Жиі қойылатын сұрақтар
Егер қарыз алушы ипотекалық қарызды өтеуде қиындықтарға тап болғанын түсінсе, мәселені шешуді кейінге қалдырмау және банкке мүмкіндігінше ертерек жүгіну маңызды. Төлем мерзімі өткен кезде қарыз алушы қаржылық жағдайдың нашарлау себептерін көрсете отырып және растайтын құжаттарды ұсына отырып, қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішпен банкке жүгінуге құқылы.
Өтініште пайыздық мөлшерлемені төмендетуді, ай сайынғы төлем мөлшерін азайтуды, негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды, қарыз мерзімін немесе берешекті өтеу тәртібін өзгертуді қоса алғанда, берешекті реттеудің әр түрлі нұсқалары ұсынылуы мүмкін.
Сондай-ақ, заңнамада ипотекалық тұрғын үйді өз бетінше сату, кепіл мүлкін банкке шегініс ретінде беру немесе қарыз бойынша міндеттемелерді сатып алушыға аудара отырып, жылжымайтын мүлікті сату сияқты тетіктер көзделген.
Банкке уақтылы жүгіну өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мүмкіндігін едәуір арттыратынын және берешектің одан әрі өсуін болдырмауға мүмкіндік беретінін есте ұстаған жөн.
Ипотекалық қарызды қайта құрылымдау қарыз алушының кредит бойынша міндеттемелерді уақтылы орындауына кедергі келтіретін объективті қаржылық қиындықтар туындаған жағдайларда қаралуы мүмкін. Мұндай жағдайларға кірістің төмендеуі, жұмысынан айырылу, ұзақ уақыт науқастану, уақытша еңбекке жарамсыздық, төтенше жағдайлар және басқа да расталған өмірлік жағдайлар кіруі мүмкін.
ҚР банктер және банк қызметі туралы заңның[1] 61-бабына сәйкес қарыз алушы мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде қарыз шартының талаптарын өзгерту туралы банкке өтінішпен жүгінуге құқылы. Өтінішті алғаннан кейін банк оны қарауға және қарыз алушыға қабылданған шешім: ұсынылған өзгерістермен келісу, қайта құрылымдаудың өзіндік шарттарын ұсыну немесе дәлелді бас тартуды ұсыну туралы туралы хабарлауға міндетті.
Қайта құрылымдау шеңберінде ай сайынғы төлем мөлшерін азайтуды, төлемдер бойынша кейінге қалдыруды ұсынуды, қарыз мерзімін ұзартуды, берешекті өтеу тәртібін өзгертуді, пайыздық мөлшерлемені төмендетуді, ал жекелеген жағдайларда - қарызға қызмет көрсетуге байланысты тұрақсыздық айыбын, айыппұлдарды және өзге де төлемдерді есептен шығаруды қоса алғанда, әр түрлі шаралар қолданылуы мүмкін.
Егер қарыз алушы банктің шешімімен келіспесе не тараптар өзара қолайлы шешімге қол жеткізе алмаса, ол заңнамада белгіленген тәртіппен дауды қарау үшін банк омбудсманына жүгінуге құқылы.
[1] «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 2026 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы
Өсиет бойынша, сондай-ақ заң бойынша мұрагерлер болмаған, не мұрагерлердің ешқайсысы мұра алуға құқығы жоқ, не барлық мұрагерлер мұрадан бас тартқан жағдайларда мұра иесіз қалған мүлік деп танылады. Мұндай мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұра ашылған жер бойынша коммуналдық меншікке өтеді.
Бұл ретте мұра қалдырушының кредиторларының талаптарын қанағаттандыруды және оның міндеттемелері бойынша жауапкершілікті реттейтін азаматтық заңнама нормалары иесіз қалған мүлікке де қолданылады. Осылайша, мүліктің коммуналдық меншікке ауысуы мұра қалдырушының кредиторлар алдындағы міндеттемелерін тоқтатпайды және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және шектерде талаптар қою құқығынан айырмайды.
Қарыз алушының қайтыс болуы ипотеканың қолданылуын тоқтатпайды. Ипотекалық қарыз бойынша мiндеттемелер мұраның құрамына кiретiндiктен және мұрагерлерге ауысатындықтан, кепiлге қойылған мүлiк мұрагерлерге мұрагерлiк тәртiбiмен өткен құқықтар мен мiндеттердiң көлемi шегiнде қарыз бойынша мiндеттемелер толық орындалғанға дейiн сақталады.
Кредиторлар өз құқықтарын қорғаудың заңдарда көзделген тәсілдерін іске асыруға құқылы. Атап айтқанда, мұрагерлер мұраны қабылдаған, бірақ мұраның құрамына кіретін мүлікті не мүлікке құқықтарды тіркеуден жалтарған жағдайларда, кредиторлар мұндай тіркеуді мәжбүрлеу тәртібімен жүзеге асыруды талап етуге құқылы.
Кепiлге қойылған мүлiкті өндiрiп алу мәселелерi әрбiр жағдайдың нақты мән-жайларын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңдарына, банктiк қарыз шартының және ипотека шартының талаптарына сәйкес шешiледi.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1081-бабына сәйкес, мұра қалдырушының кредиторлары мұра қалдырушының мiндеттемелерiнен туындайтын талаптарын өсиеттi орындаушыға (мұраны сенімгерлікпен басқарушыға) немесе мұрагерлерге қоюға құқылы.
Мұраны қабылдағаннан кейін мұрагерлер ортақ борышкерлер ретінде мұра қалдырушының борыштары бойынша жауапты болады. Бұл ретте әрбiр мұрагердiң жауапкершiлiгi оған мұрагерлiк тәртiбiмен өткен мүлiктiң құнымен шектеледi.
Ия. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1038 және 1040-баптарына сәйкес, мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесiлi мүлiк, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен мiндеттерi кiредi. Мұра әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен біртұтас ретінде ауысады.
Осыған байланысты банктік, оның ішінде ипотекамен қамтамасыз етілген қарыз шарты бойынша міндеттемелер қарыз алушының қайтыс болуына байланысты тоқтатылмайды және мұра қабылданғаннан кейін мұрагерлерге кепілді жылжымайтын мүлікті қоса алғанда, мұрагерлік мүлікке құқықтармен бір мезгілде ауысады.
| Иә. Егер банк қарызы (микрокредит) шартында кредитордың мерзімі өткен берешек туындаған жағдайда коллекторлық агенттікті тарту құқығы көзделген болса, кредитор коллекторлық ұйымды тартуға құқылы Коллекторлық ұйым борышкермен өзара іс-қимылды ҚР «Коллекторлық қызмет туралы» Заңында белгіленген тәртіппен және шектерде ғана жүзеге асыруға құқылы, атап айтқанда: кредитор алдындағы берешек мөлшерінен асатын соманы талап етуге құқылы емес; борышкерге қатысты қорқыту, қорлау, бопсалау әрекеттерін жасауға немесе оны жаңылыстыруға құқылы емес; борышкердің жазбаша келісімінсіз берешек туралы мәліметтерді үшінші тұлғаларға жариялауға құқылы емес; телефон қоңырауларын аптасына 3 реттен артық, жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін ғана шала алады. 2024 жылдың 1 шілдесінен 2027 жылдың 1 мамырына дейін жеке тұлғалардың қарыздары мен микрокредиттерін коллекторлық агенттіктерге берудің (сатудың) моратории қолданылатынын ескеру қажет. Осы кезеңде банктер мен МҚҰ проблемалық берешекпен өз бетінше жұмыс істеуге міндетті. Бұл ретте агенттік шарт бойынша (борышты сатып алусыз) борышкерлермен өзара іс-қимыл жүргізу үшін коллекторларды тарту мораторийге қайшы келмейді. |
| Коллекторларға клиенттің жазбаша келісімінсіз жұмыс берушіге немесе үшінші тұлғаларға оның берешегі туралы мәліметтерді жариялауға тыйым салынады. Бұл тыйым ҚР «Коллекторлық қызмет туралы» Заңының 5-бабында белгіленген. Осы талап бұзылған жағдайда мынаны ұсынамыз: әңгімелесуді аудиоға жазып алыңыз — борышкер коллектормен өзара іс-қимылды өз бетінше тіркеуге құқылы; коллекторлық ұйымның өзіне оның қызметкерінің әрекеттері туралы жазбаша шағым беріңіз; Қазақстанның Коллекторлар ұлттық палатасына жүгініңіз: stop-collector.kz сайты, тел. +7 (707) 573 00 00, +7 (700) 183 83 03; қоқан-лоққы немесе өзге де заңға қайшы әрекеттер болған жағдайда — құқық қорғау органдарына жүгініңіз. |
| Иә. Егер банк қарызы (микрокредит) шартында кредитордың мерзімі өткен берешек туындаған жағдайда коллекторлық агенттікті тарту құқығы көзделген болса, кредитор коллекторлық ұйымды тартуға құқылы Коллекторлық ұйым борышкермен өзара іс-қимылды ҚР «Коллекторлық қызмет туралы» Заңында белгіленген тәртіппен және шектерде ғана жүзеге асыруға құқылы, атап айтқанда: кредитор алдындағы берешек мөлшерінен асатын соманы талап етуге құқылы емес; борышкерге қатысты қорқыту, қорлау, бопсалау әрекеттерін жасауға немесе оны жаңылыстыруға құқылы емес; борышкердің жазбаша келісімінсіз берешек туралы мәліметтерді үшінші тұлғаларға жариялауға құқылы емес; телефон қоңырауларын аптасына 3 реттен артық, жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін ғана шала алады. 2024 жылдың 1 шілдесінен 2027 жылдың 1 мамырына дейін жеке тұлғалардың қарыздары мен микрокредиттерін коллекторлық агенттіктерге берудің (сатудың) моратории қолданылатынын ескеру қажет. Осы кезеңде банктер мен МҚҰ проблемалық берешекпен өз бетінше жұмыс істеуге міндетті. Бұл ретте агенттік шарт бойынша (борышты сатып алусыз) борышкерлермен өзара іс-қимыл жүргізу үшін коллекторларды тарту мораторийге қайшы келмейді. |
| Иә. Қарыз толық өтелгеннен кейін Сіз банкке банк қарызы бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтама беру жөнінде жазбаша өтінішпен жүгіне аласыз. Банк қызметтерін көрсету қағидаларының талаптарына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысы) банк өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай анықтаманы беруге міндетті. Анықтама жазбаша нысанда тегін беріледі. |
| Банк қызметкерлері, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың өкілдері ешқашан СМС-кодтарды, банк картасының PIN-кодын, бір реттік парольдерді (OTP) немесе Secure-кодтарды сұрамайды. Егер сізге ақшаңызды «қауіпсіз шотқа» аудару қажеттігі, атыңызға рәсімделген «күдікті операциялар» туралы айтылса және т.б., әңгімелесуді дереу тоқтатып, ақпаратты нақтылау үшін банктің байланыс орталығының ресми нөміріне өзіңіз қайта қоңырау шалыңыз. |