Жиі қойылатын сұрақтар
Дропперлік схемалармен тиімді түрде күресу үшін күдікті клиенттерді орталықтандырылған есепке алу жүйесі құрылды. Бұл жұмысты Ұлттық Банктің Антифрод орталығы жүргізеді, онда банктерден, төлем ұйымдарынан, телеком-операторлардан және құқық қорғау органдарынан ақпарат келіп түседі.
Жүйеде дерекқордың екі деңгейі: дропперлердің сұр және қара тізімдері қалыптастырылады.
«Сұр тізімге» күдікті операциялар анықталған клиенттер кіреді. Бұл «әрекеттер базасы» - дәлелденбеген бұзушылық, бірақ банктер мен реттеушілер үшін клиенттің картасы немесе шоты дропперлік схемаларында қолданылғанын білдіретін белгі.
«Қара тізімге» заңсыз операцияларға қатысуын құқық қорғау органдары растаған клиенттер кіреді. Бұл дәлелденген факт («оқиғалар базасы») және мұндай адамдар бұзушылық жасаушы ретінде танылады.
Дропперліктің алғашқы белгілері пайда болған сәтте банк қашықтан қызмет көрсетуді шұғыл тоқтата тұруға, шот бойынша шығыс операцияларын бұғаттауға және Антифрод-орталыққа хабар жіберуге міндетті. Ақпарат бірден басқа банктер мен микроқаржы ұйымдарына қолжетімді болады.
«Сұр және қара дропперлердің» тізімдері еш жерде жарияланбайды, себебі ол дербес деректерді қамтиды және тек қызметтік мақсаттарда қолданылады. Бұл ақпаратты және азаматтардың құқықтарын қорғау қағидаттарына сәйкес, бірақ бұл ретте қаржы ұйымдары мен қадағалау органдары арасындағы жылдам деректер алмасуды қамтамасыз етеді.
Карталарды қашықтан шығарған және қайта шығарған кезде биометрияны пайдалану арқылы екі факторлы бірдейлендіру қолданылады. Банктік карталар мобильді байланыстың тек қазақстандық нөмірлеріне ғана байланыстырылуы мүмкін, бұл шетелдік SIM-карталардың қолма-қол ақшаға айналдыратын схемаларда пайдаланылуын болдырмайды.
Сондай-ақ, карталардың санына шектеу белгіленген:
- бір банкте 5 картадан аспауға тиіс;
- әртүрлі банкте 10 картадан аспауға тиіс;
- тәуекел деңгейі жоғары бейрезидент клиенттерде – мерзімі 12 айға дейінгі тек 1 карта.
Мұндай шара карталарды одан әрі көлеңкелі айналымға беру үшін оларды бір адамға жаппай тіркеудің алдын алады.
Тиісті өзгерістер «Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және микроқаржы ұйымдарының биометриялық идентификаттау өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 56 қаулысына енгізілді.
Дропперлік — бұл банктік шотқа, төлем құралына не сәйкестендурі құралына қолжетімділікті заңсыз ұсыну, беру немесе иелену; заңсыз, оның ішінде материалдық сыйақыға үшінші тұлғалардың мүддесі үшін төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру.
Аталған практика интернет-алаяқтық схемаларындағы негізгі элементтердің бірі болып табылады және ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру мен шығару үшін пайдаланылады.
2025 жылғы 16 шілдеден бастап ҚР Қылмыстық кодексіне 232-1-бап енгізіліп, соған сәйкес банктік картаны немесе шотты заңсыз бергені үшін 160 АЕК-тен басталатын айыппұл, 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе бас бостандығынан айыру көзделген.
Бұл ретте карталарды жақын туыстарға (жұбайына/зайыбына/балаларға) беруге тыйым салынбаған. Алайда дропперлік жағдайларының көбеюіне байланысты банктік карталарды пайдалануға қойылатын талаптарды қатаңдататын жаңа қағидалар енгізілген.
2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Агенттіктің коллекторлық қызметке қатысты саясаты коллекторлық қызметтер нарығын ретке келтіру үшін реттеуді қатаңдатуға және берешекті өндіріп алу кезінде жосықсыз практикаларды азайтуға бағытталған.
Мәселен, 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде:
- коллекторлық агенттіктердің борышкерлермен өзара іс-қимыл процесіне қойылатын талаптар күшейтілді;
- одан әрі арттыра отырып, капиталдың ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ басшы қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары белгіленді;
- үлестес кредиторларға қызмет көрсету шектелді;
- коллекторлық агенттіктердің өзара үлестес болуына және үлестес болған жеке сот орындаушыларымен өзара іс-қимылға тыйым салынды.
2024 жылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес жеке тұлғалардың коллекторлық агенттіктерге микрокредиттерін беруге заңнамалық деңгейде тыйым салынды.
2025 жылғы шілдеден бастап коллекторлық агенттіктердің жауапкершілігін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында коллекторлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бұзғаны үшін, сондай-ақ жосықсыз әрекеттер жасағаны үшін айыппұлдар мөлшерін екі есе ұлғайту көзделген.
Ия. Коллекторлық қызмет туралы заңның 16-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, борышкер және (немесе) оның өкілі коллекторлық агенттіктің жұмыскерлерімен өзара іс-қимыл жасасу процесін аудио- және (немесе) бейнетехника құралдарының көмегімен өзі дербес тіркеуге құқылы.
Коллекторлық қызмет туралы заңның 5-бабына сәйкес борышкерлермен/үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау кезінде коллекторлық агенттіктердің қызметкерлеріне қорқыту, жеке басын қорлау, бопсалау, жаңылыстыру сияқты жосықсыз әрекеттерді қолдануға қатаң тыйым салынады, сондай-ақ коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны жария етуге тыйым салынады
Қарыздар бойынша берешекті өндіріп алу кезінде жосықсыз практикаға жол бермеу мақсатында Агенттік коллекторлық агенттіктермен, оның ішінде оның іс-әрекеттерінде бұзушылықтар расталған кезде тиісті шаралар қабылдау тұрғысынан тиісті жұмыс жүргізеді.
2024 жылғы 1 қазаннан бастап коллекторлық агенттіктер борышкерлердің қайта құрылымдауды, айыппұлдарды/өсімпұлдарды азайтуды немесе жоюды, қарызды толық немесе ішінара кешіруді қоса алғанда, қарыз шарттарын өзгертуге, өтініштерін қарауға міндетті.
Берешекті реттеу рәсімін іске асыруды коллекторлық агенттік дербес жеке негізде қарайды. Көмек берілуі мүмкін қарыз алушылардың негізгі санаты - қиын қаржылық жағдайға тап болған және кірістерінің төмендегенін растаған азаматтар
Қарыз бойынша төлемді кейінге қалдыру халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы азаматтар мен төтенше жағдайлардан зардап шеккендер үшін кемінде 3 ай мерзімге беріледі.
Қарыз алушы микрокредит шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішті міндеттемені орындаудың кешіктірілуіне алып келген мән-жайларды (фактілерді) растайтын құжаттарды, кірістер туралы мәліметтерді (ауру, жұмысынан айырылу, ТЖ және т. б.) қоса бере алады.
Қажетті құжаттардың тізбесі:
1) жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама және (немесе) қарыз алушының жұмыс орнынан соңғы 6 айдағы кірісі туралы анықтама немесе қарыз алушының ақшасының түсуі мен қозғалысы туралы үзінді көшірме;
2) жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы, жалақысы сақталмайтын демалыс беру туралы актісі немесе қарыз алушының еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы анықтама/парақ;
3) жалақының мөлшерін көрсете отырып, жұмыс орнынан анықтама және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме;
4) қарыз алушының жүктілікке және баланың (балалардың) тууына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста, сондай-ақ бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста болғанын растайтын құжат;
5) қарыз алушының жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) ауруын растайтын еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама, сондай-ақ қарыз алушының жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) қайтыс болғаны туралы куәлік/анықтама;
6) жалдау ақысын төлеу тәртібі мен мерзімдері көрсетілген нотариалды куәландырылған жалдау шарты;
7) жазатайым оқиға, үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері нәтижесінде қарыз алушыға материалдық залал келтірілгенін растайтын құжаттар (айналымдағы тауарларды немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қарыз алушы пайдаланған өзге де мүлікті ұрлау);
8) форс-мажорлық жаңдайлардың басталу фактісін растайтын ресми құжаттар;
9) мүгедектігі туралы анықтама;
10) уәкілетті мемлекеттік органның қарыз алушының шоттарына тыйым салу туралы шешімі;
11) инкассолық өкім;
12) сот актілері;
13) қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлау фактісін растайтын өзге де құжаттар.
Қарыз алушы құжаттар мен мәліметтерді толық ұсынбаған кезде микроқаржы ұйымы мерзімі өтіп кету себептерін растайтын жетіспейтін құжаттарды сұратуға құқылы.
Қарыз бойынша төлемді кейінге қалдыру халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы азаматтар мен төтенше жағдайлардан зардап шеккендер үшін кемінде 3 ай мерзімге беріледі.
Қарыз алушы банкке қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттармен бірге өтініш бере алады. Банк оны қарауға және негіздемелер расталған кезде қарыз шартындағы өзгерістерді қосымша комиссиясыз келісуге міндетті.
Қажетті құжаттардың тізімі:
- жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама және (немесе) жұмыс орнынан соңғы 6 айдағы қарыз алушының табысы туралы анықтама немесе қарыз алушының ақшасының түсуі мен қозғалысы туралы үзінді -көшірме;
- жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы, жалақысы сақталмайтын демалыс беру туралы актісі немесе қарыз алушының еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы анықтама/парақ
- жалақының мөлшерін және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді- көшірмені көрсете отырып, жұмыс орнынан анықтама;
- қарыз алушының жүктілігіне және баланың (балалардың) тууына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста, сондай-ақ бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста болғанын растайтын құжат;
- қарыз алушының жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) ауруын растайтын еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама, сондай-ақ қарыз алушының жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) қайтыс болғаны туралы куәлік/анықтама;
- жалдау ақысын төлеу тәртібі мен мерзімдері көрсетілген нотариалды куәландырылған жалдау шарты;
- жазатайым оқиға, үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері нәтижесінде қарыз алушыға материалдық залал келтірілгенін растайтын құжаттар (айналымдағы тауарларды немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қарыз алушы пайдаланған өзге де мүлікті ұрлау);
- төтенше жағдайлардың басталу фактісін растайтын ресми құжаттар;
- мүгедектік туралы анықтама;
- уәкілетті мемлекеттік органның қарыз алушының шоттарын тыйым салу туралы шешімі;
- инкассолық өкім;
- сот актілері;
- қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлау фактісін растайтын өзге де құжаттар.
Қарыз алушы құжаттар мен мәліметтерді толық ұсынбаған кезде банк мерзімі өтіп кету себептерін растайтын жетіспейтін құжаттарды сұратуға құқылы.
Банктер мен микроқаржы ұйымдары халықтың әлеуметтік осал топтары (бұдан әрі-ХӘОТ) санатына жататын және төтенше оқиғалардан зардап шеккен қарыз алушы – жеке тұлғаларға комиссиялар мен өзге де төлемдер ұстамай, берешекті өтеу бойынша кемінде 3 ай мерзімге кейінге қалдыру беруге міндетті.
Кейінге қалдыру, егер ХӘОТ санатына жататын қарыз алушының өтініш берер алдындағы 2 айдағы орташа айлық табысы алдыңғы 12 айдағы табыспен салыстырғанда 30%- дан астам төмендеген жағдайда не атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған кезде беріледі.
Негіз: Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы
16 шілдедегі №82 қаулысы (2025 жылғы 31 тамыздағы өзгерістермен).