Лого проекта

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Отбасын қолдау орталықтары

Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Шортанды ауданының отбасыларды қолдау және сүйемелдеу жөніндегі орталығы» өмірлік қиын жағдайға тап болған әрбір отбасына психологиялық, әлеуметтік және заңгерлік көмек көрсету, белсенділікке ынталандыру, өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі қамтамасыз ету бойынша жұмыс, көп балалы, аз қамтылған және толық емес отбасылармен отбасылық бизнесті және басқа да кәсіпкерлік қызметті ашу бойынша кеңес беру.

Орталық отбасыларға «бір терезе» қағидаты бойынша консультациялық қызметтер кешенін ұсынады:

1) отбасылармен жұмыс бағытын белгілеу және отбасымен жұмыс істеудің жеке жоспарын жасау;

2) мемлекеттік қызметтер және әлеуметтік көмек алу мәселелері бойынша отбасыларға консультациялар беру, жан-жақты қолдау көрсету үшін тиісті мемлекеттік органдарға жолдау;

3) өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға психологиялық қолдау, кеңес беру;

4) өз ісін ашу, қаржылық сауаттылық мәселелері бойынша отбасыларға кеңес беру және қолдау көрсету;

5) өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдер мен басқа да адамдардың, отбасылардың кәсіпкерлік бастамасын қалыптастыруға бағытталған оқыту бағдарламаларын, шеберлік сыныптарын, басқа да іс-шараларды өткізу;

6) қамқоршылық мәселелері бойынша кеңес беру, бала құқықтарын сақтау;

7) отбасыларға, оның ішінде некені бұзу, кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу және т. б. туралы талап арыздар жасау арқылы заңгерлік қызметтер көрсету;

8) сот бұйрықтарының атқару парақтарын өндіріп алуға, оның ішінде кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы өтініш жасау тәртібі бойынша консультация беру;

9) отбасыларды медиативтік қолдау және басқа да қызметтер.

 

Сонымен қатар, орталық отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастырады және өткізеді.

ҚР АҚДМ жоспарына және «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының іс-шаралар мен көрсеткіштер тізбесінің 24-тармағына, сондай-ақ Ақмола облысы әкімінің орынбасары А. А. Тайжановтың 2023 жылы 19 қыркүйектегі «2025 жылға дейін Отбасын колдау орталықтарын ашу жоспарына» сәйкес, облыс бойынша 15 орталық ашылады (2024 ж. – 5, 2025 ж. - 10).

Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Шортанды ауданының отбасыларды қолдау және сүйемелдеу жөніндегі орталығы» КММ Шортанды к., Құлагер к., 29 үй (ХҚКО ғимараты), мекен-жайында орналасқан, жұмыс нөмірі 2-00-24. Жұмыс кестесі сағат 09.00 – 18.30, түскі үзіліс сағат 13.00-14.30.

Документы
Новости
Полезные материалы
Отбасын қолдау орталықтары
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы