Жиі қойылатын сұрақтар
Коллекторлық агенттіктердің коллекторлық қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарды белгілейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Агенттік коллекторлық агенттіктерге коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығару арқылы да ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолданады.
Бұдан басқа, Агенттік Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін санкция ретінде коллекторлық агенттікке де, оның жұмыскерлеріне де қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 211-1-бабы бойынша әкімшілік іс қозғауға құқылы.
Сонымен қатар, коллекторлық қызметті тиісті тіркеусіз жүзеге асырғаны үшін, коллекторлық қызметтің құпиясын құрайтын мәліметтерді заңсыз алғаны, таратқаны үшін, сондай-ақ коллекторлық агенттіктер жұмыскерлерінің берешекті өндіріп алу кезінде өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны және асырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген.
01.10.2025 ж. жағдай бойынша Қазақстанда 196 коллекторлық агенттік қызметін жүзеге асырады. Есептік тіркеуден өткен, жұмыс істеп тұрған коллекторлық агенттіктердің тізілімі Агенттік сайтындағы интернет-ресурста «Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі» деген бөлімде орналастырылады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/230091?lang=ru
«Коллекторлық қызмет туралы» Заңның 5-бабына сәйкес борышкерлермен/үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау кезінде коллекторлық агенттіктердің қызметкерлеріне қорқыту, қорлау, бопсалау, жаңылыстыру сияқты жосықсыз әрекеттерді қолдануға қатаң тыйым салынады, сондай-ақ коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны жария етуіне тыйым салынады.
КҚ туралы заңның 16-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес борышкер және (немесе) оның өкілі коллекторлық агенттіктің жұмыскерлерімен өзара іс-қимыл жасасу процесін аудио- және (немесе) бейнетехника құралдарының көмегімен өзі дербес тіркеуге құқылы.
Коллекторлық агенттіктің борышкерлермен/үшінші тұлғалармен берешекті өндіріп алу кезінде өзара іс-қимылының заңсыз фактілері анықталған жағдайда, борышкердің/үшінші тұлғаның Агенттікке шағыммен және растайтын құжаттармен жүгінуге құқығы бар. Коллекторлық агенттік тарапынан заңсыз іс-әрекеттер расталған жағдайда Агенттік коллекторлық агенттіктерге қатысты шаралар мен санкциялар қолданады.
2024 жылғы 1 қазаннан бастап коллекторлық агенттіктер борышкерлердің қайта құрылымдау, айыппұлдарды, өсімпұлдарды азайту немесе күшін жою, қарызды толық немесе ішінара кешіру бойынша берешек шарттарын өзгертуге арналған өтініштерін қарауға міндетті.
Көмек ала алатын қарыз алушылардың негізгі санаттары – қиын қаржылық жағдайға тап болған және кірістерінің төмендегенін растаған азаматтар.
Коллекторлық агенттіктер борышкердің берешекті өтеу мүмкіндігіне қарай жеке тәртіппен шарттарды жақсарту (борышты қайта құрылымдау) жөнінде шешімдер қабылдайды.
Дропперлік схемалармен тиімді түрде күресу үшін күдікті клиенттерді орталықтандырылған есепке алу жүйесі құрылды. Бұл жұмысты Ұлттық Банктің Антифрод орталығы жүргізеді, онда банктерден, төлем ұйымдарынан, телеком-операторлардан және құқық қорғау органдарынан ақпарат келіп түседі.
Жүйеде дерекқордың екі деңгейі: дропперлердің сұр және қара тізімдері қалыптастырылады.
«Сұр тізімге» күдікті операциялар анықталған клиенттер кіреді. Бұл «әрекеттер базасы» - дәлелденбеген бұзушылық, бірақ банктер мен реттеушілер үшін клиенттің картасы немесе шоты дропперлік схемаларында қолданылғанын білдіретін белгі.
«Қара тізімге» заңсыз операцияларға қатысуын құқық қорғау органдары растаған клиенттер кіреді. Бұл дәлелденген факт («оқиғалар базасы») және мұндай адамдар бұзушылық жасаушы ретінде танылады.
Дропперліктің алғашқы белгілері пайда болған сәтте банк қашықтан қызмет көрсетуді шұғыл тоқтата тұруға, шот бойынша шығыс операцияларын бұғаттауға және Антифрод-орталыққа хабар жіберуге міндетті. Ақпарат бірден басқа банктер мен микроқаржы ұйымдарына қолжетімді болады.
«Сұр және қара дропперлердің» тізімдері еш жерде жарияланбайды, себебі ол дербес деректерді қамтиды және тек қызметтік мақсаттарда қолданылады. Бұл ақпаратты және азаматтардың құқықтарын қорғау қағидаттарына сәйкес, бірақ бұл ретте қаржы ұйымдары мен қадағалау органдары арасындағы жылдам деректер алмасуды қамтамасыз етеді.
Карталарды қашықтан шығарған және қайта шығарған кезде биометрияны пайдалану арқылы екі факторлы бірдейлендіру қолданылады. Банктік карталар мобильді байланыстың тек қазақстандық нөмірлеріне ғана байланыстырылуы мүмкін, бұл шетелдік SIM-карталардың қолма-қол ақшаға айналдыратын схемаларда пайдаланылуын болдырмайды.
Сондай-ақ, карталардың санына шектеу белгіленген:
- бір банкте 5 картадан аспауға тиіс;
- әртүрлі банкте 10 картадан аспауға тиіс;
- тәуекел деңгейі жоғары бейрезидент клиенттерде – мерзімі 12 айға дейінгі тек 1 карта.
Мұндай шара карталарды одан әрі көлеңкелі айналымға беру үшін оларды бір адамға жаппай тіркеудің алдын алады.
Тиісті өзгерістер «Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және микроқаржы ұйымдарының биометриялық идентификаттау өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 56 қаулысына енгізілді.
Дропперлік — бұл банктік шотқа, төлем құралына не сәйкестендурі құралына қолжетімділікті заңсыз ұсыну, беру немесе иелену; заңсыз, оның ішінде материалдық сыйақыға үшінші тұлғалардың мүддесі үшін төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру.
Аталған практика интернет-алаяқтық схемаларындағы негізгі элементтердің бірі болып табылады және ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру мен шығару үшін пайдаланылады.
2025 жылғы 16 шілдеден бастап ҚР Қылмыстық кодексіне 232-1-бап енгізіліп, соған сәйкес банктік картаны немесе шотты заңсыз бергені үшін 160 АЕК-тен басталатын айыппұл, 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе бас бостандығынан айыру көзделген.
Бұл ретте карталарды жақын туыстарға (жұбайына/зайыбына/балаларға) беруге тыйым салынбаған. Алайда дропперлік жағдайларының көбеюіне байланысты банктік карталарды пайдалануға қойылатын талаптарды қатаңдататын жаңа қағидалар енгізілген.
2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Агенттіктің коллекторлық қызметке қатысты саясаты коллекторлық қызметтер нарығын ретке келтіру үшін реттеуді қатаңдатуға және берешекті өндіріп алу кезінде жосықсыз практикаларды азайтуға бағытталған.
Мәселен, 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде:
- коллекторлық агенттіктердің борышкерлермен өзара іс-қимыл процесіне қойылатын талаптар күшейтілді;
- одан әрі арттыра отырып, капиталдың ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ басшы қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары белгіленді;
- үлестес кредиторларға қызмет көрсету шектелді;
- коллекторлық агенттіктердің өзара үлестес болуына және үлестес болған жеке сот орындаушыларымен өзара іс-қимылға тыйым салынды.
2024 жылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес жеке тұлғалардың коллекторлық агенттіктерге микрокредиттерін беруге заңнамалық деңгейде тыйым салынды.
2025 жылғы шілдеден бастап коллекторлық агенттіктердің жауапкершілігін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында коллекторлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бұзғаны үшін, сондай-ақ жосықсыз әрекеттер жасағаны үшін айыппұлдар мөлшерін екі есе ұлғайту көзделген.
Ия. Коллекторлық қызмет туралы заңның 16-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, борышкер және (немесе) оның өкілі коллекторлық агенттіктің жұмыскерлерімен өзара іс-қимыл жасасу процесін аудио- және (немесе) бейнетехника құралдарының көмегімен өзі дербес тіркеуге құқылы.
Коллекторлық қызмет туралы заңның 5-бабына сәйкес борышкерлермен/үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау кезінде коллекторлық агенттіктердің қызметкерлеріне қорқыту, жеке басын қорлау, бопсалау, жаңылыстыру сияқты жосықсыз әрекеттерді қолдануға қатаң тыйым салынады, сондай-ақ коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны жария етуге тыйым салынады
Қарыздар бойынша берешекті өндіріп алу кезінде жосықсыз практикаға жол бермеу мақсатында Агенттік коллекторлық агенттіктермен, оның ішінде оның іс-әрекеттерінде бұзушылықтар расталған кезде тиісті шаралар қабылдау тұрғысынан тиісті жұмыс жүргізеді.