Жиі қойылатын сұрақтар
| Банктер мен МҚҰ ақпарат жеткізуші ретінде берілген қарыздар туралы мәліметтерді несие берілген күннен кейін 1 жұмыс күні ішінде кредиттік бюроларға ұсынуға міндетті. Нақтылау үшін ТОО «Мемлекеттік кредиттік бюро» / ТОО «Бірінші кредиттік бюро» жеке кабинеті немесе eGov.kz порталы арқылы жеке кредиттік есеп алуды ұсынамыз. Егер Сіз алмаған қарыз анықталса: - Дереу банкке жүгініңіз (мобильді қосымшадағы жеке кабинетке қолжетімділікті, картаны және т.б. бұғаттау үшін). - Банкте ішкі тексеру жүргізу туралы өтініш беріңіз. - Құқық қорғау органдарына арыз беріп, барлық дәлелдерді қоса ұсыныңыз және жәбірленуші ретінде тану туралы қаулы алыңыз. Бұл құжат кредитордың сыйақы (айыппұл) есептеуін және берешекті өндіріп алуды тоқтатуы үшін қажет. Займның Сіздің келісіміңізсіз рәсімделуін болдырмау үшін eGov.kz порталында, eGov mobile қосымшасында немесе кредиттік бюро арқылы «Stop кредит» қызметін қосыңыз, сондай-ақ жеке деректеріңізді қорғау шараларын сақтаңыз (SMS-кодтарды бөгде адамдарға бермеңіз, тіпті олар өздерін банк немесе мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстырса да). |
| Шоттан ақша мына негіздер бойынша ұсталуы мүмкін: - төлем талаптары (ТТ); - инкассолық өкімдер (ИӨ), оның ішінде сот орындаушыларының; - шарт талаптары (мысалы, несие бойынша автоматты есептен шығару). «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңдарға сәйкес, ТТ/ИӨ бойынша өндіріп алу банктік шоттағы соманың және/немесе ТТ/ИӨ әрекет ету кезеңінде заңды тұлғадан немесе жеке кәсіпкерден түсетін әрбір соманың 50%-ымен шектеледі. Бұл ретте аталған шектеу депозиттердегі қаражатқа қолданылмайды (тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша берілген қарыздар бойынша депозит кепіл болған жағдайларды қоспағанда). Мәселені нақтылау үшін Сізге банкке жүгініп, үшінші тұлғалардың талаптарының (төлем талаптары, инкассолық өкімдер) немесе тұрақты есептен шығару өкімдерінің бар-жоғы туралы толық ақпарат алу ұсынылады. Ақпарат алғаннан кейін: - инкассолық өкімдер болған жағдайда – оны жіберген тұлғаға жүгіну, атқарушылық іс жүргізулер туралы мәліметтерді https://aisoip.adilet.gov.kz/debtors сайтынан ЖСН мен Т.А.Ә. енгізу арқылы алуға болады; - төлем талаптары болған жағдайда – талапты жіберген банкке жүгіну. Егер қаражат заңсыз ұсталған деп санасаңыз, шот ашылған банкке өтініш беріп, түсіндірме және түзету жүргізуді талап етіңіз. |
| Банк/МҚҰ қарыз шарттарын өзгерту туралы өтініштерді қарау кезінде ұсынылған растайтын құжаттар негізінде қарыз алушының нақты қаржылық жағдайын ескере отырып, ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес жеке тәртіпте қарайды. Бұл ретте, теріс шешім қабылданған жағдайда банк бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынуға міндетті. Заңнама банк/МҚҰ-ны қарызды өтеудің балама нұсқаларын ұсынуға міндеттемейді. Бұл ретте хабарлаймыз, қарызды қайта құрылымдау (шарт талаптарын өзгерту) туралы өтінішті қарау нәтижелерімен келіспеген жағдайда Сіз банк немесе микроқаржы омбудсманына жүгінуге құқылысыз. Омбудсманға жүгіну тегін болып табылады. - Банк омбудсманының байланыс деректері: Алматы қ., Айманов көшесі, 124, 301-кеңсе +7 (771) 929-33-33 (телефон), +7 (708) 983-30-16 (WhatsApp) сайт: https://bank-ombudsman.kz/ - Микроқаржы омбудсманының байланыс деректері: Алматы қ., Мыңбаев көшесі, 53, 321-кеңсе +7 (727) 338-22-44, +7 (727) 338-22-25 сайт: https://mfombudsman.kz/ Омбудсманға жүгіну үшін қажетті құжаттар мен материалдар: өтініш және құжаттардың көшірмелері (қарыз шарты, өтеу кестесі, кредиторға жүгінгенін растайтын құжат және кредитордың жауабы, қаржылық жағдайдың нашарлағанын растайтын құжаттар). |
| Банк/МҚҰ қарыз шарттарының талаптарын өзгерту туралы өтініштерді қарау кезінде ұсынылған растайтын құжаттар негізінде қарыз алушының нақты қаржылық жағдайын ескере отырып, ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес жеке тәртіпте қарайды. Бұл ретте, теріс шешім қабылданған жағдайда банк/МҚҰ бас тарту бойынша дәлелді жауап ұсынуы тиіс. Қарызды қайта құрылымдау (шарт талаптарын өзгерту) туралы өтінішті қарау нәтижелерімен келіспеген жағдайда Сіз банк/МҚҰ жауабына қатысты банк немесе микроқаржы омбудсманына жүгінуге құқылысыз. Омбудсманға жүгіну тегін болып табылады. - Банк омбудсманының байланыс деректері: Алматы қ., Айманов көшесі, 124, 301-кеңсе +7 (771) 929-33-33 (телефон), +7 (708) 983-30-16 (WhatsApp) сайт: https://bank-ombudsman.kz/ - Микроқаржы омбудсманының байланыс деректері: Алматы қ., Мыңбаев көшесі, 53, 321-кеңсе +7 (727) 338-22-44, +7 (727) 338-22-25 сайт: https://mfombudsman.kz/ Омбудсманға жүгіну үшін қажетті құжаттар мен материалдар: өтініш және құжаттардың көшірмелері (қарыз шарты, өтеу кестесі, кредиторға жүгінгенін растайтын құжат және кредитордың жауабы, қаржылық жағдайдың нашарлағанын растайтын құжаттар). |
| Банктерде қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін бөлімшелер жұмыс істейді. Олардың қызметі клиенттердің құқықтарының сақталуын және өтініштерді қарау сапасын, оның ішінде ішкі рәсімдер мен клиенттермен өзара іс-қимыл тәжірибесін бақылауға бағытталған. Осыған байланысты, бұрын қабылданған шешімді қайта қарау туралы өтінішпен банкке қайта жүгінуді ұсынамыз, сондай-ақ өтінішті тиісті бейінді немесе жоғары тұрған бөлімшелер деңгейінде қарау қажеттігін көрсету қажет. Егер мәселе берешекті реттеуге байланысты болса, дауды сотқа дейінгі тәртіпте қарау үшін Сіз банк омбудсманына жүгінуге құқылысыз. Банк омбудсманының байланыс деректері: Алматы қ., Айманов көшесі, 124, 301-кеңсе +7 (771) 929-33-33 (телефон), +7 (708) 983-30-16 (WhatsApp) сайт: https://bank-ombudsman.kz/ Омбудсманға жүгіну үшін қажетті құжаттар: өтініш, қарыз шарты және өтеу кестесі, кредиторға жүгінгеніңізді растайтын құжат және оның жауабы, қаржылық жағдайдың нашарлағанын растайтын құжаттар. |
| Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасарының 2021 жылғы 18 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялар тізілімдерін жүргізу тәртібіне сәйкес Агенттік тізілімді жаңартып, сайтта «Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі» бөлімінде орналастырады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/230091?lang=ru |
| Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 49 қаулысымен бекітілген Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеуден өткізу және тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес Агенттік тізілімді жаңартып, сайтта «Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі» бөлімінде орналастырады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/permissions-notifications/section/1/subsection/9?lang=ru. |
| «Қазақстан Республикасындағы коллекторлық қызмет туралы» ҚР Заңының 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес, коллекторлық агенттік – коммерциялық ұйым болып табылатын және коллекторлық агенттіктердің тізіліміне енгізілген заңды тұлға. Аталған Заңның 1-бабының 6) тармақшасына сәйкес, коллекторлық қызмет – берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және реттеуге, сондай-ақ берешекке байланысты ақпаратты жинауға бағытталған коллекторлық агенттіктің қызметі. Сонымен қатар, "Коллекторлық қызмет туралы" ҚР Заңының 14-бабының 8) тармақшасына сәйкес, коллекторлық агенттік осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, берешекті өндіріп алу туралы шартта және (немесе) талап ету құқығын (талапты) беру шартына, және (немесе) сенімгерлік басқару шартына сәйкес көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. Осылайша, коллекторлық агенттіктер екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарынан басқа өзге де заңды тұлғалармен берешекті өндіріп алу туралы шарттар жасасуға құқылы. |
| Өзара іс-қимыл тәртібі Коллекторлық қызмет туралы заңға сәйкес, коллекторлық агенттік борышкермен және (немесе) оның өкілдерімен мынадай нысандарда өзара іс-қимыл жасауға құқылы: жұмыс күндері сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін аптасына үш реттен артық емес телефон арқылы хабарласуға; жұмыс күндері сағат 08:00-ден 21:00-ге дейінгі аралықта борышкермен аптасына үш реттен артық емес және бір күнде бір реттен артық емес жеке кездесуге; жазбаша хабарламалар, ұялы байланыс арқылы мәтіндік немесе дауыстық хабарламалар жіберуге. Коллекторлық агенттік борышкермен әрбір байланыс кезінде коллекторлық агенттіктің атауын, оның есептік тіркеу нөмірін, орналасқан жерін, өзара іс-қимылды жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты-жөнін және лауазымын, кредитордың атауын, берілген берешектің құрылымын, сондай-ақ міндеттемені орындамаудың немесе тиісінше орындамаудың жауапкершілігі мен салдарын хабарлауға міндетті. Коллекторларға тыйым салынатын әрекеттер Коллекторлық агенттік қызметкеріне борышкермен өзара іс-қимыл жасау барысында мынадай жосықсыз әрекеттерді жүзеге асыруға тыйым салынады: берешектің мөлшері мен оның туындау негіздері туралы борышкерді жаңылыстыруға; коллекторлық агенттік қызметкерінің тегі, аты-жөні, сондай-ақ жұмыс орны мен лауазымы туралы жалған мәліметтерді хабарлауға; ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін, сондай-ақ жалған мәліметтерді таратуға; қорқытуға, тіл тигізуге, бопсалауға және өзге де құқыққа қарсы әрекеттер жасауға; күш қолданамын деп қорқыту, борышкердің мүлкін жою немесе бүлдіру қаупі, тіл тигізу, алаяқтық, құжаттарды қолдан жасау, бопсалау арқылы қысым көрсетуге. Коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде коллекторлық агенттікке: берешекті өтеу есебіне ақша қаражатын (қолма-қол немесе қолма-қолсыз нысанда), сондай-ақ өзге де мүлікті қабылдауға; ақшадан өзге мүлікпен берешекті өтеуді талап етуге; коллекторлық қызметтің құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны жария етуге тыйым салынады. Құқықтар бұзылған жағдайда 2025 жылдан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс (ӘҚБтК) шеңберінде коллекторлық агенттіктердің және олардың қызметкерлерінің жауапкершілігі ажыратылды, сондай-ақ коллекторлық агенттік қызметкерлерінің өкілеттіктерін теріс пайдалану және асыра пайдалану үшін қылмыстық жауапкершілік нақтыланды. Осылайша, коллекторлық агенттік пен оның қызметкерлері жосықсыз әрекеттер жасағаны үшін ӘҚБтК-нің 211-1-бабында әкімшілік жауапкершілік көзделген. Коллекторлық агенттік пен оның қызметкерлерінің жауапкершілігін күшейту мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап елеулі зиян келтіре отырып, күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту және басқа да әрекеттер арқылы өкілеттіктерді теріс пайдалану немесе асыра пайдалану қылмыстық құқық бұзушылықтар ретінде бағаланатын болады. Коллекторлардың заңсыз әрекеттері орын алған жағдайда азаматтар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағым жолдай алады. Бұзушылықтар расталған жағдайда коллекторлық агенттікке қатысты тиісті шаралар қабылданады. Қазақстан Республикасының аумағында қызметті жүзеге асыруға құқығы бар коллекторлық агенттіктердің өзекті тізілімі Агенттіктің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. |
| «Кредиттік бюролар туралы» Заңның 19-бабы 2-тармағының 8) тармақшасының екінші абзацына сәйкес, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) (микроқаржы ұйымдары мен ломбардтар), 1-1) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат жеткізушілер кредиттік бюроға бір жұмыс күні ішінде кредиттік тарих субъектісі – жеке тұлға туралы осы Заңның 24-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінің 1), 2) және 3-2) тармақшаларында, сондай-ақ 3-тармағында көзделген ақпаратты ұсынуға міндетті. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 175-бабына сәйкес, егер мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге сәйкес келсе, мерзімнің аяқталу күні болып одан кейінгі ең жақын жұмыс күні есептеледі. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 176-бабының 1-тармағына сәйкес, егер мерзім қандай да бір әрекетті жасау үшін белгіленсе, ол мерзімнің соңғы күні сағат жиырма төртке дейін орындалуы мүмкін. Алайда, егер бұл әрекет ұйымда жүзеге асырылуы тиіс болса, онда мерзім осы ұйымда белгіленген ережелерге сәйкес тиісті операциялар тоқтатылатын уақытта аяқталады. Сонымен қатар, «Құқықтық актілер туралы» Заңның 14-бабының 1-тармағына, 2-тармағының төртінші бөлігіне және 3-тармағына сәйкес, заңнамада белгіленген мерзім күнтізбелік күнмен немесе міндетті түрде туындайтын оқиғаны көрсету арқылы айқындалады. Мерзім сондай-ақ уақыт кезеңі ретінде белгіленуі мүмкін және ол жылдармен, тоқсандармен, айлармен, апталармен, күндермен (тәуліктермен) немесе сағаттармен есептеледі. Күндермен (тәуліктермен) есептелетін мерзім, оның басталуы айқындалған күнтізбелік күннен немесе оқиғаның басталу күнінен кейінгі келесі күннен басталады, Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген оқиға басталған күннен бастап есептелетін конституциялық мерзімдерді қоспағанда, және белгіленген кезеңнің соңғы күнінде аяқталады. Уақыт кезеңімен айқындалатын мерзімнің өтуі, оның басталуы айқындалған күнтізбелік күннен немесе оқиғаның басталуынан кейінгі келесі күннен басталады, Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген оқиға басталған күннен бастап есептелетін конституциялық мерзімдерді қоспағанда. Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге сәйкес келсе, мерзімнің аяқталу күні болып одан кейінгі ең жақын жұмыс күні есептеледі. Жоғарыда баяндалғанның негізінде, микроқаржы ұйымы жеке тұлғаға берілген микрокредиттер туралы ақпаратты кредиттік бюроға ағымдағы жұмыс күнінің аяқталуына дейінгі жұмыс уақытында ұсынуы қажет. Егер микрокредит жұмыс күнінің аяқталуынан кейін, сондай-ақ демалыс күні (микроқаржы ұйымының ішкі жұмыс кестесіне сәйкес) немесе мереке күні берілген жағдайда, микроқаржы ұйымы ақпаратты кредиттік бюроға микрокредит берілген күннен кейінгі ең жақын жұмыс күнінің аяқталуына дейін ұсынуға міндетті. |