Жалпы ақпарат

Әкімдік туралы

      Аудан 1928 жылы құрылған. Аудан аумағы 12,4 мың шаршы шақырым. Үржар ауданы облыстың оңтүстік-шығыс бөлігінде, Тарбағатай тауларының оңтүстік етегінде орналасқан.  Аудан орталығы Үржар ауылында 17 095 халық тұрады. Ауданның елді мекендерінің аудан орталығына дейінгі ара қашықтығы 5-тен 100 шақырымнан артық.

     Аудан орталығының облыс орталығына дейінгі ара қашықтығы 500 шақырымнан астам, жақын теміржол станциясы Аягөз қаласына дейін 170 шақырым. Үржар ауданының әкімшілік-аумақтық құрамындағы 16 ауылдық округте 35 елді мекен бар.
Табиғат - ауа райы тұрғысынан алғанда Үржар ауданы теңдесі жоқ өңір болып табылады. Онда дала, шөлейтті және тау  ландшафттары қатар орналасқан.
Ауданның көлік кешені келесі байланыс  түрін қамтиды: автомобиль және әуе жолдары.

 

Қызмет бағыты