Жиі қойылатын сұрақтар

 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 147 қаулысымен бекітілген Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және олардың өкілеттіктері қағидаларының 11-тармағына сәйкес уақытша әкімшіліктің қолданылу мерзімі ішінде ұйымның мүлкімен мәмілелер жасасуға және оларды орындауға, оның ішінде ұйымның кез келген нысандағы кредиторлық берешекті өтеуді қоса алғанда, міндеттемелерді орындауына, ұйымның ағымдағы міндеттемелерін орындауға байланысты мәмілелерді, уақытша әкімшіліктің шығыстар сметасын және ҚР азаматтық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, қарсы біртекті талаптарды есепке жатқызуды жүзеге асыруға жол берілмейді.

«Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – СҚ туралы заң) 69-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес кредиторлардың таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына талаптары, тарату ісін жүргізуге қойылуы мүмкін.

СҚ туралы заңның 72-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бiрiншi кезекте, кредиторлардың сақтандыру ұйымын тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін басталған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі талаптары қанағаттандырылады.

Осылайша, сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап сақтандыру төлемін тарату комиссиясы заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізеді.