Аудан әкімінің ұстаздар күнімен құттықтауы

Аудан әкімінің ұстаздар күнімен құттықтауы

Құрметті ұстаздар, білім беру саласының қызметкерлері мен педагогикалық еңбек ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұстаз — келер күннің ұстасы. Балалардың қалыптасып келе жатқан дүниетанымының, өмірге деген көзқарасының иесі. Біздердің бүгінгі болмысымыз әліппені жаттатқызып, қолға қалам ұстатқан кешегі ұстаздарымыздың еңбегі. Ендеше, ұрпағымыздың ертең қандай адам болып өсетіні — мұғалімдердің бүгінгі еңбегінің жемісі болмақ.

«Ұлттың ұлағаты — мәдениетте, мәдениеттің ұлағаты — оқу мен әдебиетте», — деген екен Ахмет Байтұрсынұлы.
Сіздердің игі еңбектеріңіз қоғамда құрметке ие, ол жоғары кәсібилікті, орасан зор рухани күш-жігерді, даналықты, шыдамдылық пен жігерді талап етеді. Бүгін отандық білім беруді дамыту мемлекеттік саясаттың маңызды басымдылықтардың қатарында тұр. Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан мұғалімдердің ата-анадан кейінгі атқарар рөлі ерекше, Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы - білімді адам.

Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Оқиға күні

02 қазан 2022

Оқиға түрі

Құттықтау