Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау

«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» заңға сәйкес Агенттіктің негізгі міндеттерінің бірі қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, тұтынушылар үшін қаржы ұйымдарының қызметі және олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ халықтың қаржылық сауаттылығы мен қаржылық қолжетімділігі деңгейін арттыру болып табылады.

Осы бағыт шеңберінде:

  • реактивті бағыт – шағымдар мен өтініштерді қарау, қарау нәтижелері бойынша шаралар, санкциялар қолдану;
  • қызметтің алдын алу бағыты – қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін қаржы нарығының практикалары мен процестерін анықтау, оларды жою үшін тиісті жүйелі және заңнамалық шаралар қабылдау іске асырылады.

Бұдан басқа, алдын ала іс-әрекетті қадағалау іс-шараларының кешені іске асырылуда, ол қаржы ұйымдарының қауымдастықтарымен: Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен, Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының қауымдастығымен, «ФинТех» қазақстандық қауымдастығымен және басқа да кәсіби қоғамдастықтармен ынтымақтастықты қамтиды. Аталған өзара іс-қимылдың мақсаты – анықталған проблемаларды талқылау және оларды шешу тетіктерін әзірлеу.

Қорғаудың тиімді жүйесі құқық қолдану практикасының пәрменді шаралары және тұтынушылық тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған алдын алу шаралары жүйесі негізінде құрылады. Бұл үшін тұтынушыларға құқықтық білім беру, ақылға қонымды тұтыну дағдыларын үйрету, ақпараттандыру және консультация беру жүргізіледі.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың ұтымсыз іс-әрекеттерімен байланысты проблемаларды шешуге тұтынушылардың қаржылық сауаттылығын және хабардарлығын арттыру, оларда тұтынудың ұтымды модельдерін қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар бағытталған.


Агенттігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесінде консультациялар беру регламенті

Қаржылық қызметтері тұтынушылармен жұмыс

Тұтынушылар назарына!

Омбудсмандар

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы:

Бағыттар:

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Баспасөз релиздері

Барлық баспасөз релиздері

Сөйлеген сөздер

Барлық сөйлеген сөздер

Оқиғалар күнтізбесі

Барлық оқиға

Іске асырылып жатқан жобалар

Бағыт бойынша барлық жоба

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Коллекторлық агенттікте  шоттарды «бұғаттау» құқығы жоқ. Борышкерлердің банк шоттарына шектеулерді жеке сот орындаушылары атқарушылық іс жүргізу шеңберінде немесе банк егер мұндай шартта көзделген жағдайда, төлем талаптарын ұсыну арқылы  ұсынуы  мүмкін.