Өңірлік кадр резервіне құжаттарды қабылдау

Өңірлік кадр резервіне құжаттарды қабылдау

Ақмола облысының кадрлық комиссиясы Ақмола облысының өңірлік резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды.

Өңірлік резервке қабылданатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:

1) Қазақстан Республикасының азаматтылығы;

2) құжаттарды тапсыру сәтінде жасы отыз бес жастан аспаған;

3) жоғары білімі болуы;

4) үш жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.

Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) индустрия және өнеркәсіп;

2) экономика және қаржы;

3) әлеуметтік сала;

4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;

5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;

6) цифрландыру.

Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады.

Құжаттар электрондық пошта арқылы немесе мына мекенжай бойынша қабылданады: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 87, (3-қабат).

Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде берген кандидаттарда онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) тіркеліп құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ 2024 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей жүктейді.

Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді (onir.pkrezerv.gov.kz) онлайн-платформадан, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің www.qyzmet.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік парақшаларында @elgeqyzmet.aqmola, @aqmola.onir.rezerv.kz және келесі телефондар арқылы: (8-7162) 51-81-32, 51-81-17 алуға болады.

Басталу уақыты

03 қаңтар 2024

Соңғы күні

31 наурыз 2024

Оқиға түрі

Хабарландыру