

Негізгі міндеттері - сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты жүргізу, облыс аумағында сәулет және қала құрылысы қызметін мемлекеттік реттеу әдістерін әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындау, Қазақстан Республикасында сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша Мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау. Бұдан басқа, бағалы сәулет-қала құрылысы мұрасын сақтауды, сәулет пен қала құрылысындағы ұлттық және мәдени дәстүрлерді дамытуды ескере отырып, қонысаралық аумақтар мен елді мекендерді игеру мен орнықты дамытудың басым бағыттары бойынша өңірлік бағдарламаларды әзірлеу.