Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Байланыс орталығына қоңырау шалу
Егер Сізге анықтамалық сипаттағы ақпарат қажет болса, байланыс орталығының операторына өз сұрағыңызды қоя аласыз. Жалғыз шарт – жауап құпия ақпаратты, оның ішінде жеке немесе банктік құпияға қатысты ақпаратты ашуды қамтымауы тиіс. ҚНРДА мұндай ақпаратты ешқашан сұрамайды. Қаржылық алаяқтардан сақ болыңыз!
+7 727 237 1000
1459
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруБірнеше рөлдер туралы айту дұрысырақ болады.
Агенттіктің реттеуші ретіндегі бірінші рөлі – бұл қаржы нарығындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды қалыптастыру және олардың орындалуын бақылау.
Екінші рөл – бұл «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығы.
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Салалық орталық ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қауіптер, қаржы ұйымдары инфрақұрылымының осалдықтары, сондай-ақ қаржы нарығындағы ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы ақпаратты жинауды, бағалауды және талдауды жүзеге асырады.
Қаржы нарығына қатысушыларға жіберілетін, оларға қауіптерге уақтылы ден қоюға және ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін жетілдіруге мүмкіндік беретін ескертулер аталған жұмыстың нәтижесі болып табылады.
Салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығының жұмыс істеуін автоматтандыру мақсатында қаржы нарығындағы ақпараттық қауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары бойынша ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі («Qainar» АӨАЖ) әзірленіп, іске қосылды.
«QAINAR» жүйесінде қаржы нарығындағы ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары тіркеледі және бірлесіп пысықталады. Олардың ішінде: кибершабуылдар, типтік емес белсенділік фактілері, ақпараттық жүйелердің істен шығуы немесе істен шығуы және ақпараттық қауіпсіздіктің тексеруді талап ететін өзге де оқиғалары.
Алынған ақпаратты өңдеу қорытындысы бойынша кибершауылдарды болдырмау мақсатында Салалық орталық «QAINAR» АӨАЖ арқылы ақпарат алмасуға қатысушыларға ақпараттық қауіпсіздіктің қауіптері мен осалдықтары туралы ескертулер жібереді.
Мұндай кез-келген оқиға кішігірім болуы мүмкін, бірақ кез-келген күрделі кибершабуыл ұсақ оқиғалардан басталып, қылмыскерлер олардың көмегімен қаржы ұйымдарының әлсіз тұстарын зерттей алады.
Бұл – күрделі мәселе. Агенттіктің міндеті – қаржы нарығымен жұмыс істеу. Бірақ өзіңіз түсінгендей, алаяқтар қаржы нарығының бір бөлігіне жатпайды. Алаяқтық - қылмыстың бір түрі, ал қылмыспен күрес міндетін ҚР ІІМ-ге жүктеледі. Сонымен бірге, алаяқтар банктер мен микроқаржы ұйымдарының әлсіз жақтарын пайдаланады. Бұл тұрғыдан алғанда Агенттік алаяқтармен күресуге өз үлесін қосады.
Агенттік алаяқтық схемаларын зерттейді, қаржы нарығы субъектілерінің қауіпсіздігін басқару жүйелеріндегі әлсіз тұстарды анықтайды және олардың қауіпсіздік жүйелерін жаңғырту мақсатында заманауи талаптар мен ұсынымдар қояды.
Жалпы, банк қызметкерінің сізге қоңырау соғып, қандай да бір ақпарат сұрамайтынын немесе құрылғыңызбен және ақшаңызбен қандай да бір әрекеттер жасамайтынын естен шығармауға кеңес береміз. Мұндай қоңырауды дерек тоқтатып тастаңыз. Толықтай сенімді болу үшін банкке картаңызда көрсетілген нөмір бойынша қайта қоңырау соқсаңыз болады.
Егер сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, ең алдымен құқық қорғау органдарына (полицияға) өтініш беру керек. Тергеу және сот процесі көп уақытты қажет етеді, сондықтан сақ болып, алаяқтарға алданып қалмау керек.
Агенттік банктер мен микроқаржы ұйымдары сияқты нарықтың заңды қатысушыларына сәйкесінше Банктердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларын әзірледі.
Аталған нормативтік құқықтық актілерде алаяқтарға клиенттің тікелей қатысуынсыз клиентке ақша шығаруға немесе кредит ресімдеуге мүмкіндік бермейтін қаржы ұйымдарының ақпараттық жүйелерінде, интернет-ресурстарында және мобильді қосымшаларында ақпаратты қорғауға қойылатын талаптар айқындалған.
Сондықтан алаяқтар бізді ақша шығаруға немесе кредит ресімдеуге тарту үшін қоңырау соғады, өйткені олар мұны біз қатыспай жасай алмайды. Егер біздің шоттарымыздан біз қатыспай ақша шығару және кредит ресімдеу мүмкін болатын болса, онда бізге ешкім қоңырау соқпай, ақшамыз ұрлана берер еді.
Қаржылық қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін телефон арқылы белгісіз адамдармен қаржылық мәселелер бойынша сөйлеспеңіз.