Жиі қойылатын сұрақтар
|
«ҚР Азаматтық кодексінің 806-бабының 6-тармағына сәйкес, ерікті сақтандыру – бұл тараптардың ерікті келісімі негізінде жүзеге асырылатын сақтандыру. Ерікті сақтандырудың түрлері, шарттары және тәртібі тараптардың келісімімен анықталады. Көлікті ерікті сақтандыру шарты – бұл тараптардың ерікті келісімі бойынша жасалатын келісім, онда сақтандырудың түрлері, шарттары және тәртібі тікелей сақтандыру компаниясы мен сақтандыру алушы тарапынан белгіленеді. Мұндай шартқа кеңейтілген тәуекелдер тізімі (мысалы, көлікке келетін залал, ұрлық, өрт және басқалары), сондай-ақ тараптар өзара келісетін қосымша қызметтер мен шарттар енгізілуі мүмкін. Ерікті сақтандыру Азаматтық кодекстің нормаларымен және сақтандыру ұйымдарының ішкі қағидаларымен реттеледі. Қазақстанда көлік иелерінің екі негізгі сақтандыру түрі бар – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру және КАСКО. Міндетті сақтандыру – бұл жүргізушінің үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілігін сақтандыру. Яғни, егер жүргізуші жол-көлік оқиғасының (ЖКО) себепкері болса, сақтандыру компаниясы жәбірленушіге келтірілген залалды өтейді.. Алайда өз көлігін жөндеу шығындарын жүргізуші өзі төлейді. Ал полис болмаған жағдайда, өзге біреудің мүлкін қалпына келтіруге байланысты барлық шығындар жол-көлік оқиғасының кінәлісіне жүктеледі. Бұл полиссіз жолға шығуға тыйым салынады, ал онсыз көлік басқару айыппұл салуға әкеп соғады. «КАСКО» — көп адам ойлағандай аббревиатура емес. «КАСКО» сөзі испан тілінен (casco – дулыға) немесе голланд тілінен (корпус) деген мағынаны білдіреді. КАСКО – бұл көлікті ерікті сақтандыру түрі, ол сіздің көлігіңізге келтірілген залалды өтейді, ал көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру — үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілікті қамтиды. Бұл ерікті автосақтандыру түрі әртүрлі күтпеген жағдайларда, соның ішінде жол-көлік оқиғалары, ұрлық, өрт және табиғи апаттар кезінде автокөліктің зақымдануынан немесе жоғалуынан қорғауды қамтамасыз етеді. Мұндай жағдайда сақтандыру компаниясы жасалған шартқа сәйкес келтірілген залалды өтеуге немесе автокөлікті жөндеуге міндетті. |
|
2025 жылғы 30 маусымда Мемлекет басшысы «Қаржы нарығын дамыту, қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық реттеуді алып тастау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойды. Бұған дейін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының кепілдіктері міндетті сақтандырудың барлық түрлеріне (жүктелген сақтандыруды қоспағанда), Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) шеңберінде жасалған сақтандыру шарттарына және зейнетақы аннуитеті шарттарына қолданылған. |
|
«Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңының 90-бабының 5-тармағына сәйкес (жеке тұлғалар және (немесе) шағын кәсіпкерлік субъектілері) сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) болып табылатын, осы Заңның 86-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде аталған тұлғалар, сондай-ақ сақтандырушы сақтандыру омбудсманының шешімін алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы. Сақтандыру омбудсманы сақтанушы (сақтандырылған, пайда алушы) ретінде жеке тұлғалар немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері әрекет ететін сақтандырудың барлық түрлері бойынша келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асырады. Басқа заңды тұлғалар сақтандыру омбудсманына міндетті автосақтандыру шеңберінде ғана жүгіне алады. Сақтандыру омбудсманына оның Алматы қаласы, Рысқұлбеков көшесі, 28/7, 2-қабат мекенжайы бойынша орналсқан кеңсесіне тікелей жүгінуге болады. Сондай-ақ, өтінішті сақтандыру омбудсманының сайты (www.omb.kz) арқылы немесе оның электрондық мекенжайына: office@omb.kz жіберуге болады. Сонымен қатар, сақтандыру ұйымы сақтандыру омбудсманына оның филиалы, өкілдігі арқылы немесе сақтандыру ұйымының сайтына жіберілuty өз клиентінің өтінішін қайта жіберуге міндетті. |
Жеке тұлғалардың-сақтанушылардың (сақтандырылушының) сақтандыру сыныбын айқындау олардың кінәсінен болған сақтандыру жағдайларының басталу саны мен мән-жайлары туралы деректерді қамтитын олардың сақтандыру тарихына сүйене отырып, жеке жүзеге асырылады.
КҚИ АҚЖС шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін есептеу кезінде пайдаланылатын «бонус-малус» жүйесінің негізгі көрсеткіштері ретінде сақтанушының (сақтандырылушының) тиісті сыныпты бере отырып, оның кінәсінен болған сақтандыру жағдайларының болуына немесе болмауына байланысты жоғарылату немесе төмендету коэффициенттері жүйесі қолданылады.
Сақтандыру тәуекелдерінің сыныптарын есептеуге ұқсас тәсіл әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді және сақтанушының (сақтандырылушының) сақтандыру тарихына негізделеді. Басты мақсат – сақтандыру сыйлықақысын әділ және объективті есептеу. Жүйе жүргізушілерді қауіпсіз жүргізуге ынталандырады, себебі сақтандыру жағдайларының болмауы сақтандыру құнын төмендетеді.
Банктік қарыз шартын жасасу кезінде егер клиент өмірді немесе жазатайым оқиғалардан сақтандыру түрінде қосымша қаржылық қызметті таңдаса, онда банк клиентте өзі таңдаған сақтандыру ұйымының қызметтері бойынша ұсыныстар болмаған кезде олардың тарифтері мен сақтандыру шарттарын көрсете отырып, кемінде үш сақтандыру ұйымының қызметін ұсынады (ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысының 8-2-тармағы).
Клиенттің әрбір шартпен келісімі жазбаша тіркеледі және оның қолымен расталады.
Осылайша, клиент өзі үшін оңтайлы шарттарды ұсынатын сақтандыру компаниясын дербес таңдауға құқылы.
Қазақстанда шетелдік тіркеуі бар автомобильдерді тек ел аумағында жүруге рұқсат етілгендерді, атап айтқанда:
- халықаралық жол жүрісінде жүрген;
- кейіннен есепке қою (тіркеу) үшін уақытша әкелінген;
- Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұрақты тұратын ҚР азаматтарының пайдалануы үшін уақытша әкелінген автокөліктерді ғана сақтандыруға болады.
«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының
1-тармағына сәйкес, көлік құралы, егер оны Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты жоқ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам пайдаланса және:
1) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бар жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі болса;
2) Қазақстан Республикасында тіркелмесе;
3) Қазақстан Республикасына уақытша әкелінсе, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық жол жүрісінде деп есептеледі.
ҚР азаматтары, сондай-ақ шетелдік тіркеуі бар автокөлікті басқаратын шетелдіктер немесе ҚР-да тұруға ықтиярхаты бар азаматтығы жоқ адамдар халықаралық жол жүрісінің қатысушылары болып саналмайды.
Бұл ретте, «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
66-бабының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес, мұндай автомобильдер әкелінгеннен немесе сатып алынғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тіркелуге тиіс. Бұл жағдайда сақтандыру полисі 10 жұмыс күніне дейінгі мерзімге ресімделеді
ҚР Конституциялық Сотының 03.12.2024 ж. № 54-НП нормативтік қаулысына сәйкес ҚР-да тіркелмеген, шетелде тұрақты тұратын ҚР азаматына тиесілі және ҚР аумағында өзі пайдаланатын ҚР-ға уақытша әкелінген көлік құралы елде уақытша болу кезеңіне міндетті тіркеусіз пайдаланылуы және сақтандырылуы мүмкін.
Осылайша, Қазақстанда тіркелмеген шетелдік автокөлік, егер ол халықаралық жол қозғалысында болса немесе шетелде тұрақты тұратын ҚР азаматы уақытша пайдаланса немесе кейіннен есепке қою (тіркеу) үшін уақытша әкелінсе, сақтандырылуы мүмкін. Бұл жағдайлар сақтандыру полисінің шарттары мен мерзімін анықтайды.
Сақтандыру қызметі туралы заңның 3-бабының 16) тармақшасына сәйкес сақтандыру агенті – сақтандыру агенттерінің тізіліміне енген және тапсырыс шарты негізінде бір немесе бірнеше сақтандыру ұйымдарының атынан және олардың тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Сақтандыру қызметі туралы заңның 18-бабының 1-тармағына сәйкес сақтандыру агентiнiң сақтандыру нарығында делдалдық қызметтi жүзеге асыруға өкiлеттiктерi осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптары ескеріле отырып, тапсырма шартында айқындалады. Сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. Сақтандыру агентi сақтандыру ұйымы уәкілеттік берген әрекеттерді жеке өзі жасайды және оларды жасауды өзге тұлғаға қайта сенім білдіріп тапсыруға құқылы емес. Сақтандыру агентінде өкiлеттiктер болмаған жағдайда оның сақтандыру агентi ретіндегі қызметiне жол берiлмейдi. ҚР АК 846-бабына сәйкес тапсырма шарты бойынша бiр тарап (сенiм бiлдiрiлген өкiл) екiншi тараптың (сенiм бiлдiрушiнiң) атынан және соның есебiнен белгiлi бiр заңды iс-әрекет жасауға мiндеттенедi. Сенім білдірілген өкiл жасаған мәмiле бойынша құқықтар мен мiндеттер тiкелей сенiм бiлдiрушiде пайда болады. Тапсырма шарты жазбаша нысанда жасалады.
Осылайша, сақтандыру агентінің сақтандыру ұйымының атынан және оның тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметі заңнаманың жоғарыда келтірілген ережелерін ескере отырып жасалған тапсырма шарты негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңының 11-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне және өзге де заңнамалық актілерге сәйкес, сақтандыру ұйымдарының сақтандыру төлемдерін кепілдендіру жүйесіне міндетті түрде қатысуы көзделген.
Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Заңының 7-бабы 2-1-тармағына сәйкес, кепілдік берілетін сақтандыру түрлерінің қатарына зейнетақы аннуитеттік сақтандыру кіреді.
Зейнетақы аннуитеті шартын жасаған сақтандыру ұйымы таратылған немесе лицензиясынан айырылған жағдайда, Қор мұндай шарттар бойынша сақтандыру төлемдерінің үздіксіз және уақытылы жүргізілуін қамтамасыз етеді. Сақтандыру портфелі «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру ұйымына берілгенге дейін, төлемдер уақытша әкімшілік арқылы жүзеге асырылады.
Осылайша, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына аударылған зейнетақы жинақтары Қор арқылы мемлекеттік кепілдікпен қорғалады. Сақтандыру компаниясы таратылған жағдайда сақтандырылған тұлғалар алдындағы сақтандыру төлемдері бойынша міндеттемелер толық көлемде орындалады.
Қаржы қызметтері тұтынушыларының құқықтарын қорғауды күшейту және сақтандыру шарттарын жасасу талаптарының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, 2022 жылғы 12 қыркүйектен бастап сақтандыру ұйымдарының қызметін реттейтін заңнамаға өзгерістер күшіне енді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 842-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес, сақтанушы – жеке тұлға – өз міндеттемелерін несие беруші алдында орындауына (несиені мерзімінен бұрын өтеуіне) байланысты несие шартымен байланысты сақтандыру шартынан бас тартқан жағдайда, сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын келесі шегерімдермен қайтаруға міндетті:
- сақтандыру қамтуы әрекет еткен кезеңге пропорционалды сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі;
- сақтандыру шартын бұзуға байланысты шығындар (төленген сақтандыру сыйлықақысының 10%-ынан аспауы тиіс).
Қосымша түсіндірме ретінде, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 403-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес, шарт бұзылған жағдайда тараптардың міндеттемелері тоқтатылады. Шарт бойынша орындалған әрекеттер тек заңнамада немесе тараптардың келісімінде тікелей көзделген жағдайда ғана қайтарылуы мүмкін.
Осылайша, банктік несие мерзімінен бұрын өтелген жағдайда, егер сақтандыру жағдайы туындамаған болса, қолданыстағы заңнамаға сәйкес сақтанушы сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін қайтаруға құқылы.
Тараптардың келісімі бойынша зейнетақы аннуитеті шарты сақтанушының өмір сүруіне қарамастан кепілдендірілген сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мүмкіндігін көздеуі мүмкін.
№45 және №194 Қаулылардың 11-тармағына сәйкес, сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда, кепілдендірілген сақтандыру төлемдері зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген тұлғаның пайдасына, ал ондай тұлға болмаған жағдайда – сақтанушының мұрагерлеріне төленеді.
Мұрагерлікке өтуге жатпайтын құқықтар мен міндеттемелерге мұра қалдырушының жеке басымен тығыз байланысты құқықтар жатады, оның ішінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы мен әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес берілетін зейнетақы төлемдері, жәрдемақылар және өзге де төлемдер.
Осылайша, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдері сақтанушының мұрагерлік мүлкіне кірмейді және зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес жүзеге асырылады.