Өзге қаржы ұйымдары

Агенттік микрокредиттерді беру қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.

2020 жылғы 1 қаңтарға дейін азаматтарға қарыз беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар (кредиттік серіктестіктер, ломбардтар, сондай-ақ есептік тіркеуден өткен және микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізілген микроқаржы ұйымдары ретінде тіркелген тұлғаларды қоспағанда) микроқаржы ұйымы ретінде 2020 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде мемлекеттік қайта тіркеуден өтуге тиіс.

2020 жылғы 1 қаңтарға дейін азаматтарға қарыз беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер және ломбардтар ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне енбеген заңды тұлғалар 2020 жылға 1 шілдеге дейін есептік тіркеуден өтуге тиіс.

КРЕДИТТІК БЮРОЛАР

МИКРОҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМДАР

СЕРВИСТІК КОМПАНИЯЛАР

РҰҚСАТТАР ЖӘНЕ ХАБАРЛАМАЛАР ТІЗІЛІМІ

Рұқсаттар:

Хабарламалар:

ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕЙТІН ҰЙЫМДАР

СТАТИСТИКА

Басқа тұлғалардың көрсеткіштері:

CАНКЦИЯЛАР ЖӘНЕ ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫ

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Коллекторлық қызмет туралы Заңның 1-бабының 5-тармағына сәйкес коллекторлық агенттіктердің тізілімі-коллекторлық қызмет саласындағы уәкілетті органның коллекторлық агенттіктерінің бірыңғай тізбесі.
Коллекторлық қызмет туралы Заңның 7-бабының 1-тармағына сәйкес коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап үш ай ішінде есептік тіркеуге жатады.
Есептік тіркеуден өту үшін коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға уәкілетті органға "коллекторлық агенттіктердің есептік тіркеуден өту және тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 49 қаулысында көзделген құжаттарды ұсынады.
Коллекторлық қызмет туралы Заңның 3-бабы 2-тармағының үшінші бөлігінде коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізілмеген заңды тұлғаның коллекторлық қызметті жүзеге асыруға, өзін коллекторлық қызметпен айналысатын ретінде сипаттауға, сондай-ақ өз атауында "коллекторлық агенттік" деген сөздерді, олардан алынған, оның коллекторлық қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді пайдалануға құқығы жоқ екені анықталды.
Коллекторлық агенттіктер тізілімінің ақпараты Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm?lang=ru "қаржы нарықтары" бөлімінде.