 4, «Эмират» ТК.
9. Абылай хан даңғылы, 27/3, «Азия Сити» сауда үйі.
10. Тұран даңғылы, 65.
11. Қабанбай батыр даңғылы, 21, «Asia Park» СОСО.
12. Қабанбай батыр даңғылы, 6/2.
13. Шыңғыс Айтматов көшесі, 44.
14. Достық көшесі, 18, «Москва» БО.
15. Масаты көшесі, 24.
16. Ұлы Дала даңғылы, 88.
17. Қошқарбаев даңғылы, 15А.
18. С. Асфендияров көшесі, 1.
19. Жұмекен Нәжімеденов көшесі, 34А.
20. Сығанақ көшесі, 1Б, «Tumar» сауда үйі.
21. А. Байтұрсынұлы көшесі, 34, «Jibek Joly» СОСО.
«SPAR» сауда желісі
22. Кенесары көшесі, 38.
23. Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 21, «Балқадиша» ТК.
24. Әнет баба көшесі, 7, «Қыран» ТК.
«АНВАР» сауда желісі
25. Тұран даңғылы, 45.
«Greenwich» сауда желісі
26. Қорғалжын тасжолы, 43.
27. А. Байтұрсынұлы көшесі, 29А.
«ВКУСМАРТ» сауда желісі
28. Кенесары көшесі, 80.
«Фермаг» сауда желісі
29. Қабанбай батыр даңғылы, 9/2
30. Мәңгілік Ел даңғылы, 53
31. Ұлы Дала даңғылы, 61
32. Иманбаев көшесі, 7А
33. Қошқарбаев даңғылы, 56
34. Аманжолов көшесі, 32
35. Мұхамедханов көшесі, 19
36. Төле би көшесі, 46
37. Төле би көшесі, 57
38. Бөкейхан көшесі, 8
39. Бөкейхан көшесі, 20
40. Сарайшық көшесі, 8
41. Ұлы Дала даңғылы, 27
42. Конституция көшесі, 22
43. Алматы көшесі, 11
44. Сығанақ көшесі, 2
45. Әл-Фараби көшесі, 9/1
46. Қалдаяқов көшесі, 17
47. Тыныбаев көшесі, 18
48. Ұлы Дала даңғылы, 41/4
Астананың Орталық саябағында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаңа тренажерлер орнатылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жаңа тренажерлердің арқасында арбаға таңылған адамдар ашық ауада оңалту жаттығуларын жасай алады.
Саябақта мынадай тренажерлер пайда болды:
• аяқты қалпына келтіруге арналған тренажер;
• қолға арналған тренажер;
• Бубновскийдің кроссовері.
Жаңа спорт алаңы Орталық саябақта, амфитеатр мен «The St. Regis Astana» қонақүйінің арасында орналасқан.
Елорда прокуратурасы күзгі демалыс қарсаңында Ы. Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясының оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Кездесу барысында оқушыларға заң талаптары, негізгі қауіпсіздік шаралары, күзгі демалыс кезіндегі тәртіп ережелері және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жолдары түсіндірілді.
Сонымен қатар күнделікті өмірде кездесетін құқықтық мәселелер талқыланды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті түсініктемелер алды.
Мұндай кездесулер кәмелетке толмағандардың құқықтық сауатын арттыруға, заңға құрметпен қарауды қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жүйелі профилактикалық жұмыстың бір бөлігі саналады.
Астанадағы Қуыршақ театрында грузиялық режиссер Николаз Сабашвилидің «Қағазды жаңбыр» атты жаңа қойылымы көрерменге жол тартты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қойылымның оқиғасы шағын қалашықтан басталады. Мұндағы адамдардың тіршілігі қарапайым болғанымен, өмірлері мәнді. Олар бір-бірімен емен-жарқын араласып, әңгіме-дүкен құрып, бірге уақыт өткізеді. Қуанышын бөлісіп, қиындықта қолдау көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, олар бір-бірінің барын бағалап, адами қарым-қатынастың қадірін сезініп өмір сүріп жатады. Алайда бір күні осы қалыпты тіршілікке өркениеттің жаңа белгілері ене бастайды. Алдымен теледидар пайда болады. Әуелде жұрт оның не екенін де, қалай іске қосылатынын да білмейді. Кейін біртіндеп жаңа технологияға үйреніп, экранға телміруді әдетке айналдырады. Уақыт өте келе адамдардың назары бір-бірінен алыстап, теледидарға ауа бастайды. Бұрын жүзбе-жүз отырып сөйлесетін жандар енді бір бөлмеде болғанымен, әрқайсысы өз әлеміне еніп кетеді.
Бұдан кейін экрандардың орнын жаңа технологиялар мен виртуалды әлем басады. Адамдар тағы да жаңалыққа ұмтылып, бұрынғысынан да өзгеше дүниені іздейді. Бірақ технология дамыған сайын, олардың өзара байланысы тереңдей түсудің орнына, алшақтай береді. Бір-бірінің көзінен қуаныш іздеген, көңіл күйін қабағынан ұққан адамдар бірте-бірте тірі қарым-қатынастан алыстайды. Ақырында адам өзі жасаған дүниенің жетегінде кетіп, механикалық тіршілікке бой алдырады. Осы жағдайдан кейін технологияны дүниеге әкелген адамның өзі оның көзін жоюға мәжбүр болады. Бұл әрекеттен соң ғана адамдар қайтадан бір-біріне жақындап, тілдесіп, шынайы қарым-қатынасқа оралады.
«Қағазды жаңбыр» – заманауи технологиялардың зияны туралы ғана қойылым емес. Оның астарында «Біз өркениетке ұмтыламыз деп, өзімізді бір-бірімізден алыстатып алған жоқпыз ба?» деген адамзатқа ортақ үлкен сауал жатыр. Олардың игілігін жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен мәселе технологияның өзінде емес, оны пайдаланатын адамның таңдауында. Технология адамға қызмет етуі керек, ал адам технологияның қызметшісіне айналмауға тиіс. Қойылымның көркемдік ерекшелігі де осы ойды сөзбен ғана емес, сахналық әрекет арқылы жеткізуінде», – дейді қойылымды қазақшалаған «Қуыршақ театрының» көркемдік жетекшісі Қуат Ежембек.
Астанада 17-18 қазан күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, табиғи шырындар, тосап, джем және басқа да өнімдерді сатып ала алады.
Қалалық жәрмеңке 17-18 қазан күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін «Keryen Joly» сауда орталығында (Алаш тасжолы, 35Б) өтеді.
Келушілерге ыңғайлы болу үшін жәрмеңке өтетін орынға жақын маңда №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 автобус бағыттары қатынайды.
Астанадағы Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейде патриотизмге, ел болашағы үшін жауапкершілікке және әр азаматтың Қазақстанның дамуына үлес қосуының маңыздылығына арналған «Мен елімнің дамуы үшін» атты салтанатты танымдық кездесу өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараға оқушылар, жас педагогтер, әдебиет, мемлекеттік және қоғамдық қызмет, заң саласы мен спорт өкілдері қатысты.
Кездесудің басты мақсаты – жастардың еңбекке құрметін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту және Отанға қызмет етуге деген ұмтылысын қалыптастыру.
Құрметті қонақтар қатарында Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Төлен Әбдік, ақын, «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты Серік Тұрғынбекұлы, мемлекеттік әділет кеңесшісі, 3-сыныпты заңгер, өмірін мемлекеттік және қоғамдық қызметке арнаған Қазақстанның құрметті заңгері, генерал-майор Әсет Әділхан, Ішкі істер министрлігінің полковнигі, ведомствоның құрметті ардагері Бауыржан Ашитов болды.
Сондай-ақ заң ғылымдарының докторы, профессор, Сырбай Мәуленов атындағы қоғамдық қордың президенті Қасым Мәуленов және басқа да азаматтар қатысты.
Қонақтар қатысушыларға өмірі мен кәсіби жолындағы оқиғаларды баяндап, қиындықтарды еңсеру, табандылық таныту және үнемі өзін-өзі дамыту туралы ой бөлісті. Олар жетістікке еңбекқорлық, жауапкершілік, мақсатқа ұмтылу және өз ісіне адалдық арқылы жетуге болатынын атап өтті.
Кездесуде Отанға қызмет ету, жас мамандардың кәсіби тұрғыдан қалыптасуы және лайықты ұрпақ тәрбиесіндегі білімнің рөліне ерекше назар аударылды. Оқушылар мен жас педагогтер қонақтарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, белгілі тұлғалардың көпжылдық тәжірибесіне негізделген жауаптар алды.
Қонақтардың сөздері қатысушыларға жетістікке жетудің және ел алдындағы жауапкершілікті сезінудің маңызын тереңірек түсінуге көмектесті. Жазушылардың, қоғам қайраткерлері мен спортшылардың өмірінен келтірілген мысалдар әр адамның қоғам мен мемлекеттің дамуына өз үлесін қоса алатынын көрсетті.
Кездесу ашық әңгіме, өзара құрмет және ұрпақтар сабақтастығы негізінде өтті. Шара білімді, жауапкершілігі жоғары әрі отаншыл жастар тәрбиелеу жолында түрлі сала өкілдерін біріктірді. Осылайша, кездесу мектеп өміріндегі маңызды оқиғалардың біріне айналды.
Астанада педагогтер арасында үздік әдістемелік әзірлемелер байқауын өткізу ұсынылды. Бұл бастама «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында меморандумға қол қою кезінде айтылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Құжатқа Астана қаласындағы «Кітап оқитын ұлт» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жақсыбай Боранбаев пен «Өрлеу» ұлттық орталығының филиалы – елордалық Кәсіби даму институтының директоры Ерлан Қалмақов қол қойды.
Меморандумның мақсаты – әдебиетті халық арасында кеңінен насихаттау бағытында ынтымақтастық орнату.
Бірлескен жұмыстың алғашқы қадамдарының бірі ретінде әдістемелік әзірлемелер байқауын өткізу жоспарланып отыр. Мұғалімдер балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыратын өз тәсілдерімен бөлісе алады.
Үздік жұмыстарды одан әрі жетілдіріп, Астананың білім беру жүйесінде қолдану көзделген.
Бұл бастамалар республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысушыларға да пайдалы болмақ. Марафон аясында оқушылар мен басқа да қатысушылар 15 кітап оқып, әрқайсысына пікір жазуы керек.
Ұйымдастырушылар үшін марафон аяқталғаннан кейін де оқуға деген қызығушылықтың сақталуы маңызды.
«Біз оқу мәдениетін қалыптастырғымыз келеді. Кітап оқу әдетке айналып, бала он бесінші кітапты оқығаннан кейін он алтыншы кітапты да өз еркімен оқығысы келсе дейміз», – деді Жақсыбай Боранбаев.
Ол үшін тәлімгерлер қатысушылардың қызығушылығын қолдаудың тиімді әрі түсінікті тәсілдерін меңгеріп, олардың кітап оқуға ынтасы төмендей бастағанын дер кезінде байқай білуі керек. Байқау осындай әдістерді жинақтауға, соның ішінде мұғалімдердің ата-аналармен бірлесіп жұмыс істеу жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Мектеп кітапханашыларына да ерекше көңіл бөлінбек. Жақсыбай Боранбаевтың айтуынша, олармен арнайы кездесу өткізу, ұсыныстарын тыңдау және кітап оқу мәдениетін дамытудағы рөлін талқылау жоспарланып отыр.
«Кітапханашы – кітап күзетушісі емес, білімнің шырақшысы», – деді ол. Сондай-ақ бүгінгі күні бұл мамандықтың маңызы жеткілікті бағаланбай жүргенін атап өтті.
Кездесу барысында педагогтер мектептерге кітап авторларын шақырып, балаларды әдебиетпен әртүрлі форматта таныстыру үшін айтыс ұйымдастыруды ұсынды. Айтылған барлық ұсыныс қаралады.
Астананың Алматы ауданы әкімдігі суретшілерді, граффити шеберлерін және шығармашылықпен айналысатын барша азаматты қала кеңістігін жаңартуға үлес қосып, жаңа муралдардың авторы атануға шақырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Суретшілер мен граффити шеберлері Астананың Алматы ауданындағы үйлер мен ғимараттардың қабырғаларына салынатын жаңа муралдарға өз жобаларын ұсына алады.
Қатысу үшін:
1. Муралдың немесе граффитидің эскизін дайындау.
2. Жұмыстың идеясын және тұжырымдамасын сипаттау: нені бейнелегіңіз келетінін және туындыға қандай мағына бергіңіз келетінін түсіндіру.
Ұсынылған эскиздер іріктеліп, келісілгеннен кейін жобаны іске асыратын орын анықталады.
Қосымша ақпаратты Алматы ауданы әкімінің кеңесшісі Аяна Қанаттан мына телефон арқылы білуге болады: 8 708 928 80 30.
Астанада ересектер арасында конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионаты аяқталды. «Алау» мұз айдынында өткен жарыс қорытындысы бойынша елордалық спортшылар 16 медаль жеңіп алды. Оның төртеуі – алтын, сегізі – күміс, төртеуі – қола, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Чемпионатқа еліміздің сегіз өңірінен 100-ге жуық спортшы қатысты. Олар 500, 1000, 1500, 3000 және 5000 метр қашықтықтарда, сондай-ақ масс-стартта, командалық спринт пен командалық жарыста бақ сынады.
Елордалық спортшылар жеке және командалық сайыстарда жоғары нәтиже көрсетті.
Атап айтқанда, Кристина Силаева әйелдер арасында 500 метр қашықтықта 38,28 секунд нәтижесімен Қазақстан чемпионы атанды. Артур Галиев 1000 метрде, ал Ақжол Нұралы 1500 метрде алтын медаль жеңіп алды. Тағы бір алтын жүлдені командалық жарыста бірінші орын алған Астананың ерлер құрамасы иеленді.
Чемпионаттың күміс жүлдегерлері қатарында 500 метр қашықтықта Артур Галиев, 1000 метрде Кристина Силаева мен Ақжол Нұралы бар. Елизавета Голубева 1500 және 3000 метр қашықтықта екі күміс медаль жеңіп алды. Бұдан бөлек, Астананың ерлер және әйелдер құрамалары командалық спринтте екінші орын иеленсе, елорданың әйелдер командасы командалық жарыста күміс жүлдеге қол жеткізді.
Қола медальдарды 500 метрде Алина Дауранова, 3000 метрде Диана Бачурина, 5000 метрде Абылайхан Қайырғазы және масс-стартта Азамат Сәтқожа жеңіп алды.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша қараша айында басталатын конькимен жүгіруден әлем кубогының кезеңдеріне қатысатын спортшылар іріктеледі.
Елорданың Алматы ауданында Triathlon Ice Park мұз айдынын абаттандыру жұмысы басталды. Мұз алаңының аумағы 1 200 шаршы метрді құрайды. Мұз айдынын қазан айының соңында ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Арнайы тоңазыту жабдықтары мен мұзды ұстаудың заманауи технологиясының арқасында мұнда ауа райы жылы күндері де коньки тебуге болады.
Мұз айдыны Жаңа жылға орай безендіріліп, түрлі шамдармен жарықтандырылады. Бұл орын қала тұрғындары мен қонақтарына қысқы мерекенің ерекше көңіл күйін сыйлайды. Келушілер конькиді жалға ала алады. Сондай-ақ мұнда жылытылатын демалыс орны, ыстық сусындар мен тағамдар ұсынылады.
Triathlon Ice Park қыста демалып, отбасымен және достарымен көңілді уақыт өткізуге болатын жаңа орынға айналады. Мұнда қала тұрғындары қысқы демалыстың қызығын сезініп, жақсы естеліктер жинай алады.