Жиі қойылатын сұрақтар
Жолданымдарды қараудың жалпы мерзімі – клиентті міндетті түрде хабардар еткен кезде тағы 15 жұмыс күніне ұзарту мүмкіндігімен 15 жұмыс күнінен аспайды.
Банктер 3 жұмыс күні ішінде берешектің жоқ екені туралы анықтама беруі керек.
Агенттік Басқармасының 2025 жылғы 28 тамыздағы № 48 қаулысымен тиісті өзгерістер бекітілді, қаулымен «Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысына түзетулер енгізілді.
Банктер клиенттерге төлемдер мен аударымдар бойынша тарифтердің өсуі туралы өзгерістер енгізілгенге дейін кемінде үш ай бұрын хабарлауға тиіс.
Агенттік Басқармасының 2025 жылғы 28 тамыздағы № 48 қаулысымен тиісті өзгерістер бекітілді, қаулымен «Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысына түзетулер енгізілді.
Банктер мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін банк қызметтерінің қолжетімділігін, оның ішінде банктердің ғимараттары мен үй-жайларын, өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларын бейімдеуді, сондай-ақ қызметкерлерді клиенттердің осы санатымен жұмыс істеу дағдыларына оқытуды қамтамасыз етуге тиіс.
Агенттік Басқармасының 2025 жылғы 28 тамыздағы №48 қаулысымен тиісті өзгерістер бекітілді, қаулымен «Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысына түзетулер енгізілді.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 40-3-бабына және «Микроқаржылық қызмет туралы» Заңның
29-3-бабына сәйкес жеке тұлғалардың өтініштерін қарауды және шешімдер қабылдауды банк/микроқаржы омбудсманы өтеусіз жүзеге асырады.
Банктік қарыз/микрокредит шарты бойынша міндеттемені орындау мерзімі өткен жағдайда, бірақ ол орын алған күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей банк/микроқаржы ұйымы (МҚҰ) банктік қарыз/микрокредит шартымен көзделген тәсілмен және мерзімде, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы қарыз алушыны мынадай жайттар туралы хабардар етуге міндетті:
1) банктік қарыз/микрокредит шарты бойынша міндеттемені орындау мерзімі өткендігі және банктік қарыз/микрокредит шарты бойынша төлемдерді енгізу қажеттілігі туралы, хабарламада көрсетілген күнгі мерзімі өткен берешек мөлшерін көрсете отырып;
2) банктік қарыз/микрокредит шарты бойынша қарыз алушы – жеке тұлғаның банкке/МҚҰ-ға өтінішпен жүгіну құқығы туралы;
3) банктік қарыз/микрокредит шарты бойынша қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамауының салдары туралы.
Қарыз алушы берешекті реттеу туралы өтінішпен жүгінген жағдайда, кредитор өтінішті қарауға және шешім беруге міндетті. Қарыз алушы мерзімі өткен берешекті өтемеген, қайта құрылымдау құқығын іске асырмаған немесе берешекті реттеу бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, банк қарыз алушының ақшасына өндіріп алуды қолдануға құқылы. Сондай-ақ банк/МҚҰ берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге, қарыз сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап қоюға, сондай-ақ кепілге қойылған мүлікке соттан тыс тәртіппен өндіріп алуды қолдануға құқылы.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 36-бабына сәйкес, мерзімі өткен берешек туындаған жағдайда, банк қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаға төлем талабы тәртібімен өндіріп алуды қолдануға құқылы. Ерекшелік – қарыз алушы алимент, жәрдемақы, әлеуметтік және өзге де төлемдер түрінде алатын ақшалар.
Кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды асырауға арналған ақша (алимент) түсетін банктік шоттардағы клиенттердің ақшасына банктік қарыздар бойынша төлем талаптары негізінде өндіріп алу жүргізуге жол берілмейді.
Арнайы шоттар банктермен немесе «Қазпошта» АҚ арқылы жеке тұлғаның талабы бойынша және банктік шот ашу туралы өтінішінде арнайы мақсаттағы шот ретінде көрсетілген жағдайда ашылады.
Кез келген азамат банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тарту туралы өтінішті тегін рәсімдеуге немесе алып тастауға құқылы. Бұл рәсімді несие бюросы арқылы не болмаса «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асыруға болады.
Банктер мен микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) бұл қызметтің қосылғаны туралы ақпаратты бірден алады, және бұл дерек қарыз алушының несие тарихында көрініс табады.
Егер азаматтың несие тарихында бас тарту туралы белгі болса, қаржы ұйымы автоматты түрде жаңа қарыз беруден бас тартады.
«Стоп-кредит» қызметі қаржылық қызметтерді тұтынушыларды, тіпті клиенттік қосымшаның бұзылуы жағдайында да, қорғауға мүмкіндік береді.
Егер сіз бұл қызметті қосқан болсаңыз және алаяқтар сіздің атыңызға заңсыз түрде банктік қарыз немесе микрокредит ресімдеген болса, банк немесе МҚҰ бұл қарызды жоюға міндетті.
Аталған норма Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бастамасымен 2024 жылғы ақпан айынан бастап күшіне енді.
Мемлекеттік реттеу туралы заңда қаржы ұйымы – қаржылық қызметтер көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға екендігі белгіленген.
Бұл ретте коллекторлық агенттік мемлекеттік реттеу туралы Заңның 1-бабының 6-тармағында санамаланған қаржы қызметтерінің тізбесіне жатпайды.
Коллекторлық агенттік қаржы ұйымына жатпайды, өйткені оның коллекторлық қызмет туралы Заңның 1-бабы 1-тармағының 6-тармақшасында келтірілген қызметі қаржылық қызметтер көрсетумен байланысты емес.
Бұл ретте Агенттік, оның ішінде коллекторлық агенттіктердің ҚР Қаржы заңнамасын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.
Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) — бұл клиенттің қарызды ресімдеуі мен қызмет көрсетуіне байланысты барлық шығындарын ескере отырып есептелетін сыйақы мөлшерлемесі. ЖТСМ құрамына сыйақы, барлық түрдегі комиссиялар мен қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты өзге де төлемдер кіреді. Ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептеледі.
Банк ЖТСМ туралы ақпаратты шартқа қол қойылғанға дейін міндетті түрде хабарлауы тиіс. Бұл үшін шарттың барлық талаптары көрсетілетін титулдық парақ беріледі. "Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 137 Қаулысымен; Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 377 Қаулысымен; Агенттік Басқармасының 16.08.2024 ж. № 62 бірлескен қаулысы және ҚРҰБ Басқармасының 19.08.2024 ж. № 45 ЖТСМ шекті мөлшерін айқындау туралы" қаулысымен:
-Кепілсіз банктік қарыздар үшін: ЖТСМ-нің шекті мөлшері – 46%
-Кепілді банктік қарыздар үшін: ЖТСМ-нің шекті мөлшері – 35%
-Ипотекалық тұрғын үй қарыздары үшін: ЖТСМ-нің шекті мөлшері – 20%
20 000 АЕК-ке дейінгі микрокредиттер үшін: ЖТСМ жылдық мөлшерде 46%-дан аспауы тиіс
50 АЕК-ке дейінгі, 45 күнге дейінгі микрокредиттер үшін арнайы ереже қолданылады:
2024 жылғы 20 тамыздан бастап ЖТСМ мөлшері тәулігіне 0,3%-дан аспауы, ал жылдық мөлшерлеме 179%-дан жоғары болмауы тиіс.
ЖТСМ — тұтынушы үшін ең маңызды көрсеткіштердің бірі. Ол кредиттің нақты құнын толықтай көрсетеді және әртүрлі ұсыныстарды салыстыруға мүмкіндік береді.
Қаржылық сауаттылық бойынша бірыңғай ресми портал – Fingramota.kz, сондай-ақ жобаның әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары.
Порталда 8 айдар бар: «Бюджетті жоспарлаймыз», «Несиелер», «Алаяқтардан сақ болыңыз!», «Депозиттер», «Төлемдер мен аударымдар», «Сақтандыру», «Қаржы құралдары», «Несие тарихы».
Қосымша контент:
Қаржылық сауаттылық бойынша сабақтар (18 сабақ)
Подкасттар (28 видео)
Тақырыптық жинақтар (инфографика, видеогалерея, FinIQ)
Қаржылық қолжетімділік картасы
Несие калькуляторы
Сауалнамалар (4 анкета)
«Сарапшы кеңесі» айдары
Кеңес алу үшін чат-бот