АҚПАРАТ Астана қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 104-бабының 6 және 6-1-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы № 1521 «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/98 «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» қаулысына сәйкес, Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Астана қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін және бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттарды тіркеу барысы туралы хабарлайды.