Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесінде жеке және заңды тұлғалардан не олардың заңды өкілдерінен келіп түсетін мәселелер бойынша консультациялар беру регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесінде жеке және заңды тұлғалардан не олардың заңды өкілдерінен келіп түсетін мәселелер бойынша консультациялар беру регламенті (бұдан әрі — Регламент) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) ережесі мен құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 29 маусымдағы Жарлығына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Агенттікке жүктелген функциялар шеңберінде әзірленді.
Агенттіктің жеке және заңды тұлғалардан не олардың заңды өкілдерінен келіп түсетін мәселелер жөніндегі қоғамдық қабылдау бөлмесі (бұдан әрі – Қоғамдық қабылдау бөлмесі) ақпараттық-анықтамалық сипаттағы консультациялар беру және Агенттіктің қызметіне қатысты мәселелерді жедел шешуге жәрдем көрсету мақсатында құрылды.
1. Регламенттің талаптары Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің барлық қызметкерлеріне қолданылады.
2. Регламенттің мақсаты атқаратын лауазымына қарамастан Агенттік қызметкерлерінде Агенттіктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ олардың заңды өкілдеріне (бұдан әрі – Өтініш беруші) консультациялар беру бөлігінде Агенттік саясатына бірыңғай тәсілді қалыптастыру болып табылады.
3. Регламенттің негізгі міндеттері Қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультациялар беру тәртібін реттеу және мыналар арқылы қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен Агенттік арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету болып табылады:
1) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша, оның ішінде Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті (бұдан әрі – Жауапты бөлімше) басшылығының жеке қабылдауы барысында Өтініш берушілерге кәсіби консультация және практикалық көмек көрсетуді ұйымдастыру және көрсету;
2) Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету;
3) Қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп түсетін өтініштерге тұрақты талдау жүргізу;
4) жазбаша өтініштерді қарау нәтижелері бойынша Өтініш берушілермен кері байланысты жүзеге асыру;
5) Агенттіктің ресми интернет-сайтында Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысын мерзімді жариялау.
4. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің негізгі функциялары:
1) Өтініш берушілерге қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша консультациялар беру және банк, сақтандыру, микроқаржы салаларындағы заңнама нормаларын, коллекторлық агенттіктер мен кредиттік бюролардың, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметін түсіндіру;
2) банктік қарызы және (немесе) микрокредиті бар қарыз алушылардың қаржы ұйымдарының өкілдерімен, оның ішінде қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен бірлескен кездесулерін ұйымдастыру және өткізу болып табылады.
5. Өтініш берушілерді құзыреттері шеңберінде Агенттіктің жауапты қызметкерлері қабылдайды.
Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің жауапты қызметкерлерінің тізімі Регламентке 1-қосымшаға сәйкес бекітіледі.
6. Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері өтініш беруші Қоғамдық қабылдау бөлмесіне жеке өтініш жасаған кезде құзыреті шеңберінде консультация беру үшін жауапты қызметкерлерді (басқарма бастығының/бөлім бастығының деңгейінен төмен емес) бөледі.
7. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс уақыты – дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін және сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін.
Агенттік Төрағасы бекіткен, қазақ және орыс тілдерінде жазылған Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс кестесі (бұдан әрі – Кесте) Агенттікте және оның өңірлік өкілдіктерінде көруге қолжетімді жерде орналастырылады. Сонымен бірге Кесте Агенттіктің интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланады.
8. Агенттіктегі Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысын жалпы үйлестіруді Агенттіктің жауапты бөлімшесі мен жергілікті жерлердегі Өңірлік өкілдер басқармалары жүзеге асырады.
9. Өтініш берушілерді Қоғамдық қабылдау бөлмесіне қабылдау Кестеге сәйкес және Агенттікте өткізу режимін ұйымдастырудың ішкі қағидаларында белгіленген талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады. Кестені Регламенттің 15-тармағына сәйкес жауапты бөлімше қалыптастырады.
2-тарау. Өтініш берушілерді Қоғамдық қабылдау бөлмесіне қабылдауды ұйымдастыру тәртібі
10. Қабылдауға жазба Өтініш берушілердің ресми түрде келіп түскен жолданымдарының негізінде не Қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкеріне жазылған ауызша нысанда жүргізіледі.
Өтініш берушінің мәселенің мәні жазылмаған, қабылдау туралы жолданымы Өтініш берушіге ол туралы хабарлана отырып, қараусыз қалдырылады.
11. Агенттіктің жауапты қызметкерлері Өтініш берушілер жалпыға қолжетімді ақпаратқа қатысты консультация мәні бойынша жүгінген жағдайда, Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылған жалпыға қолжетімді ақпаратты пайдалануға кеңес беруге құқылы.
Егер мәселені шешу Агенттіктің құзыретіне кірмейтін жағдайда, Агенттіктің жауапты қызметкері Өтініш берушіге келесі жолы жолданым беру үшін құзыретті органды және оның байланыс деректерін анықтауға көмек көрсетеді.
12. Қоғамдық қабылдау бөлмесінде консультациялар берген жағдайда Агенттіктің жауапты қызметкерлерінің Агенттіктің атынан ресми түсіндірмені талап ететін мәселелер бойынша консультациялар беруге құқығы жоқ.
13. Қабылдау басталғанға дейін белгіленген тәртіпте Агенттіктің жауапты қызметкері Өтініш берушінің жеке басын, ал басқа адамдардың атынан жүгінген жағдайда – олардың мүдделерін білдіруге құзыреттерін растайтын құжаттарды куәландырылады.
Қабылдау жолданымның кезектілігі тәртібімен жүргізіледі не жалпы мәселелер бойынша шоғырландырылады.
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, мүгедектер, жүкті әйелдер және мемлекеттік наградалары бар адамдар кезектен тыс қабылданады.
Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 наурыздағы №390-16с қаулысымен және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сәйкес жүргізіледі.
14. Қоғамдық қабылдау бөлмесіндегі қабылдау қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
15. Жауапты бөлімше Агенттіктің жауапты қызметкерлерінің кезекшілік кестесін қалыптастырады. Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері құзыретіне сәйкес Қоғамдық қабылдау бөлмесінде консультациялар беру үшін бөлімшенің жауапты қызметкерлерінің тізімін ұсынады.
Жауапты бөлімшенің қызметкерлері Қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрақты кезекшілікті жүзеге асырады. Агенттіктің басқа құрылымдық бөлімшелерінің жауапты қызметкерлері қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрақты кезекшілік атқармайды және қажет болған жағдайда өз құзыреті шеңберінде консультациялар береді.
16. Жауапты бөлімше Агенттіктің Қоғамдық қабылдау бөлмесіне Өтініш берушілердің жолданымдарының дерекқорын жүргізеді, Агенттіктің 2021 жылғы 08 маусымдағы №198 бұйрығына сәйкес жолданымдар бойынша ақпарат қалыптастырады және 5 (бес) жыл бойы сақтайды.
17. Жауапты бөлімше Өтініш берушінің мәселесін егжей-тегжейлі қарау қажет болған жағдайда Агенттіктің 29.06.2021 жылғы № 212 бұйрығымен бекітілген Агенттікте іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес оны АҚҚД-да (Агенттіктің кеңсесі) тіркеу үшін жазбаша жолданым қабылдайды. Жазбаша жолданымды тіркеуден кейін, АҚҚД аталған жолданымды Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) нормаларына сәйкес жазбаша жауап дайындау үшін құзыреті бойынша Агенттіктің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне жібереді. Егер сұратылып отырған ақпарат Агенттіктің бірнеше құрылымдық бөлімшелерінің құзыретіне кіретін болса, жинақ ақпаратты жауапты бөлімше қалыптастырады және Өтініші берушіге жауапты Кодекстің нормаларына сәйкес жолданымда көрсетілген мекенжайға жолдайды.
3-тарау. Агенттіктің Қоғамдық қабылдау бөлмесіне қойылатын талаптар
18. Қоғамдық қабылдау бөлмесі міндетті түрде «Қоғамдық қабылдау бөлмесі» деген маңдайша жазуы және Кестесі бар санитарлық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормативтерге сәйкес келетін Агенттік арнайы бөлген үй-жайда (кабинетте) орналастырылады.
19. Үй-жай мынадай материалдық-техникалық құралдармен:
- бейнебақылау жүйесімен;
- азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруға арналған жиһаз және мүкәммалмен;
- қажет болған жағдайда нормативтік құқықтық актілердің дереккөздеріне не өзге де мәліметтерге жүгіну мақсатында, сондай-ақ өтініш берушілерді тіркеудің электрондық журналын жүргізу үшін Интернет желісіне қолжетімділігі бар және қажетті БҚ (Әділет ақпараттық жүйесі және басқалары) бойынша Агенттіктің АҚ талаптарына сәйкес теңшелген компьютермен;
- принтермен, телефон аппаратымен, ішкі және сыртқы коммуникациялар үшін бейне-конференцбайланысымен;
- шығыс материалдарымен жеткілікті санда – кеңсе тауарларымен;
- ауа баптау жүйесімен, өртке қарсы жүйемен және өрт сөндіру құралдарымен, төтенше жағдай туындаған кезде хабарлау жүйесімен;
- алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрілік препараттар бар дәрі қобдишасы.
20. Азаматтардың күту орындары қаржылық қызметтерді тұтынушыларға арналған ақпараттық стендтермен және материалдармен, орындықтармен, үстелдермен (кеңсе керек-жарақтарымен), сондай-ақ қоқысқа арналған себеттермен жабдықталуға тиіс.
21. Регламенттің 3-тарауының талаптары арнайы бөлінген үй-жай болған кезде өңірлік бөлімшелерге қолданылады.
4-тарау. Қоғамдық қабылдау бөлмесінде Өтініш берушілердің консультацияларын жүзеге асыратын Агенттіктің жауапты қызметкерлеріне қойылатын талаптар
22.Қоғамдық қабылдау бөлмесінде консультацияны жүзеге асыратын Агенттіктің қызметкерлері:
1) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығының талаптарын сақтауға;
2) консультация алуға өтініш білдірген адамдарды үй-жайда бейнебақылау жүйесінің болуы туралы хабардар етуге;
3) өтініш берушінің өтініш берген тілінде (мемлекеттік немесе орыс тілінде) консультация беруге;
4) барлығына бірдей құрметпен және мейірімділікпен қарауға;
5) ұстамдылық пен әдептілік танытуға;
6) әріптестер туралы құрметпен айтуға, Агенттіктің беделін нығайтуға ықпал етуге;
7) дөрекі, қорлайтын сөздерге жол бермеуге;
8) немқұрайлылыққа, дөрекілікке және салғырттыққа жол бермеуге;
9) тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша кемсітуге жол бермеуге міндетті.
23. Агенттік қызметкерлеріне мемлекеттік саясат және қызмет барысы мәселелері бойынша, егер ол:
1) мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмесе;
2) жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын блса;
З) мемлекеттің, Агенттіктің, мемлекеттік басқару органдарының лауазымды адамдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілер мен Агенттік қызметкерлерінің атына этикаға жат сөздерден тұратын болса, өз пікірін көпшілік алдында білдірудің керегі жоқ.
24. Агенттік өкілдерінің Өтініш берушімен қарым-қатынас кезінде іскерлік этикет нормаларын бұзуы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіптік және өзге де жауаптылыққа әкеп соғады.
25. Бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Агенттіктің жауапты қызметкерлерінің Регламент талаптарын сақтауын бақылау бөлімшелердің бірінші басшыларына немесе Агенттіктің ӨБК басшыларына (есеп беруіне қарай) жүктеледі.
5-тарау. Агенттіктің Қоғамдық қабылдау бөлмесіне түскен, Өтініш берушілердің жолданымдарын талдау
26. Агенттіктің Қоғамдық қабылдау бөлмесінде өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша консультацияларды жүзеге асырған Агенттіктің құрылымдық бөлімшесі есепті айдан кейінгі айдың 10-на дейін, ай сайынғы негізде Регламентке 2-қосымшаға сәйкес (өзінің қадағалауындағы субъектілер бөлігінде) ақпаратты жауапты бөлімшеге жібереді.
Агенттіктің Қоғамдық қабылдау бөлмесіндегі консультациялардың нәтижелері және қабылданған шешімдер туралы анықтама түрінде.
Қадағалау субъектілерінің қызметінде өзекті және жүйелі проблемалар анықталған кезде заңнаманы жетілдіру немесе Өтініш берушілердің шағымдарын тудырған осындай себептердің алдын алу үшін іс-шаралар өткізу бойынша ұсыныстар.
27. Жауапты бөлімше Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінен алынған мәліметтер негізінде тоқсан сайын, Регламентке 2-қосымшаға сәйкес талдамалық анықтама қалыптастырады.
Талдамалық анықтама Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін талдау нәтижелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының басшысына ұсынылады (____ 2022 жылғы № ___бұйрықпен бекітілген).
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесінде
жауапты бөлімшелер басшылығының 2022 жылға арналған
жеке қабылдау кестесі
№ п/п |
Аты-жөні |
Лауазымы |
Қабылдау күні |
1. |
Александр Леонидович ТЕРЕНТЬЕВ
бірлесіп (жолданымдар келіп түскен кезде):
Аскар Илашбекович АБДУГАПИРОВ
Алмабек Хайруллаевич ЖАНБЕКОВ
|
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті
Банктерді реттеу департаментінің директоры; Бағалы қағаздар нарығы департаменті директорының орынбасары
|
әр айдың бірінші және үшін сейсенбісі 10.30-дан 12.30-ға дейін |
2. |
Әсел Молдағалиқызы ӘМІРБАЕВА
|
Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаментінің директоры |
әр айдың үшінші бейсенбісі 15.30-дан 17.00-ге дейін |
Қабылдауға жауапты - Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Абдукадыр Филатов, байланыс деректері + 7,727 237 13 61 e-mail: Abdukadyr.Flatov@finreg.kz.