Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры туралы

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы (БЖЗҚ) 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғамы негізінде құрылды. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» мемлекеттік мекемесі арқылы БЖЗҚ-ның құрылтайшысы әрі акционері болып табылады. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

БЖЗҚ зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды, салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды, сондай-ақ зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беруді жүзеге асырады.

Қазіргі таңда БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару жүйесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен қатар инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) да қатысуын қамтамасыз етеді. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ИПБ зейнетақы активтерін тәуекел деңгейі, кірістілігі және инвестициялау мерзімі сияқты өлшемшарттарға сәйкес қалыптастырылатын инвестициялық портфельдер арқылы сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады.

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен инвестициялық портфельді басқарушылардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 28,08 трлн теңгені құрады. Оның ішінде МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған және Ұлттық Банктің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 26,79 трлн теңге болды.

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қазақстандықтардың БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының көлемі 25,97 трлн теңгеден асты. 2025 жыл ішінде жинақтар көлемі 3,18 трлн теңгеге немесе 13,9%-ға өсті.

Зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесінде де салымшылардың жинақтары өсуде. 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 2014 жылдан бері жинақталған таза инвестициялық кіріс 11,15 трлн теңгеден асты. Оның зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі жүргізілген төлемдерді ескере отырып 41,4% болды.

БЖЗҚ инвестициялық қызметтің ашықтығын арттыру мақсатында 2026 жылы зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға арналған invest.enpf.kz бірыңғай интернет-платформасын іске қосты. Платформада инвестициялық портфельді басқарушылар, олардың инвестициялық стратегиялары және зейнетақы активтерін басқару нәтижелері туралы ақпарат ұсынылады.

Салымшылар заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес зейнетақы жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігін пайдалана алады. Міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтардың 50%-на дейін, ал ерікті зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін ИПБ басқаруына беру мүмкіндігі қарастырылған.

БЖЗҚ туралы толық ақпаратты, зейнетақы жинақтарының ағымдағы көрсеткіштерін және инвестициялық қызмет туралы мәліметтерді Қордың ресми сайтынан алуға болады: www.enpf.kz.

Документы
Басқа
13 июля 2026
«Ұлттық қор - балаларға»: 62,7 млн АҚШ доллары тұрғын үйге және білім алуға жұмсалды
Ақпарат
20 февраля 2025
«БЖЗҚ» АҚ өз салымшылары үшін цифрлық форматта тағы бір жаңа қызмет енгізді
Ақпарат
11 февраля 2025
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы іске асырыла бастаған 12 ай ішінде «БЖЗҚ» АҚ жас отандастарымызға 6,30 млн АҚШ долларын аударды
Новости
Полезные материалы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
"Ашық есік күні"
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы