«АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» - нақты істер жобасы
«АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» - нақты істер жобасы
«АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» - нақты істер жобасы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жұмысты, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды белсендету арқылы жүзеге асыру қажеттілігін атап өткен еді.
Осыған орай, 2019 жылдың басынан Қазақстанның әр өңірінде «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалары жүзере асырылуда. Ақмола облысында аталмыш игі іс «АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» деген атпен өз бастауын алды.
Осы жоба қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі тұрмыстық жемқорлықты жою және ақмолалықтарға қолайлы жағдай жасау болып табылады.
Көздеген мақсаттарға жету үшін сыбайлас жемқорлыққа әкеп соқтыратын тәуекелдерді анықтап жою, бизнес процесстерді оңтайландыру, бюрократиялық кедергілерді болдырмау, мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік органдарға жүгінушілерге қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттік қызметтерді үйлестіру барысында мемлекеттік қызметшілердің халықпен тікелей қарым-қатынастарын азайту мақсатында процедураларды автоматтандыруға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылатын болады.
Аталмыш іс-шаралар білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету, сәулет, құрылыс және тұрғын-үй шаруашылығы, жер қатынастары, мемлекеттік кірістер органдары мен сот және құқық қорғау органдарын қамтитын болады, ол өз ретінде осы салаларда ашықтық пен халықтың ақпаратқа толықтай қол жетімділігін қамтамасыз етуге оң ықпалын тигізеді деп күтілуде. Сонымен қатар, жоба аясында қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына бой алдырған жағдайда бірінші басшылардың дербес жауапкершілігін арттыру мәселесі қолға алынбақ. Бір сөзбен айтқанда, аталмыш жоба халықты мазалайтын мәселелерді шешуге бағыттылған нақты істер жобасы болмақ.
«АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» жобасы қызметінің тағы бір маңызды бағыттарының бірі - қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға қолайлы жағдау жасау болып табылады. Осы мақсатта, Ақмола облысының интерактивті қоғамдық бақылау картасын енгізу және мемлекеттік сатып алуларға жүйелі мониторинг жүргізу жоспарланған.
Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы алғашқы рет өткен жылы Астана қаласының негізінде қолданысқа енгізілген болатын. Ол нақты уақыт режимінде әлеуметтік нысандарды салу, жөндеу және күтуге бөлінген бюджет қаражаты туралы толық мәліметтерді халыққа қол жетімді әрі түсінікті етіп көрсетеді. Кез келген адам осы процесстерді тәулік бойы бақылай алады, құжаттармен салыстырып, сәйкессіздіктер туындаған жағдайда тиісті фотолар мен бейнематериалдарды тіркей отырып, уәкілетті органға хабарлай алады.
Сонымен қатар, publicbudget.kz ресурсы жұмсалған қаражатты автоматты түрде талдайды және ұқсас объектілермен салыстырады. Шамадан тыс асып кету немесе шығындарды азайту жағдайында жүйе қауіп-қатер аймақтарын көрсетеді, осылайша қоғамдық бақылауды автоматтандырады. Оған қоса, мәліметтерді сараптау, мемлекеттік орган басшыларының белгілі бір мердігерлермен ғана жұмыс жүргізуі және тек сол мердігерлердің тендерлерде жеңімпаз атануы жағдайларындағы командалық ауысулардың алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жүйе мердігерлердің жұмыс сапасын бағалауға және ұсыныстар жолдауға ғана емес, сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу кезінде бір қатысушының бірнеше рет жеңімпаз атануы жағдайларын анықтауға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, жоба ұсынып отырған қоғамдық бақылаудың аталмыш картасында мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыру және ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдету жөнінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтып өткен бастамалары толық көрініс тапқан.
Сыбайлас жемқорлық, құндылықтар құрдырауы салдарынан, яғни қоғамдық санада материалдық қажеттіліктердің рухани құндылықтардан басым түсуі жағдайнда орын алатынын ескере отыра, жоба қызметінде Ақмола облысы тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру жұмысы маңызды роль атқарады. Осы үшін «АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» жобасы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, әрі оның алдын алу тек құзыретті органның ғана қызметі емес, әрқайсымыздың азаматтық позициямыз екенін әр ақмолалықтың санасына жеткізу мақсатын көздейді. Заңсыз жеке мүдделерді қорғау, трайболизм немесе сыйлық, пара беру арқылы мәселелерді шешуге тырысудан бас тарту қажет.
Осыған орай, «АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» жобасы халықпен үздіксіз қарым қатынас жасауды, өзекті мәселелерді бірге талқылап ортақ шешім табуды көздейді және ақмолалықтарды жобаны жүзеге асыруға белсенді ат салысуға щақырады. Ол үшін жобалық кеңсеге +77774750744 номері бойынша (What’s app, Viber, Telegram) хабарласуға, немесе a.bekakhmetova@kyzmet.gov.kz электрондық поштасына мемлекеттік қызметтер алу кезінде бизнес процесстерді қысқартуға, немесе мемлекеттік органдардағы бюракратиялық процедураларды азайтуға бағытталған ұсыныстарыңызды және тұрмыстық жемқорлық мәселелері бойынша хабарламаларыңызды жолдауға болады.