Жиі қойылатын сұрақтар
| Өтініштерді қараудың жалпы мерзімі – 15 жұмыс күнінен аспауға тиіс, бұл ретте клиентті міндетті түрде хабардар ете отырып, тағы 15 жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін. Банк қызметтерін тұтынушы қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы тиісті шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етіледі. |
| Банк 21 жасқа толмаған не 55 жастан асқан банктік қызметтерді тұтынушы - жеке тұлғамен мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз шартын аталған жеке тұлға осындай шартты жасауға келісімді ұсынғаннан кейін ғана жасайды. Келісім екі тәсілдің бірімен ресімделеді: банкте, соның ішінде филиалда/бөлімшеде жеке қатысу кезінде қағаз жеткізгіште не ЭЦҚ-мен куәландырыла отырып, кредиттік бюро, «цифрлық үкімет» порталы немесе банктің оның шлюзімен интеграцияланған цифрлық объектілері арқылы цифрлық нысанда ресімделеді. Қарыз алушының қарыз беру туралы банк шешімінің қолданылу мерзімі ішінде келісімді ұсынбауы қарыз алушының мұндай қарызды алудан бас тартуы болып есептеледі. |
| «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында депозитарлық қызметті және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын жалғыз ұйым «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ (бұдан әрі – Орталық депозитарий) болып табылады. Бағалы қағаздар нарығы туралы Заңның 38-бабына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарға құқықтарды растау орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстау жүйесінде тіркелген тұлғаның дербес шотынан үзінді көшірме ұсыну арқылы жүзеге асырылады. Бағалы қағаздар нарығы туралы Заңның 1-бабының 65) тармақшасына сәйкес номиналды ұстау жүйесі – номиналды ұстау қызметтерін көрсететін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының бағалы қағаздарды ұстаушылар және оларға тиесілі бағалы қағаздар туралы мәліметтерді қамтитын, оларды белгілі бір уақыт сәтіне сәйкестендіруді, бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді, сондай-ақ осы бағалы қағаздардың айналысына немесе олар бойынша құқықтарды жүзеге асыруға қойылған тіркелген шектеулердің сипатын және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес өзге де мәліметтерді қамтитын есепке алу жүйесі. Аталған баптың 5) тармақшасына сәйкес бағалы қағаздарды номиналды ұстау – номиналды ұстау шартына немесе Бағалы қағаздар нарығы туралы Заңға сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылардың атынан және олардың есебінен белгілі бір заңдық әрекеттерді жасау, сондай-ақ бағалы қағаздарға құқықтарды есепке алу және растау әрі осындай ұстаушылардың бағалы қағаздарымен мәмілелерді тіркеу. Бағалы қағаздар нарығы туралы Заңның 57-бабының 1-тармағына сәйкес клиенттердің шоттарын бағалы қағаздардың номиналды ұстаушысы ретінде жүргізу құқығына ие брокер және (немесе) дилер номиналды ұстау қызметтерін көрсетуге құқылы. Сонымен қатар, № 9 Қағидалардың 95-тармағына сәйкес брокер және (немесе) дилер клиенттің бірінші талабы бойынша талапты (сұрауды) алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде клиентке оның ақша қаражатын, қаржы құралдарын және өзге де активтерін есепке алу жүйесіндегі деректердің кастодианның және (немесе) орталық депозитарийдің деректерімен сәйкестігін салыстыру актісінен үзінді көшірмені танысу үшін ұсынады. Осыған байланысты, дербес шоттардың, брокерлік шоттардың, бағалы қағаздардың, қатысу үлестерінің, инвестициялық пайлардың бар-жоғы, сондай-ақ аталған активтерге қойылған ауыртпалықтардың болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-нан сұрата аласыз. |
Агенттік қызметшісінің бос лауазымына орналасу Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 3 ақпандағы № 3 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес:
1) конкурстан тыс;
2) конкурс арқылы жүзеге асырылады.
Агенттік қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасуды Қағидалардың 7-тармағына сәйкес келетін адамдар жүзеге асырады.
Агенттіктің қызметшісі лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттарды жұмысқа ресімдеу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Конкурс бос орындар болған жағдайда, қажеттілігіне қарай өткізіледі.
Байқау бірқатар дәйекті кезеңдерді қамтиды:
1) Конкурс өткізу туралы хабарландыруды Агенттіктің ресми интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде конкурс комиссиясының құрамы бекітілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде орналастыру;
2) Қағидаларда белгіленген мерзімде конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдауды жүзеге асыру;
3) кандидаттарды тестілеу және кандидаттармен әңгімелесу;
Конкурстық комиссия кандидаттарды ұсынылған құжаттар, тестілеу, әңгімелесу нәтижелері негізінде бағалайды және Агенттік қызметшісінің бос лауазымына орналасу және кадр резервіне қабылдау үшін олардың арасынан адамдарды іріктейді.
Агенттіктің қызметшісі лауазымына орналасуға конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттарды жұмысқа ресімдеу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
| Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 220-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі – БЖЗҚ) зейнетақы жинақтары бар шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі. № 521 Қағидалардың 19-тармағының 1) тармақшасында өтініш үшінші тұлға арқылы берілген жағдайда, № 521 Қағидалардың 7, 13 және 17-тармақтарында көрсетілген құжаттарға қосымша үшінші тұлға (сенім білдірілген адам, заңды өкіл) нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынатыны белгіленген. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес, дербес деректерді жинау, өңдеу осы баптың 5-тармағында және осы Заңның 9-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен меншіктенуші және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлғамен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) 167-бабының 1-тармағына сәйкес, бір адамның (сенім білдірушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірілген адамға) берген жазбаша уәкілеттігі сенімхат деп танылады. ҚР АК 169-бабының 1-тармағында сенім білдірілген адам өзіне уәкілеттік берілген әрекеттерді жеке өзі жасауға тиіс екені көзделген. Осылайша, дербес деректерді жинау және өңдеу үшін тиісті түрде ресімделген сенімхат болған кезде субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімі қажет. Сонымен қатар, № 39/НҚ бұйрығының 189-тармағына сәйкес, «БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру» көрсетілетін қызметі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген. Өз кезегінде, Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаның 9-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге жеке тұлғаның келісімінің болмауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады. Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға өтініш берген кезде нотариалды куәландырылған сенімхаттың (немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесінің) болуын қамтамасыз ету, субъектінің (немесе оның заңды өкілінің) дербес деректерді өңдеуге келісімін ұсыну, сондай-ақ алушының банктік деректемелерін көрсете отырып, № 521 Қағидалардың 7, 13, 17 және 27-тармақтарының талаптарына сәйкес өтінішті ресімдеу қажет. |
| Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) туралы заңның 1-бабының 1-тармағына сәйкес, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) – Астана қаласының шегіндегі, Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын шекаралары нақты белгіленген, қаржы саласындағы ерекше құқықтық режим қолданылатын аумақ. АХҚО туралы конституциялық заңның 12-бабының 1-тармағында АХҚО Комитеті АХҚО аумағында қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеуді жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылатыны белгіленген. Осыған байланысты, АХҚО аумағындағы компаниялардың қызметіне байланысты қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда, тікелей АХҚО Комитетіне жүгіну қажет. |
| КҚИ АҚЖМС туралы Заңның 19-бабының 1 және 10-тармақтарына сәйкес КҚИ АҚЖМС шартын жасау кезінде төленуге тиіс жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін базалық сақтандыру сыйлықақысы пайдаланылады, оған КҚ тіркелген жеріне, КҚ түріне, сақтанушының (сақтандырылушының) жасына және жүргізу стажына, көлік құралының пайдаланылу мерзіміне, азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған адамдардың кінәсінен сақтандыру жағдайларының болуына немесе болмауына қарай («бонус-малус» жүйесі) КҚИ АҚЖМС туралы Заңның 3-10-тармақтарында белгіленген коэффициенттер қолданылады. «Бонус-малус» жүйесі бойынша коэффициентті есептеу және қолдану тәртібі КҚИ АҚЖМС сыныбы бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін №140 қаулымен белгіленген. №140 қаулының 2 және 3-тармақтарына сәйкес КҚИ АҚЖМС шартын жасасу кезінде сақтанушыға (сақтандырылушыға) №140 қаулыға қосымшаға сәйкес коэффициенттер (бұдан әрі – коэффициент) белгіленіп, тиісті сыныптар беріледі. Сақтандырушының коэффициенттерді қолдануы үшін сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) туралы ақпарат не сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) туралы ақпараттың болмауы, сондай-ақ сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқордан (бұдан әрі – СБДҚ ) және (немесе) мемлекеттік дерекқорлардан сақтандырушы алған, №140 қаулыда көзделген өзге де ақпарат негіз болып табылады. Сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру сыныбы берілген кезде оның кінәсінен болған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары), сондай-ақ жасалған КҚИ АҚЖМС шарттарының санына қарамастан, сыныптың алдыңғы өзгерген күнінен бастап КҚИ АҚЖМС шарты бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған күндер есепке алынуға жатады. Сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайының (сақтандыру жағдайларының) басталуы және ол (олар) бойынша сақтандыру төлемі жүзеге асырылған, №140 қаулыға қосымшаның 7, 10, 11, 12, 13 және 14-тармақтарында белгіленген талаптар ескеріле отырып, №140 қаулыға қосымшаға сәйкес сақтанушының (сақтандырылушының) сыныбының төмендеуіне әкеп соғады. Бұл жағдайда ең төменгі сынып M2 сыныбы болып табылады. Сыныпты одан жоғары сыныпқа өзгерту бір уақытта мынадай шарттар орындалған кезде жүзеге асырылады: - дерекқорды қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымда («Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ) сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) туралы және сыныптың соңғы өзгерген сәтінен бастап дерекқорда есепке алынған ақпараттың болмауы; - жасалған КҚИ АҚЖМС шарттарының санына қарамастан, сақтанушының (сақтандырылушының) КҚИ АҚЖМС шарты бойынша АҚЖ сақтандырылған сыныптың соңғы өзгерген күнінен бастап кемінде күнтізбелік 270 (екі жүз жетпіс) күн туралы дерекқорда ақпараттың болуы. Осылайша, №140 қаулыға қосымшада белгіленген сыныптар арасындағы ауысулар кестесіне сәйкес, сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсі бойынша сақтандыру жағдайлары болмаған және сақтандырудың кемінде күнтізбелік 270 күні болған кезде «бонус-малус» жүйесі бойынша сынып әрбір келесі КҚИ АҚЖМС шартын жасасу кезінде бір сатыға көтерілетін болады. |
Ең жиі кездесетін қателіктер – жеке қаржылық мүмкіндікті жете бағаламау, кредиттің жалпы құнын және ол бойынша артық төлемді есепке алмай, ай сайынғы төлем мөлшеріне ғана назар аудару, сондай-ақ баспананы сатып алуға және күтіп-ұстауға байланысты қосымша шығындарды ескермеу.
Көбіне қарыз алушылар күтпеген өмірлік жағдайлар үшін қауіпсіздік қорын қалдырмай, кредитті қолжетімді ең жоғары сомаға ресімдейді. Сонымен бірге қаржылық «қауіпсіздік қорының» болмауы және кредит шартының талаптарына жете назар аудармау жиі кездесетін қателік болып табылады.
Сондықтан ипотеканы ресімдемес бұрын пайыздық мөлшерлемені, өтеу тәртібін, мерзімінен бұрын өтеу шарттарын және ықтимал қосымша комиссияларды қоса алғанда, қарыздың барлық шартын мұқият зерделеу, сондай-ақ банкке барлық қызықтыратын сұрақты құжаттарға қол қоймас бұрын қоюға кеңес беріледі.
Үйді ипотекаға сатып алу кезінде қарыз бойынша ай сайынғы төлемнің мөлшерін ғана емес, жылжымайтын мүлікті сатып алуға және күтіп-ұстауға байланысты қосымша шығындарды да ескеру қажет. Оларға жылжымайтын мүлікті бағалау, сақтандыру, нотариаттық және тіркеу қызметтері, салық төлеу, тұрғын үйді күтіп-ұстау және жөндеу шығыстары кіреді.
Бұдан басқа, қарыз алушы бұрыннан төлеп келе жатқан кредиттік міндеттемелерді және басқа да тұрақты шығыстарды ескеруі керек, себебі олар борыш жүктемесінің деңгейіне және ипотекалық қарыз бойынша міндеттемелерді уақтылы орындау қабілетіне тікелей әсер етеді.
Табыстың уақытша азаюы, жұмыстан айырылу немесе күтпеген шығыстар туындаған жағдайда қаржылық «қауіпсіздік қорын» алдын-ала қалыптастыру өте маңызды. Мұндай «қауіпсіздік қорының» болмауы қарыз алушылардың жиі кездесетін қателіктерінің бірі болып табылады және берешекті төлеуді кешіктіруге әкеп соғуы мүмкін.
Ипотекалық қарыз бойынша міндеттемелер ұзақ уақыт орындалмаған жағдайда, заңнамада кепілге қойылған мүлікті өндіріп алу мүмкіндігі көзделген. Сонымен қатар, осы шара қолданылғанға дейін қарыз алушыға берешекті реттеудің бірқатар құралдары ұсынылады.
Бұдан басқа, қарыз алушы кепіл мүлкін өзі сату нұсқаларын не берешекті реттеудің заңнамада көзделген өзге де тәсілдерін қарастыра алады. Реттеу нәтижелері болмаған жағдайда ғана банк заңда белгіленген тәртіппен сот арқылы берешекті өндіріп алу және ипотека нысанасын өндіріп алу рәсімдеріне бастама жасауға құқылы.
Осылайша, ипотекаға алған баспананы өндіріп алу берешекті реттеудің заңнамада көзделген рәсімдері жүргізілгеннен кейін қолданылатын ең соңғы шара болып табылады.