Жиі қойылатын сұрақтар
ҚР Азаматтық кодексінің 806-бабының 6-тармағына сәйкес ерікті сақтандыру – тараптардың ерік білдіруіне қарай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ерікті сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі тараптардың келісімімен айқындалады. Автомобиль көлігін ерікті сақтандыру шарты — бұл сақтандыру түрлерін, шарттары мен тәртібін сақтандыру компаниясы мен сақтанушы тікелей айқындайтын тараптардың еркі бойынша жасалатын келісім. Мұндай шарт тәуекелдердің кеңейтілген тізімін (мысалы, автомобильдің өзіне келтірілген залал, ұрлық, өрт және басқалар), сондай-ақ Тараптар өздері келісетін қосымша қызметтер мен шарттарды қамтуы мүмкін. Ерікті сақтандыру Азаматтық кодекстің нормаларымен және сақтандыру ұйымдарының ішкі қағидаларымен реттеледі. Қазақстанда көлік иелерінің екі негізгі сақтандыру түрі бар – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру және КАСКО. Міндетті сақтандыру – бұл жүргізушінің үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілігін сақтандыру. Яғни, егер жүргізуші жол-көлік оқиғасының (ЖКО) себепкері болса, сақтандыру компаниясы зардап шеккен тарапқа келтірілген зиянды өтейді. Алайда, өзінің көлігіне келтірілген залалды жүргізуші өзі өтейді. Егер полис болмаса, бөтен мүлікті қалпына келтіру бойынша барлық шығын апатқа кінәлі тұлғаның өзіне жүктеледі. Бұл полиссіз жолға шығуға тыйым салынады, ал онсыз көлік жүргізу айыппұл салуға әкеп соғады. «КАСКО» — көп адам ойлағандай аббревиатура емес. «КАСКО» сөзі испан тілінен (casco – дулыға) немесе голланд тілінен (корпус) деген мағынаны білдіреді. КАСКО – бұл көлікті ерікті сақтандыру түрі, ол сіздің көлігіңізге келтірілген залалды өтейді, ал көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру — үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілікті жабады. Бұл ерікті автосақтандыру түрі түрлі күтпеген жағдайлар кезінде – жол апаты, ұрлық, өрт немесе табиғи апаттар салдарынан көлікке келтірілген залалдан немесе оны жоғалтудан қорғауды қамтамасыз етеді. Мұндай жағдайда сақтандыру компаниясы шартта көрсетілген талаптарға сәйкес көлікке келтірілген зиянды өтейді немесе жөндеуді өз міндетіне алады.
КАСКО полисін сатып алмас бұрын, бұл сақтандыру түрі бойынша қандай тәуекелдер өтелетінін мұқият зерттеу қажет екенін естен шығармау керек. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z030000446_
"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 86-бабының 1-тармағына сәйкес сақтандыру омбудсманы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға болып табылады:
1) сақтандыру ұйымдары арасында міндетті және ерікті сақтандыру мәселелері бойынша туындайтын;
2) сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) мен сақтандыру ұйымдары арасында сақтандыру шарттарынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға сақтандыру омбудсманы болып табылады.
Cақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) болып табылатын жеке тұлғалар және (немесе) шағын кәсіпкерлік субъектілері барлық сақтандыру түрлері бойынша келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгінуге құқылы. Өзге заңды тұлғалар сақтандыру омбудсманына көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша ғана жүгіне алады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде аталған тұлғалардың келіспеушіліктері бойынша талаптар сомасы айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен аспауға тиіс
КҚИ АҚЖМ туралы Заңның 24-бабының 1-тармағына сәйкес сақтандырушының бір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің шекті көлемі (сақтандыру сомасы) (айлық есептік көрсеткіштерде)мынадай мөлшерді құрайды: 1) әрбір жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені және: қайтыс болуына әкеп соқтырғаны үшін - 2000;
мүгедектікті белгілеуге әкеп соқтырғаны үшін:
бірінші топ - 1 600;
екінші топ - 1 200;
үшінші топ - 500;
мүгедектігі бар бала - 1 000;
мүгедектік белгіленбей мертігу, жарақат алу немесе денсаулықтың өзге де зақымдануы-амбулаториялық және (немесе) стационарлық емдеуге арналған нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ 300-ден аспайтын мөлшерде;
2) бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 600-ден аспайтын мөлшерде;
3) бір мезгілде екі және одан да көп жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін — келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ әрбір жәбірленушіге 600-ден аспайтын мөлшерде. Бұл ретте барлық жәбірленушілерге сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері 2 000-нан аспауға тиіс. Зиян мөлшері сақтандырушының жауапкершілігінің шекті көлемінен асып кеткен жағдайда, әрбір жәбірленушіге сақтандыру төлемі оның мүлкіне келтірілген зиян дәрежесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Сақтандыру қызметі туралы заңның 3-бабының 16) тармақшасына сәйкес сақтандыру агенті – сақтандыру агенттерінің тізіліміне енген және тапсырыс шарты негізінде бір немесе бірнеше сақтандыру ұйымдарының атынан және олардың тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Сақтандыру қызметі туралы заңның 18-бабының 1-тармағына сәйкес сақтандыру агентiнiң сақтандыру нарығында делдалдық қызметтi жүзеге асыруға өкiлеттiктерi осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптары ескеріле отырып, тапсырма шартында айқындалады. Сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. Сақтандыру агентi сақтандыру ұйымы уәкілеттік берген әрекеттерді жеке өзі жасайды және оларды жасауды өзге тұлғаға қайта сенім білдіріп тапсыруға құқылы емес. Сақтандыру агентінде өкiлеттiктер болмаған жағдайда оның сақтандыру агентi ретіндегі қызметiне жол берiлмейдi. ҚР АК 846-бабына сәйкес тапсырма шарты бойынша бiр тарап (сенiм бiлдiрiлген өкiл) екiншi тараптың (сенiм бiлдiрушiнiң) атынан және соның есебiнен белгiлi бiр заңды iс-әрекет жасауға мiндеттенедi. Сенім білдірілген өкiл жасаған мәмiле бойынша құқықтар мен мiндеттер тiкелей сенiм бiлдiрушiде пайда болады. Тапсырма шарты жазбаша нысанда жасалады.
Осылайша, сақтандыру агентінің сақтандыру ұйымының атынан және оның тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметі заңнаманың жоғарыда келтірілген ережелерін ескере отырып жасалған тапсырма шарты негізінде жүзеге асырылады.
№14 Қаулыға 2-қосымшаның 5-тармағына сәйкес жәбірленушіге (пайда алушыға) немесе олардың өкілдеріне зиян мөлшерін есептеу нәтижелеріне дау айту КҚИ АҚЖС туралы заңның 29-1-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады
Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушы) жазбаша нысанда талаптарын көрсетіп және өзінің талабын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге не СҚ туралы заңда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін өтінішін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.
Осылайша, ҚР сақтандыру нарығында өз қызметін сақтандыру омбудсманы жүзеге асырады, ол өз қызметінде тәуелсіз тұлға болып табылады, оның функцияларына өзара қатынастарды реттеу және сақтанушылар мен сақтандыру ұйымдары арасындағы сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды соттан тыс шешу кіреді.
Сақтандыру омбудсманы сақтандыру ұйымынан тәуелсіз есептеулер жасайды, оның ішінде бағдарламалық кешендер арқылы
Азаматтар үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну өтеусіз болып табылады және омбудсманның шешімдері сақтандыру ұйымдары үшін орындалуға міндетті
СҚ туралы заңның 90-бабының 5-тармағына сәйкес сақтандыру омбудсманының шешімін алғаннан кейін ғана сотқа жүгінуге болатынына назар аударамыз.
Зейнетақы аннуитеті шартын жасау арқылы салымшы өзінің сақтандыру сыйлықақысы түріндегі зейнетақы жинақтарын өмірді сақтандыру компаниясына (бұдан әрі – ӨСК) беріп, оның орнына ӨСК-ден өмір бойғы төлемдер алу құқығына ие болады.
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 226-бабының 8-тармағына сәйкес басқа ӨСК-мен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда, бірақ ол жасалған күннен бастап екі жылдан кейін сақтанушының бастамасы бойынша ғана зейнетақы аннуитеті шартын бұзуға болады.
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 226-бабының 13-тармағына сәйкес зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан адамдар оны жасасқан күннен бастап екі жылдан кейін сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту бөлігінде шарттың талаптарын өзгерту және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ақшаны қайтару туралы өтінішпен сақтандыру ұйымына жүгінуге құқылы.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтарылуға жататын ақша сомасы зейнетақы аннуитеті шарты бойынша оған өзгерістер енгізілген күнгі сатып алу сомасы және зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күнгі осы Кодекстің 225-бабының 2-тармағында айқындалған төлем мөлшері негізге алына отырып есептелген сақтандыру сыйлықақысының сомасы арасындағы айырмаға тең болады.
Осылайша, зейнетақы аннуитеті шарты заңды күшіне енгеннен кейін оны бұзудың не ақшаның бір бөлігін БЖЗҚ-ға қайтарудың өзге де талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген.
«Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңының 90-бабының 5-тармағына сәйкес (жеке тұлғалар және (немесе) шағын кәсіпкерлік субъектілері) сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) болып табылатын, осы Заңның 86-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде аталған тұлғалар, сондай-ақ сақтандырушы сақтандыру омбудсманының шешімін алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы. Бұл ретте сақтандыру омбудсманының шешімін орындау сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін міндетті болып табылмайды.