Жиі қойылатын сұрақтар
№ 136 қағидаларға сәйкес Банктің төлем мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушымен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) банктік қарыз шарты шеңберінде кредитормен міндеттемелермен байланысты үшінші тұлғамен өзара іс-қимылы:
1) жұмыс күндері сағат 8.00-ден 21.00-ге дейінгі кезеңде қарыз алушының тұрғылықты жері не орналасқан жері, не қарыз алушының тіркелген жері бойынша не банктің (филиалдың) үй-жайында аптасына үш реттен артық емес және егер қарыз алушымен өзге уақыт, кезеңділік және күн (демалыс және (немесе) мереке) келісілмеген болса, жұмыс күні бір реттен артық емес;
2) жұмыс күндері сағат 8.00-ден 21.00-ге дейінгі кезеңде үш реттен артық емес және демалыс және мереке күндері сағат 9.00-ден 19.00-ге дейінгі кезеңде екі реттен артық емес банктің бастамасы бойынша телефон арқылы келіссөздер жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
№ 232 қағидаларға сәйкес телефон арқылы, оның ішінде ұйымның бастамасы бойынша интернет желісіне қоңырау шалу үшін қосымшаларды пайдалана отырып, жұмыс күні сағат 9.00-ден 21.00-ге дейінгі кезеңде бір реттен артық емес өзара іс-қимыл жасау.
Бұл ретте үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауға қарыз алушының орналасқан жерін және (немесе) байланыс деректерін белгілеу үшін ғана жол беріледі.
Өтініш берушіге:
- несие берілген қаржы институтының байланыс орталығына хабарласып, шоттарды, мобильді қосымшаны бұғаттау туралы өтінішпен (қажет болған жағдайда) алаяқтық туралы есеп беру және қызметтік тексеру жүргізу; - алаяқтық фактісін тіркеу және жәбірленуші деп тану үшін қылмыстық іс қозғау үшін барлық қолда бар деректер мен мәліметтерді қоса отырып, құқық қорғау органдарына хабарласу қажет.
Банктер туралы заңның 34-бабының 15-тармағына сәйкес (20.08.2024 ж. қолданысқа енгізілді) құқық қорғау органдары енгізген қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі шараларды қабылдау туралы ұсынымды не қарыз алушы-жеке тұлғаны жәбірленуші деп тану туралы қаулыны алған сәттен бастап банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым күнтізбелік үш күннен кешіктірмей клиенттің осындай банктік қарызы бойынша берешекті өндіріп алуды және талап-арыз жұмысын, сондай-ақ сыйақы және (немесе) тұрақсыздық айыбын есепке жазуды тоқтата тұруға міндетті.
Сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату негіздері Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) 841-бабында регламенттелген.
ҚР АК-нің 841-бабының 2-тармағына сәйкес егер Қазақстан Республикасының заңдарында және сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы сақтандыру шартынан кез келген уақытта бас тартуға құқылы.
ҚР АК-нің 842-бабының 2-тармағына сәйкес, егер бұл ҚР АК-нің 841-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінде, осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген мән-жайларға байланысты болмаса, сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйлықақысы не сақтандыру жарналары, егер шартта өзгеше көзделмесе, қайтарылуға жатпайды.
Сақтанушы-жеке тұлға аннуитеттік сақтандыру шартын қоспағанда, сақтандыру шартынан бас тартқан кезде, ол жасалған күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сақтандырушы сақтанушы-жеке тұлғаға сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) сақтандыру қолданыста болған уақытқа пропорционалды бөлігін және сақтандыру шартын бұзуға байланысты, алынған сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) он пайызынан аспайтын шығасыларды шегере отырып, алынған сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) қайтаруға міндетті.
Сақтанушы-жеке тұлға өзінің (қарыз алушының) қарыз шарты бойынша қарыз беруші алдындағы міндеттемелерін орындау себебінен қарыз шартына байланысты сақтандыру шартынан бас тартқан кезде, сақтандырушы сақтанушы-жеке тұлғаға сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) сақтандыру қолданыста болған уақытқа пропорционалды бөлігін және сақтандыру шартын бұзуға байланысты, алынған сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) он пайызынан аспайтын шығасыларды шегере отырып, алынған сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) қайтаруға міндетті.
Сақтандыру шартын бұзу үшін сақтандырушыға өтінішпен жүгіну қажет.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 34-бабының 15-тармағына және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 3-4-тармағына сәйкес құқық қорғау органдарының қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою шараларын қабылдау туралы ұсынысының не қарыз алушы-жеке тұлғаны жәбірленуші деп тану туралы қаулысының (ҚПК-ге сәйкес енгізілген/шығарылған) негізінде қаржы ұйымы күнтізбелік үш күннен кешіктірмей:
клиенттің осындай қарызы бойынша берешекті өндіріп алуды және талап-арыз жұмысын тоқтата тұруға;
клиенттің осындай қарызы бойынша сыйақыны және (немесе) айыпақыны есепке жазуды тоқтата тұруға міндетті.
Банктер туралы заңның 39-бабының 3-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар банктік қарыз шарттарында қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алуға жататын барлық комиссиялар мен өзге де төлемдерді, сондай-ақ олардың мөлшерін көрсетуге міндетті және жасалған шарт шеңберінде комиссиялар мен өзге де төлемдердің жаңа түрлерін біржақты тәртіппен енгізуге құқылы емес. Жеке тұлғаға берілген банктік қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
№218 қаулының 2-тармағына сәйкес жеке тұлғаға берілген (берілетін) қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерге, оның ішінде қарызды ұйымдастырғаны үшін төлемдер жатады.
Осылайша, қарызды ұйымдастырғаны үшін комиссияны ұстап қалу кредит беру қағидаларында регламенттелуге және банктік қарыз шартында көзделуге тиіс .
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 36-бабының 2-тармағына сәйкес төлем талабын қою арқылы банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы-жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу оның банктік шотындағы ақша сомасының және (немесе) кейіннен қарыз алушының банктік шотына түсетін әрбір ақша сомасының елу пайызы шегінде шектеледі және төлем талабын толық орындау үшін қажетті барлық соманың банктік шотқа түсуі күтілместен жүзеге асырылады. Бұл ретте жеке тұлғаның ағымдағы шотында сақталатын ақша сомасы төлем талабын орындау кезінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінен аз болмауға тиіс. Көрсетілген шектеу қарыз алушы-жеке тұлғаның немесе жинақ шотындағы ақшасына қолданылмайды.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының 7-тармағына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қарыз алған қарыз алушы-жеке тұлға, қарыз берілген күннен бастап банк есептеген сыйақыларды төлей отырып, банктік қарыз шартын жасасқан күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде қарызды қайтаруға құқылы.
Осы тармақта көзделген жағдайда, қарызды қайтарғаны үшін тұрақсыздық айыбы немесе айыппұл санкцияларының өзге де түрлері алынбайды.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі болып табылады.
№136 қаулымен банктік қарыз шартына қызмет көрсету кезеңінде банк клиенттің (қарыз алушының) немесе кепіл берушінің (Банктер туралы заңда көзделген банктік құпияны жариялауға қойылатын талаптарды сақтаумен) сұратуы бойынша:
- сұратуды алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде оған жазбаша нысанда:
1) банкке төлеген ақша сомасы;
2) мерзімі өткен берешектің мөлшері (бар болған кезде);
3) борыш қалдығы;
4) кезектегі төлемдердің мөлшері мен мерзімдері;
5) кредиттеу лимиті (бар болған кезде) туралы мәліметтерді;
- 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз айына 1 реттен жиі емес банктік қарыз шарты бойынша берешекті өтеу есебіне клиенттің (қарыз алушының) келіп түскен ақшасын бөлу туралы жазбаша нысанда ақпарат ұсынады деп белгіленген.
Кредиттік тарихта көрсетілген ақпаратқа дауласу тәртібі КБ туралы заңның 31-бабында, атап айтқанда, аталған баптың 2-4-тармақтарына сәйкес белгіленген:
- ақпарат берушi немесе кредиттiк бюро өтiнiштi (дауды шешу туралы) алған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде оны қарап, осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген екi iс-әрекеттiң бiрiн жүзеге асыруға мiндетті;
- кредиттiк бюро алған ақпараттағы бұрмалау ақпарат берушiнің немесе кредиттiк бюроның техникалық қателерiнiң салдарынан, олардың қызметкерлерiнiң өзге де iс-әрекеттерiнiң немесе әрекетсіздiгiнiң салдарынан орын алған жағдайда, ақпарат берушi жіберілген бұрмалауды анықтаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұрмалауды анықтаған күнге ақпарат берушіде бар ақпаратты кредиттік бюроға беруге міндетті. Кредиттiк бюро алушыға түзетілген кредиттiк есепті беруге мiндеттi;
- егер дау тудырған ақпарат кредиттiк бюроның, ақпарат берушiнiң мәлiметтерiне сәйкес келсе, онда ақпарат берушi және (немесе) кредиттiк бюро даулы ақпаратты алу көздерiн көрсете отырып, өтiнiш берушiге Кредиттік бюролар туралы заңның 31-бабының 2-тармағында көрсетiлген мерзiмде өтiнiштi қанағаттандырудан жазбаша түрде бас тартады.