Алматыда сақтандыру нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы мен жаңа заңнамалық өзгерістерді талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қаржы реттеушілері, халықаралық ұйымдар, сақтандыру компаниялары және салалық қауымдастықтардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.
Дөңгелек үстелде сақтандыру секторын одан әрі дамыту мен оның тұрақтылығын арттыруға бағытталған негізгі бастамалар талқыланды.
Қатысушылар:
Қазіргі уақытта Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банкпен бірлесіп, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Сақтандыру нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын және «Сақтандыру қызметі туралы» жаңа заң жобасын әзірлеп жатыр.
Дөңгелек үстелдің алғашқы сессиясы жалпы сақтандыру секторына арналды.
Талқылау барысында:
Сарапшылар бұл бағыттар халық пен бизнес үшін сақтандыру өнімдерінің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Екінші сессия өмірді сақтандыру нарығына арналды.
Қатысушылар:
Агенттік төрағасы Мәдина Әбілқасымова сақтандыру нарығын дамыту бағдарламасы кәсіби қоғамдастықпен бірлесіп әзірленіп жатқанын атап өтті.
Оның айтуынша, жаңа заң жобасын әзірлеу жұмысын жеделдету маңызды.
Бүгінде сақтандыру секторы тұрақты өсімді көрсетіп отыр:
Талқылау қорытындысында сақтандыру нарығын жаңғыртуға бағытталған негізгі реформалар топтастырылып, оларды нарық қатысушыларымен одан әрі талқылау туралы шешім қабылданды.
Алдағы уақытта бастамалар мемлекеттік органдармен және сақтандыру нарығы өкілдерімен келісіліп, негізгі нормалар жаңа заң жобасына енгізілмек.
Сарапшылардың пікірінше, жоспарланған өзгерістер сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігін арттырып, саланың инвестициялық әлеуетін күшейтуге және қаржы жүйесіндегі рөлін одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.
Дереккөқ: Dknews.kz