Жиі қойылатын сұрақтар
ҚР Азаматтық кодексінің[1] 1040-бабының бірінші бөлігіне сәйкес мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесiлi мүлiк, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен мiндеттерi кiредi.
Мұраның құрамына мұра қалдырушының тірі кезінде ресімделмеген мүліктік құқықтарын ресімдеу үшін қажетті құқықтар, оның ішінде оларды тіркеу құқығы да кіруі мүмкін.
Бұл ретте ҚР АК-нің 1040-бабының екінші бөлігінде мұра қалдырушының жеке басымен тығыз байланысты құқықтар мен міндеттердің толық тізбесі белгіленген, оған қайтыс болған адамның кредиттік міндеттемелері кірмейді.
Осыған байланысты қарыздарды төлеу бойынша міндеттемелер жалпы қағидалар бойынша мұраға қалдырылады.
ҚР АК-нің 1081-бабына сәйкес мұра қалдырушының кредит берушiлерi өздерiнiң мұра қалдырушының мiндеттемелерiнен туындайтын талаптарын өсиеттi орындаушыға (мұраны сенімгерлікпен басқарушыға) немесе әрбір мұрагерге ауысқан мүлiк құнының шегiнде ортақ борышқорлар ретiнде жауап беретiн мұрагерлерге қоюға құқылы.
Егер мұра алған мұрагерлер мұраның құрамына кіретін мүлікті немесе оған құқықтарды тіркеуден жалтарған жағдайда, мұра қалдырушының кредиторлары мәжбүрлеп тіркеуді талап етуге құқылы.
Осылайша, мұра қалдырушының міндеттемелері мұрагерлерге қабылданған мұраның құны шегінде өтеді.
Мұра болмаған не мұра қабылданбаған жағдайда қайтыс болған адамның мұрагерлерінде оның қарыздарын төлеуге негіз жоқ.
[1] Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
| Төлем мерзімі өткен жағдайда банк банктік қарыз шартында және заңнамада көзделген шараларды қолдануға құқылы. Негізгі ықтимал салдарға мыналар жатады: - мерзімі өткен әрбір күн үшін айыпақы (айыппұлдар, өсімпұлдар) есептеу; - берешекті соттан тыс өндіріп алу, оның ішінде банктік қарыз шарты және Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде қарыз алушының банктік шоттарына төлем талабын жіберу; - берешекті өндіріп алу үшін қарызды коллекторлық ұйымға беру; - банктің берешекті өндіріп алу үшін сотқа жүгінуі және кейіннен атқарушылық іс жүргізу шеңберінде берешекті өндіріп алуы (шоттар мен мүлікке шектеулер қою, жалақыдан соманы өндіріп алу және жеке сот орындаушысының (ЖСО) қаулысы бойынша Қазақстан Республикасынан шығу құқығын уақытша шектеу). |
| Жоқ, кредитор (банк, микроқаржы ұйымы немесе коллекторлық ұйым) қарыз алушының қайта құрылымдау туралы өтінішін қарауға және оның нәтижесі бойынша жазбаша жауап беруге міндетті (келісім, баламалы ұсыныс немесе негізделген бас тарту). Кредитордың шешімімен келіспеген жағдайда, қарыз алушы: ‒ банк берген қарыздар бойынша – банк омбудсманына; ‒ микроқаржы ұйымы берген қарыздар бойынша – микроқаржы омбудсманына жүгінуге құқылы. Омбудсманға жүгіну тегін жүзеге асырылады. Банк омбудсманының байланыс деректері: Алматы қ., Айманов көш., 124, 301-кеңсе 📞 +7 (771) 929-33-33 (телефон), +7 (708) 983-30-16 (WhatsApp) сайт: https://bank-ombudsman.kz/ Микроқаржы омбудсманының байланыс деректері: Алматы қ., Мыңбаев көш., 53, 321-кеңсе 📞 +7 (727) 338-22-44, +7 (727) 338-22-25 сайт: https://mfombudsman.kz/ Омбудсманға жүгіну үшін өтініш және құжаттардың көшірмелері ұсынылады: қарыз шарты, өтеу кестесі, кредиторға жүгінгенін және оның жауабын растайтын құжаттар, сондай-ақ қаржылық жағдайдың нашарлағанын растайтын құжаттар. |
| Антифрод тетіктері алаяқтық схемалардың алдын алу, дропперлік тәуекелдерін азайту, сондай-ақ клиенттердің ақшалай қаражатын заңсыз иемденуден қорғау мақсатында енгізілген. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы ұйымдары ішкі антифрод жүйелерінің негізінде алаяқтық белгілері бар төлем операцияларын дербес түрде анықтайды және оларды тексеру үшін уақытша тоқтатуға міндетті. Егер операцияда алаяқтық белгілері анықталса, банк оны 5 жұмыс күніне дейін тоқтатуға, талдау жүргізуге және клиенттен қосымша түсіндірмелер мен мәліметтер сұратуға құқылы. Тексеру нәтижелері бойынша операцияны қайта іске қосу, қаржылық қызметтердің шектеулі тізбесін ұсыну не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Антифрод орталығына ақпарат жолдау туралы шешім қабылданады. Клиентке операцияның тоқтатылу себептері мен негіздері туралы банкпен жасалған шартта көзделген тәртіпте міндетті түрде хабарлама жіберіледі. Толық әрі нақты түсіндірме алу үшін тиісті банкке жүгіну қажет. |
| Антифрод-орталық — Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Ұлттық төлем корпорациясы» акционерлік қоғамының базасында құрылған, алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын анықтауға және олардың алдын алуға бағытталған шараларды үйлестіру мен қабылдауды жүзеге асыратын жүйе. Антифрод-орталықтың негізгі функциялары: Антифрод-орталық: 1) алаяқтық белгілері бар төлем операциялары туралы мәліметтерді жинауды және сақтауды жүзеге асырады; 2) алаяқтық белгілері бар төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша деректерді талдайды; 3) алаяқтықтың алдын алу мақсатында банктермен, төлем ұйымдарымен және құқық қорғау органдарымен ақпарат алмасуды жүзеге асырады. |
| Егер операцияда алаяқтық белгілері (әдеттен тыс мінез-құлық, күмәнді алушы, әлеуметтік инженерия белгілері және т.б.) болса, ол уақытша тоқтатылуы мүмкін. Төлемнің алаяқтық белгілері бар операцияларға жататынын қаржы ұйымдары өздерінің ішкі қағидалары мен тәуекелдерді бағалау жүйесіне сәйкес анықтайды. Клиенттің алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларымен байланысты төлем операцияларына қатысуы туралы негіздер (күдіктер) расталған жағдайда, қаржы ұйымы Антифрод-орталыққа хабарлама жібереді. Бұл қорғау шаралары клиентке келуі мүмкін қаржылық залалдың алдын алуға бағытталған. |
| Жоқ. Антифрод-орталық тікелей азаматтармен байланыспайды. Алайда, егер қаржы ұйымы клиенттің операциясында алаяқтық белгілерін анықтаса, ол операцияның мән-жайын анықтау және шешім қабылдау үшін қосымша ақпарат алу мақсатында клиентке хабарласа алады. Егер сіздің операцияңыз тоқтатылған болса, қаржы ұйымы тоқтатылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өз клиентінің операцияларын талдайды, соның ішінде мән-жайды анықтау және шешім қабылдау үшін клиенттен қосымша ақпарат алу әрекеттерін жүзеге асырады. Басқа жағдайларда, егер сізге «Антифрод-орталықтан» деп хабарласып, карта деректерін, кодтарды немесе ақша аударымын сұраса — бұл алаяқтар. |
| Банк шоты, электрондық әмиян бойынша шығыс операциялары уақытша тоқтатылған жағдайда, клиент қаржы ұйымына шартта белгіленген тәртіппен хабарласуға тиіс. Клиенттің өтінішін қарау қорытындылары бойынша қаржы ұйымы клиенттің өтініш берген күнінен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күннен кешіктірмей клиентке қаржылық және (немесе) төлем қызметтерінің шектеулі тізімін беру немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды, және қабылданған шешім туралы клиентке шартта белгіленген тәртіппен хабарланады. |
Кредиттік есеп туралы ақпаратқа дауласу үшін Сіз кредиторға (ақпарат жеткізушіге) немесе кредиттік бюроға ақпаратты даулауға өтініш жіберуіңіз керек.
Ақпаратты жеткізуші (кредитор) немесе кредиттік бюро өтінішті қарауға және өтініш берушіге 15 жұмыс күні ішінде жауап беруге міндетті.
Сонымен бірге «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-ға дұрыс емес ақпарат көрсетілген жағдайда Сіз https://www.1cb.kz/ сайтында өтінім бере алатыныңызды қосымша хабарлаймыз.
Жауап: Кредитор (банк/МҚҰ) және/немесе коллекторлық агенттік заңмен белгіленген қатаң тәртіппен, оның ішінде саны мен уақыты бойынша телефон қоңырауларын шектей отырып, мерзімі өткен берешекті өтеу мәселесі бойынша өз қарыз алушыларына қоңырау шалуға құқылы.
Борышкермен немесе үшінші тұлғамен әрбір байланыс кезінде коллекторлық агенттіктің қызметкері:
- өзін таныстыруға (Т.А.Ә., лауазымы);
- ұйымның атауы мен орналасқан жерін атауға;
3) оның мүддесіне әрекет ететін кредитордың атауын хабарлауға (егер бұл коллекторлық компания болса міндетті.
Қорқыту, психологиялық қысым қолдануға, жаңылыстыруға немесе ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етуге тыйым салынады.
Қоңыраулардың уақыты мен жиілігі заңнамамен шектелген:
|
Санат |
Қоңыраулардың жиілігі |
Уақыты |
|
Екінші деңгейдегі банктер |
жұмыс күндері 3 ретке дейін, демалыс/мереке күндері 2 ретке дейін |
8:00-ден 21:00-ге дейін (жұмыс күндері), |
|
МҚҰ |
күніне 1 ретке дейін, тек жұмыс күндері |
9:00-ден 21:00-ге дейін |
|
Коллекторлық агенттіктер |
аптасына 3 ретке дейін |
8:00-ден 21:00-ге дейін, тек жұмыс күндері |
Қарыз алушы қоңыраудың аудиожазбасын жүзеге асыруға және қауіп төнген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен өзінің қауіпсіздігін және құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін уәкілетті органға жүгінуге құқылы.