
Сақтандыру секторы
Агенттік қызметі сақтандыру нарығын реттеу мен дамытуға, сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және сақтандыру жүйесіне деген сенімді қолдауға, сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етуге, сақтандыру нарығына қатысушылардың қызметі үшін тең құқылы жағдайлар жасауға және Қазақстанның сақтандыру нарығында адал бәсекелестікті қолдауға бағытталған.

САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР
- Страховые (перестраховочные) организации
- Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өкілдіктерінің тізімі
- Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өкілдіктерінің тізімі
- Сақтандыру брокерлері
- Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерлерінің өкілдіктерінің тізімі
- Актуарийлер
- "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" АҚ
- Өзара сақтандыру қоғамдары
ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАДАҒАЛАУ
ТАРАТУ ПРОЦЕСІ
РҰҚСАТТАР ЖӘНЕ ХАБАРЛАМАЛАР ТІЗІЛІМІ
- Рұқсаттар
- Хабарламалар
- Басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) қолданыстағы келісімдердің тізілімі
ҮМІТКЕРЛЕРДІ ТЕСТІЛЕУ
- Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің, басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидаттарды, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға үміткер тұлғаларды тестілеуге арналған
- "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" АҚ басшы лауазымдарына үміткерлерге арналған
- Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі лауазымдарына кандидаттарды тестілеуге арналған тест сұрақтары
- Тестілеудің Online көрсетілімі
ҚОСЫМША АҚПАРАТ
- Шығарып тасталған агенттер
- Бейрезиденттердің тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары
- Басшы қызметкер лауазымын иеленуге берілген келісім қайтарып алынған тұлғалардың тізімі
СТАТИСТИКА
Қаржы секторының көрсеткіштері:
CАНКЦИЯЛАР ЖӘНЕ ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫ
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықТүсініктемелер
Бағыт бойынша барлық жаңалықБаспасөз релиздері
Барлық баспасөз релиздеріСұхбаттар
Барлық сұхбаттарСөйлеген сөздер
Барлық сөйлеген сөздерПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 25 тамыз 2026Біз туралы БАҚҚазақстанда тұрғын үйді міндетті сақтандыру енгізілуі мүмкін
- 24 тамыз 2026Біз туралы БАҚҚазақстандықтарға инвестициясы бар зейнетақы аннуитеті ұсынылады
- 19 маусым 2026Біз туралы БАҚҚазақстанда сақтандыру нарығын дамытудың жаңа тұжырымдамасы талқыланды
Медиагалерея
Бағыт бойынша барлық медиагалереяОқиғалар күнтізбесі
Барлық оқиға
өтіп кеттіАлматыда сақтандыру нарығының кадрлық әлеуетін арттыру талқыланды17 қыркүйек 2026Кездесу
өтіп кетті
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруCақтандыру омбудсманы сақтандыру компаниясымен дау кезінде сізге көмектеседі.
Сақтандыру омбудсманы өзінің қызметінде тәуелсіз жеке тұлға болып табылады, мұнда ол сақтандыру ұйымдары және оның клиенттері (сақтанушылар, сақтандырылушылар және пайда алушылар), сондай-ақ сақтандыру ұйымдары арасындағы өзара қарым-қатынастарды (даулы оқиғалар) реттеуді жүзеге асырады. Негізгі міндеттер тараптар арасындағы әділ, жан-жақты, объективті қарау және әділ, заңды шешім шығару болып табылады.
Сақтанушылар (пайда алушылар), сақтандырылушылар арасындағы өзара қарым қатынастарды сақтандыру омбудсманы ӨТЕУСІЗ жүзеге асырады. Сақтандыру омбудсманының институт Қазақстанда 2007 жылдан бастап жұмыс істейді.
Сақтандыру омбудсманының қызметі туралы жан-жақты ақпаратты мынадай сайттан алуға болады http://www.insurance-ombudsman.kz, электрондық почта бойынша office@omb.kz, не телефон бойынша (727) 382-41-74. Офистің тұрғылықты мекенжайы: Алматы қ., Рысқұлбеков к-сі 28/7, территория «Бай – Тал» ТК аумағы, 2-қабат.
Бірыңғай сақтандыру дерекқорды (бұдан әрі - СБДҚ) қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым «Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» ҚР Заңы 7-бабының 2-1-тармағына сәйкес «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ болып табылады.
«Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – СҚ туралы Заң) 82-бабының 1-тармағына сәйкес дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, бұдан басқа:
- СҚ туралы заңда және №177 қаулыда көзделген тәріппен сақтандыру есептерін беруге;
- осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру есептерінде қамтылған ақпараттың ашылуына жол бермеуге міндетті.
СҚ туралы заңның 80-бабының 4-тармағында сақтандыру есебін алушылардың толық тізбесі айқындалды, оларға мыналар жатады:
- Ұлттық Банк (СҚ туралы Заңының 80-бабы 4-тармағының 1) тармақшасы);
- Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқор субъектілерін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар (СҚ туралы Заңының 80-бабы 4-тармағының 2) тармақшасы);
- дерекқор субъектілері (сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы) (СҚ туралы Заңының 80-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы);
- ҚР АК-тің 830-бабы 5-тармағының 1), 2), 3), 4) және 4-4) тармақшаларында аталған тұлғалар (СҚ туралы Заңының 80-бабы 4-тармағының 8) тармақшасы).
СҚ туралы Заңның 80-бабының 4-тармағында көрсетілмеген өзге тұлғаларға СБДҚ-дан ақпарат беруге рұқсат етілмейді.
ҚР АК 830-бабы 5-тармағының 1), 2), 3), 4) және 4-4) тармақшаларында көрсетілген, СБДҚ-дан ақпарат беруге рұқсат етілген тұлғалар мыналар болып табылады:
- сақтанушының (пайда алушының) өкілі – нотариус куәландырған сенімхаттың негізінде;
- анықтау және алдын ала тергеу органы – оның жүргізуіндегі қылмыстық істер бойынша;
- сот – соттың ұйғарымы немесе қаулысы негізінде оның жүргізуіндегі істер бойынша;
- прокурор – өз құзыреті шегінде оның қарауындағы материалдар бойынша тексеру жүргізу туралы қаулы негізінде;
- көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарына қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен, ал өзге сақтандыру шарттарына қатысты – прокурордың санкциясымен.
Осылайша, ҚР заңнамасына сәйкес, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарттары туралы СБДҚ-дан ақпарат алу үшін тиісті тұлғалар «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-қа мына мекенжай бойынша хабарласуы қажет: Алматы қаласы, Әйтеке би к., № 67 үй, тел: 8 (727) 352-75-70.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 147 қаулысымен бекітілген Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және олардың өкілеттіктері қағидаларының 11-тармағына сәйкес уақытша әкімшіліктің қолданылу мерзімі ішінде ұйымның мүлкімен мәмілелер жасасуға және оларды орындауға, оның ішінде ұйымның кез келген нысандағы кредиторлық берешекті өтеуді қоса алғанда, міндеттемелерді орындауына, ұйымның ағымдағы міндеттемелерін орындауға байланысты мәмілелерді, уақытша әкімшіліктің шығыстар сметасын және ҚР азаматтық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, қарсы біртекті талаптарды есепке жатқызуды жүзеге асыруға жол берілмейді.
«Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – СҚ туралы заң) 69-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес кредиторлардың таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына талаптары, тарату ісін жүргізуге қойылуы мүмкін.
СҚ туралы заңның 72-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бiрiншi кезекте, кредиторлардың сақтандыру ұйымын тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін басталған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі талаптары қанағаттандырылады.
Осылайша, сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап сақтандыру төлемін тарату комиссиясы заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізеді.






















