Меню

Страницы

Статья

Омбудсмандар

Банк омбудсманының қызметі

Банк омбудсманы – ипотекалық қарыз алушылар мен екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында ипотекалық қарыз шарттарынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асырушы, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға.

Банк омбудсманы тараптардың кездесулер өткізу және ипотекалық қарыз шарттары бойынша міндеттемелерді орындау талаптарын өзгертуге қатысты қарыз алушы жеке тұлғалардың өтініштері бойынша ұсынымдарды беру арқылы өзара тиімді шешімге қол жеткізуге көмек көрсетеді.

Бұл ретте банк омбудсманы:

1)    соттың қарауына қабылданған және (немесе) олар бойынша заң күшіне енген соттың шешім бар;

2)    өтініш жасаушы адам ипотекалық қарыз шарты аясында туындаған жағдайды реттеу мақсатында өзінің банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға өтініш жасағанының жазбаша дәлелдемесін ұсынбаған;

3)    істің жаңа мән-жайы болмаған кезде қайтадан жіберілген;

4)    сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ипотекалық қарыз шарты бойынша өтініштерді қарамайды.

Банк омбудсманының шешімі банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін міндетті, егер оны қарыз алушы қабылдаған жағдайда.

Мүдделі тарап банк омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда өзінің құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы.

Банк омбудсманы банктер мен ипотекалық қарыз алушылар арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеуді ӨТЕУСІЗ жүзеге асырады.

2013 жылғы 12 шілде айында банк омбудсманы болып Сиырбаев Ерсерік Дәменұлы тағайындалды.

Банк омбудсманының қызметі туралы толық ақпаратты www.bank-ombudsman.kz сайтынан, электронды почта бойынша office@bank-ombudsman.kz алуға болады, орналасқан жері: 050000, Алматы қ., Н. Назарбаев д-лы, 175, 302 кеңсе, тел: +7 (727) 261-22-16, +7 (727) 983-30-16,  +7 (708) 983-30-16.

 

Сақтандыру омбудсманының қызметі

Сақтандыру омбудсманы:

  1. көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын сақтандырушылар арасындағы;
  2. көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын сақтанушылар (пайда алушылар) мен сақтандырушылар арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеуді жүзеге асырушы, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға.

Сақтандыру омбудсманының сақтанушы (пайда алушы) мен сақтандырушы арасындағы өзара қарым-қатынастар жөніндегі шешімі сақтандырушы үшін міндетті, егер оны сақтанушы (пайда алушы) қабылдаған жағдайда. Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда өзінің құқығын қорғау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы. Бұл ретте сақтандыру омбудсманының шешімін орындау сақтанушы (пайда алушы) үшін міндетті болып табылмайды.

Сақтандыру омбудсманы сақтанушылар (пайда алушылар) мен сақтандырушылар арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеуді ӨТЕУСІЗ жүзеге асырады.

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 86-бабының 3-тармағына сәйкес 2022 жылғы 7 қарашада Агенттік комиссиясының шешімімен сақтандыру омбудсманы лауазымына Игорь Алексеевич Яковенко сайланды.

Сақтандыру омбудсманының қызметі туралы толық ақпаратты www.omb.kz сайтынан, электронды почта бойынша info1@omb.kz немесе телефон арқылы (727) 382-41-74 алуға болады. Офистің орналасқан жері: Алматы қ., Рысқұлбеков к-сі, 28/7, 2 қабат, "Бай-Тал" тұрғын үй кешенінің аумағында.

 

Дата публикации
01 января 1970
Дата обновления
01 января 1970
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баяндама
05 мая 2025
ҚНРДА Төраға орынбасары М.Ж. Хаджиеваның баяндамасы
Баяндама
05 мая 2025
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары О.Т. Қизатовтың
Біз туралы БАҚ
02 мая 2025
Қаржы секторында ESG-практикаларды енгізу әлеуеті

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы