Басшы қызметкер лауазымын иеленуге берілген келісім қайтарып алынған тұлғалардың тізімі

Келісім беруге негіз болған анық емес мәліметтер анықталған немесе өтініш беруші ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін алу нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптары бұзылған немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары немесе сақтандыру холдингі осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда уәкілетті орган келісімді кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факт анықталған күннен бастап екі ай ішінде осы бапқа сәйкес берілген келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдай отырып, оны кері қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда осындай шара қолданылатын тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының өзіне тиесілі санын алты ай ішінде осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.

      Осы бапқа сәйкес берілген келісім кері қайтарып алынған тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын үшінші тұлғаға сенімгерлік басқаруға беруге құқылы емес.

      Уәкілетті орган оларға қатысты тиісті келісімді қайтарып алу туралы шешім қабылдаған тұлғалар осы тармақтың талаптарын орындамаған жағдайда уәкілетті орган осы тұлғаларға уәкілетті органның талаптарын орындату үшін сотқа жүгінуге құқылы.

Басшы қызметкер лауазымын иеленуге берілген келісім қайтарып алынған тұлғалардың тізімі
Дата публикации
24 июня 2020