
Шортанды ауданы Ақмола облысының орталық бөлігінде орналасқан. Солтүстігінде Ақкөл ауданымен, шығысында Ерейментау, оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде Целиноград және батысында Астрахан ауданымен шектеседі.
Аудан орталығы - Шортанды кенті, Нұр-сұлтан қаласынан 60 км жерде орналасқан. Дамса өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Шортанды кенті Нұр-сұлтан-Петропавл темір жолы және Нұр-сұлтан-Көкшетау асфальтталған жолымен байланысты. Ауданның жалпы көлемі 467,6 мың га құрайды.
Шортанды ауданы Ақмола облысының негізгі ауыл шаруашылық өңірлерінің бірі болып табылады, оның негізгі бағыты астық өндірісі. Ауыл шаруашылығының айтарлықтай әлеуеті тамақ өнеркәсібінің дамуына ықпал етеді. Ауданда Алтын мен құрамында алтын бар кенді өндіру және өңдеу бойынша "Жолымбет" ірі кен орны бар. Облыс бойынша өндірістің жалпы көлеміндегі алтын өндірудің едәуір бөлігі өңірдің үлесіне тиесілі. Ауданда пайдалы қазбалар кен орындарының болуы құрылыс материалдары өндірісінің дамуына себепші болады.